Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚЫЗЫЛ ЖҰЛДЫЗ ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ

28.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің Қарауыл ауылындағы филиалында соғыс және еңбек ардагері, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Дінсләм Арғынбековке арналған «Еңбегін ел таныған майдангер» атты еске алу кеші болып өтті. Шара барысында мұражай қызметкерлері адамзат тарихындағы сұрапыл соғыста майдан даласында қаза тапқан боздақтардың аманатын арқалап елге дін аман оралған соғыс ардагері жерлесіміз  Дінсләм Арғынбекұлының өмірі мен майдан даласындағы ерлік жолы жайлы баяндап, бейбіт заман орнағаннан кейінгі атқарған еселі еңбегі турасында кең көлемді ақпарат беріп өтті.

{jcomments on}Шыңғыстау өңірінің тумасы Дінсләм Арғынбекұлы 1924 жылы қарапайым еңбек адамдары Арғынбек Тәңірбергенұлы мен Кәмила Жігітекқызының шаңырағында дүниеге келген. Ол 2 ұл, 5 қыздың үлкені, отбасының тұңғышы еді. Соғыс басталып, ел басына күн туған зобалаң шақта, небары 18 жастағы Дінсләм Арғынбекұлы 1942 жылы тамыз айында әскер қатарына алынады. 41 жастағы әкесі Арғынбек те майданға аттанады. Дінсләм Арғынбекұлы Алматыдағы 1 жылдық офицерлік училищеге түсіп, 6 ай оқиды. Училищені бітіруге мүмкіндік болмай, сержант, аға сержант атағын алған курсанттар 1943 жылы ақпан айында бір пойызбен Сталинград түбіндегі соғысқа жіберіледі. Дінсләм Арғынбекұлы одан кейін ІІІ Украина майданына Харьков маңына түседі. Ол өзінің көзі тірісінде жазған естелігінде былай дейді: «Мен Дон өзенінің маңындағы соғысқа алғашқы рет 1943 жылдың сәуір айында кірдім. Онда мен 72 оқпен атылатын қол пулеметші едім. Содан бастап Воронеж, Орлов, Курск майдандарында соғыса жүріп, 2-3 рет жеңіл жараландым. 20-30 күндей емделіп, қайтадан қатарға қосылдым. 1943 жылы қыркүйек айында 3 мәрте ауыр жараланып, Днепропетровск госпиталінде 6-7 ай емделіп, сауығып, қайтадан соғысқа бару үшін жолдама алдым».

Дінсләм Арғынбекұлы 1944 жылы мамыр айында Одесса қаласындағы артиллериялық бөлімге қабылданып, танкіге қарсы жасырын түрде алысқа ататын 76 мм зеңбіректің атушысы мамандығын 4-5 ай оқып үйренген. 1944 жылдың күзінде жауға аяусыз соққы беріліп, мықты бекіністері бұзылып, Болгария, Румыния, Югославия, Венгрия, Австрия мемлекеттері азат етіледі. Дінсләм Арғынбекұлы кезекті бір ша-буыл  жайлы былай баяндайды: «Будапешт қаласының маңында болған кезекті бір шайқаста жау бекінісі мықты болды. Осы бетпе-бет келген қоян-қолтық соғыста мен жаудың 1 танкісін, 1 бронетранспортерін, 2 пулеметін, 3 автомашинасын жойып, 80-ге жуық солдат пен офицерін оққа ұшырдым. Содан кейін жау бізді қоршап алды. Сол түні біздің полк амалын тауып жаудың шебін бұзып шығып, 40-50 шақырымдай артта қалған дивизияға таң ата келіп жеттік. Біздің полк жеті күннен кейін қайта құрылды. 1945 жылдың 13 ақпанында Венгрияның астанасы Будапешт қаласы және Австрияның орталығы Вена қаласы жаудан толықтай азат етілді. Вена қаласына 20-30 шақырым қалғанда, жаудың 1бронетранспортерін және 8-9 адамын өртеп жібердім. Берлинге 70-80 шақырым қалғанда, 1945 жылы 9 мамырда соғыс бітіп, фашистік Германия тізе бүкті».

 

Вена қаласын азат ету жолындағы жоғары әскери дайындығы үшін Дінсләм Арғынбекұлы 1945 жылы 13 сәуірде Сталиннің № 334 бұйрығымен полковник Леоновтың қолынан алғыс хат алады. Дінсләм Арғынбекұлы Отан қорғауда танытқан өлшеусіз ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталғандығы жөнінде айтылып, ауылдағы ата-анасы Арғынбек Итемгенов пен Кәмила Итемгеноваға алғыс жолданды. 92 416 дала поштасынан жолданған алғыс хатта бөлім командирінің мөрі және майор Концевич пен комсорг Петрушиннің қолы қойылып: «Біздің басшылық және комсомолдық ұйым сіздердің перзенттеріңіздің табыстарымен мақтанады. Сіздерге осындай ержүрек ұл тәрбиелегендеріңіз үшін, алғыс білдіре отырып, бұдан кейінгі шайқастарда да сіздердің балаларыңыз Дінсләм ержүректілік пен табандылық танытады деп сенеміз»,- деп жазылған.

 

Дінсләм Арғынбекұлы соғыстағы ерліктері үшін Қызыл Жұлдыз, Даңқ ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Жас майдангер Дінсләм Арғынбекұлы  1946 жылдың     22 сәуірінде елге қайтқан.

Бейбіт күн орнаған шақта елге оралған Дінсләм ата 1946 жылдың маусым айынан бастап еңбекке араласып, 1952 жылы аудандық ДОСААФ мекесінің төрағасы болып, 1952 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық қаржы бөлімінде абыройлы еңбек атқарады. Өзінің ел игілігі жолындағы еңбегі үшін Кеңес Одағы Қаржы министрлігінің «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталады. Адиша Төлеубайқызымен бірге шаңырақ көтеріп, алты перзент сүйеді.

Еске алу кешіне Дінсләм Арғынбек-ұлының балалары, туыстары, замандастары, баспасөз өкілдері және мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Алдыңғы толқын ардагерлеріміз және кеш қонақтары, көзі тірі болғанда, 91 жасқа толатын есіл азамат Дінсләм Арғынбекұлы жайлы жарқын естеліктерімен бөлісті. Ардагерлер, аға ұрпақ өкілдері М.Түңлікбаев, Ш.Несіпбай, Б.Бейсен-баев, Т.Жанғалиев, М.Рақышев, Қ.Нұрғалиева, М.Мұқанов, Ф.Слямбековтер майдангердің азаматтық қырлары жайлы сырлы әңгіме тиегін ағытты. Қарт ақын С.Ысқақ өзінің Дінсләм Арғынбеков рухына арнаған жасын жырын оқыды. Сондай-ақ Ж.Кәрменов атындағы саз мектебінің өнерпаз шәкірттері өз өнерлерін ұсынды. Еске алу кешінде соғыс ардагері Д.Арғынбекұлы жайлы қараса көз тоятын көрме ұйымдастырылып, бейнематериал көрсетілді. Кеш соңында әкенің  өсиетін, ананың өнегесін жалғап, әулетінің түтінін түзу шығарып, ұрпақтар сабақтастығын жал-ғап отырған ұрпақтарының атынан кештің өтуіне мұрындық болған азамат Нысанбек Дінсләмұлы сөз сөйлеп, мұражай ұжымына алғыс білдірді. Еске алу кешін қорытындылаған филиал меңгерушісі М.Жүнісжанов майдангер әкесіне ар-налған кешті өткізуге үлес қосқан Нысанбек Арғынбековке алғыс хат тапсырып, сый-сияпат жасады.

Бұлбұл ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

7 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

7 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС