Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕТ ӨҢДЕУ КОМБИНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

24.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының ежелден жеңіл өнеркәсіптің орталығы болғаны белгілі. Алдағы уақытта да бұл сала қайтадан жандана түспек. Кеше қала әкімі Айбек Кәрімовтің қатысуымен «AGRO PORTAL» ЖШС Қазақстан — Иран компаниясының инвестициялық қаржысына салынатын ет өңдеу комбинатының құрылыс жұмыстарының ашылу салтанаты болды.

{jcomments on}Би Боранбай, 96 мекенжайында орналасқан «Өндіріс» кәсіпкерлікті дамыту индустриялық аумағының маңынан қала әкімінің қолдауымен ет өңдеу комбинатының құрылыс жұмыстарына арнайы жер бөлінген. Аталмыш ет комбинатының өндірістік қуаттылығы «Халал» технологиясы бойынша тәулігіне 400 бас ірі қара малдың еті мен 2000 бас ұсақ малдың етін өндіруге, жалпы, жылына 7 мың тонна ет консервісі мен 7 мың тонна шұжық өнімдерін өндіруге қауқарлы болмақ. Ет өңдеу комбинатында 250 жаңа жұмыс орны ашылса, онда, негізінен, жергілікті халық жұмылдырылады деп күтілуде.

Салтанатты шараға қала маңындағы ауылдық округтердің әкімдері мен шаруа қожалықтардың басшылары қатысты. Шара барысында қала әкімі Айбек Кәрімов алғашқы болып сөз алды.

— Ет өңдеу комбинаты жұмысын бастаған соң, етті өткізетін тұрақты орын болады. Қаладағы ет өңдеу комбинаттарының арасында бәсекелестік те орнайды. Тұрақты ет өткізетін орын болса, малдың басы да көбейеді. Бұл тұрғыда  әсіресе ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін береді. Сонымен қатар ет өңдеу комбинаты жұмысын бастаған соң, қаладағы былғары-мех комбинатының да жұмысы қарқынды жүргізіле түседі. Қаламызда тағы бір ірі өндіріс орны пайда болса, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына да үлкен әсер етеді. Сондай-ақ ирандық инвесторлар ет комбинатының маңынан тұрғын үйлердің де құрылыс жұмыстарын жүргізетін болады. Жерді құнарландырумен айналысып, өсімдік өсіруді де қолға алмақ, — деген Айбек Мүталапханұлы сөз соңында шетелдік инвесторлардың жұмысына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде «AGRO PORTAL» ЖШС-нің бас директоры Шакарчи Амир Хоссейн Ядоллах:

— Жақында екі ел президенттері Астанада Қазақстан мен Иран мемлекеттері арасындағы бірқатар келісімшарттарға қол қойған болатын. Екі ел арасындағы әріптестік байланыстың дамуына, шетелдік инвесторларға зор мүмкіндік жасағаны үшін, ең алдымен, Мемлекет басшысына алғысымыз шексіз. Сонымен қатар біздің инвестициялық жобамызға қолдау көрсеткені үшін, ШҚО әкімі Даниал Ахметовке, Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімовке үлкен рақмет айтамыз. Жалпы, қазақ халқының қонақжайлығына тәнтіміз. Алдағы уақытта да екі ел арасындағы әріптестік байланыс нығая түседі деген сенімдеміз, — деді.

 

Ал құрылыс компаниясының президенті Хассани Назарободи Дабок та екі ел арасындағы байланыстың нығайып, үлкен істердің басталып жатқанына өзінің ризашылығын білдірді.

 

Ет өңдеу комбинаты құрылыс жұмыстарының ашылуы барысында арнайы лентаны Айбек Мүталапханұлы мен Шакарчи Амир Хоссейн Ядоллах салтанатты түрде қиғаннан кейін, ет комбинатының таныстырылымы болды. Одан кейін қала басшысы мен ирандық инвесторлар жаңа ет комбинатының құрылыс жұмыстарының басталған сәтін тамашалады.

Айта кету керек, ет өңдеу комбинатында ешқандай қалдықсыз өндіру қолға алынады.  төрт түліктің тұяғы сияқты және басқа да қалдықтардың барлығы пайдаға жаратылмақ. Ет консервілері мен шұжық өнімдерімен қатар, үй жануарларының қорегі де өндірілмек. Жалпы, 4550,0 млн. теңге тұратын жоба 2015-2017 жылдары іске асырылатын болады.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС