Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«БІЗ ЖЕҢІСТІҢ ІЗБАСАРЛАРЫМЫЗ»

24.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ұйымдастыруымен «Біз Жеңістің ізбасарларымыз» атты әскери—патриоттық эстафета жүргізілуде. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында 1941 жылдың 15 желтоқсанында құрылған 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесі еліміздің әр өңіріне жеткізіліп, салтанатты түрде табыс етілуде. Аталмыш тудың көшірмесін табыс етудің салтанатты рәсімі Семей қаласында да өтті.

{jcomments on}Орталық алаңда өткен салтанатты шараға қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев, соғыс ардагері Петр Коломин, Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Боранбай Бегатов және «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының сардарлары мен сарбаздары, Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» ерлер лицейінің оқушылары қатысты. Шара барысында алғашқы болып сөз алған соғыс ардагері Петр Коломин:

— Ту символын сақтау – ерліктің, намыстың, батырлықтың белгісі. Сондықтан оны сақтай отырып, көкте желбіретіп, тек қана алға қадам басу керек. Біз де соғыс кезінде осындай туымызды биікте ұстап, рухымызды оятып, басымызды қатерге тіктік. Міне, соның арқасында Жеңіске жеткен болатынбыз. Небір шайқасты аралап өткен тудың көшірмесі біздің қаламызға да келіп жеткен екен. Мұндай маңызды шараның өтуі ерлікке деген тағзымның белгісіндей, — деді өз сөзінде.

 

Өз кезегінде сөз алған Боранбай Бегатов та аталмыш шараның өткізілуімен және Жеңістің 70 жылдығымен барша жиналғандарды Ауған соғысы ардагерлерінің атынан құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

 

Айта кету керек, 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлері Сталинградтан Прагаға дейінгі жерде өмірлерін қатерге тігіп, ерлік көрсетіп, өздерінің туын желбіретіп жүріп өткен. Ресми ақпараттарға сүйенсек, 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 18 мыңнан астам сарбаздары мен сардарлары түрлі орден — медальдармен марапатталған. Ал олардың 30-дан астамы Кеңес Одағының Батыры атанған. Сұрапыл соғыс уақытында жауынгерлерді ерлікке бастаған тудың көшірмесін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің командирі подполковник Қанат Есенболатов 6699 әскери бөлімінің командирі майор Бауыржан Барышевтан салтанатты түрде қабылдап алды. Аталмыш тудың көшірмесін желбіреткен сардарлар мен сарбаздар әскери оркестрдің сүйемелдеуімен сап түзеп, Орталық алаңды жүріп өтті.

Әскерилердің мәліметінше, 2015 жылдың 10 қаңтарында қол қойылған «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы» туралы Заңында: “72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірме нұсқасы елордадағы ҚР Ұлттық ұланының жедел бригадасының мұражайында мәңгілік сақталсын” деп көрсетілген екен. Енді еліміздің ірі қалалары мен аудандарында болған соң аталмыш тудың көшірмесі 9 мамыр күні Астана қаласында Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты шеруде желбірейтін болады.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС