Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА МЕРЕЙГЕ БӨЛЕДІ

28.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Жеңістің 70 жылдық мерекесін зайсандықтар да лайықты деңгейде қарсы алуда. От пен оқтың ортасынан оралған майдангерлер мен тылдағы ауыр еңбек арқылы еліміздің сол бір күнге жетуіне елеулі үлес қосқан жандар арамызда жетерлік. Ал оларға лайықты құрмет көрсету – перзенттік парызымыз.

{jcomments on}Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік медальді кеуделеріне тағып,  Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған куәлікті қолына алған майдангерлер мен тыл ардагерлерінің мерейі бір көтеріліп қалды.

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залына жиналған қауым бұл күні ерекше көтеріңкі көңіл-күйде болды. Олардың барлығы да жалынды жастық шақтарын 1941-1945 жылдардағы соғыстың отты кезеңіне арнап, тылдағы тіршіліктің бел ортасында қайсарлық пен табандылықтың үлгісін көрсеткен аға ұрпақтың өкілдері.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген салтанатты жиынды аудан әкімі Алмас Оңдақанов алғы сөзбен ашты. Алмас Аманқолұлы өз сөзінде майдангерлерді, тыл ардагерлерін келе жатқан 9 Мамыр  Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтап, көкірегі шежіреге толы қарияларға, ақ жаулықты әжелерге ақ тілегін арнады.

 

Салтанатты жиынға қатысқан аудандық мәслихат хатшысы Дәулет Ыдырышев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұқан Мырзаханов, Зайсан қаласының әкімі Долдан Тожыбаев та өз лебіздерін білдірді.

 

Шара барысында республикалық, облыстық айтыстардың жүлдегері, ауданның бас ақыны Қазыбек Сейілқановтың қазақтың қара домбырасымен төгілдірген жыр шашуы тарих парағына қатталған уақыттың шынайы көрінісін көз алдыға әкеліп, қариялар көңілін тебірентті.

Осыдан соң аудан әкімі Алмас Аманқолұлы, аудандық мәслихат хатшысы Дәулет Нұрқанұлы, қала әкімі Долдан Ыбырайұлы залдағы тоқсаннан астам ардагердің қолын қысып, әрқайсысын Елбасының атынан құттықтап, кеуделеріне Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік медаль тағып, Президенттің қолы қойылған куәлікпен бірге, ескерткіш сыйлықтарды да қоса тапсырды.

— Елбасының сындарлы саясаты мен көреген  басшылығының арқасында көпұлтты Қазақстан мемлекеті бүгінде күллі әлемге танылып отыр. Аспанымыз ашық, іргеміз тыныш болсын, бейбіт заманның қаймағына қылау түспесін, басты тілегіміз — еліміздің, жеріміздің амандығы. Мен сияқты осы залда отырған аға ұрпақтың өмірі қасірет пен ауыртпалыққа толы болды. Жалынды жастығымызды Отанды қорғауға арнап, қолымызға қару ұстадық. Елбасына, облыс, аудан әкімдеріне мың мәрте алғыс. Құрмет көрсетіп, жағдайымызды жасап келеді. Аудандағы барлық майдангерлер қазір тұрмысқа қолайлы баспанамен қамтылған. Бүгін мемлекеттік наградаларымыздың қатарына тағы бір медаль қосылып жатыр. Осының бәрі мен сияқты соғыс және еңбек ардагерлеріне көрсетілген зор ілтипат пен үлкен құрметтің белгісі, — деді ағынан ақтарылған зайсандық қарт жауынгер Зәкен Құрманғожанов.

Салтанатты жиыннан кейін аудан әкімі Алмас Оңдақанов бастаған топ Зайсан қаласының тұрғыны, ұлағатты өмірін жас жеткіншектерді тәрбиелеуге арнаған  Бикамал Рақымбаеваның шаңырағында болып ақ жаулықты әжемен жүздесті. Елбасының атынан тыл ардагерінің кеудесіне «Жеңіске 70 жыл» мерекелік медалін тағып, арнайы сыйлықтарын тапсырды.

— Менің замандастарымның жастық шағы қиын-қыстау кезеңнің арпалысымен өтті. Жоқшылықты да, ауыртпалықты да көріп, соған төзімділік танытып есейген ұрпақпыз. Бүгінгі Мемлекет басшысының атынан кеудемізге тағылған медаль — еңбегімізге берілген әділ баға, тыл ардагерлері үшін бұдан асқан бақыт бар ма!? Енді бейбіт өміріміздің аспаны  ашық болсын, баршаңызға көп рахмет, — дейді Бикамал әжей.

Сонымен қатар осы күні аудан әкімі Алмас Оңдақанов, аудандық мәслихат хатшысы Дәулет Ыдырышев, қала әкімі Долдан Тожыбаев соғыс және еңбек ардагерлері, қарт жауынгерлер Николай Тимофеевич Гуляевпен, Александр Николаевич Сергеевпен жүздесіп, олардың кеудесіне мерекелік медальдарды тақты.

Ардақты БӨЛДЕКБАЕВА,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

7 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

7 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС