Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КӨПТІ КӨРГЕН КӨНЕКӨЗ

28.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Бүгінде қан майданды көзімен көрген соғыс ардагерлерінің қатары, уақыт өткен сайын, азая түсуде. Солардың бірі — Ерназар ауылдық округінің тұрғыны Анатолий Жұртыбаев. Анатолий Омарұлы 1919 жылы дүниеге келген. 95-тің төріне шыққан көпті көрген көнекөз қария сұрапыл соғыс жайлы балаларына әңгімелеп айтып отырады.

{jcomments on}Майданға 22 жасында Алтай өлкесінің Углов ауданы Симоновка ауылынан аттанған ол алдымен Черников қаласында арнайы әскери оқу-жаттығулардан өткен. Майдангер алғашында Белоруссияның Житомир қаласын қорғауға қатысқан. Бұдан кейін 1941 жылдың қыркүйегінде келесі шабуылға тойтарыс беру үшін Брянск орманына бет алған бойда қолынан жараланған ол Курск қаласындағы госпитальға түседі. Сол жерде емделіп, сауығып шыққан жас жігіт Тула, Калинин, Смоленск, Солнечногорск  қалаларында өткен шайқастарға қатысқаннан кейін Сибирь және Панфиловшылар құрамымен Мәскеу түбіндегі Загорскіге келіп, ол жерде Волокаламск тас жолын қорғауға атсалысады. Ұрыс алаңында 89 — артиллериялық полк, 162-ші ат-қыштар дивизиясының құрамында бөлімше командирі ретінде барлаушыларымен бірге Минск түбіндегі шайқастан олжалы оралғаны үшін Анатолий Жұрты-баев ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталады. Майдангердің ерлігі мұнымен шектелмейді. Минск қаласының түбінде өткен тағы бір ұрыста 89 — артиллериялық полк, 3-дивизия командирі капитан А.Совонский екі аяғынан ауыр жараланады, сол сәтте командирін шайқас алаңында қалдырмау үшін барын салып, өзінің де сол аяғынан жараланғанына қарамастан, командирін тиісті орынға жеткізген екен. Осы ерлігі ескеріліп, 1943 жылы Анатолий Омарұлы Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталады. Соғыста жүріп  Отан үшін от кешкен жа-уынгердің бұдан өзге де жанкешті оқиғалары жетіп артылады. Ардагер әсіресе Карпат тауының асуларындағы қанды шайқасты күрсіне еске алады. Қолда бар минометтерді, снарядтарды, кіші колибрлі зеңбіректерді, соғысқа қажетті қару-жарақтарды осы Карпат тауынан санаулы атпен әрі жаяулап алып өту жауынгерлерді қаншалықты азапқа түсіреді,  аттарды үркітпей белгіленген  орынға жету үшін жауға оқ атылмасын деген бұйрық та беріледі, сол сәтте жаудың «Рама» деп аталатын ұшағы қарсыластарының ізіне түсіп, әдейі төмен ұшып, аттарын үркітіп, жауынгерлерді ызаға булықтырған немістердің жиіркенішті түрлерін ойына алған ержүрек қазақ азаматы бұл жолы да батылдық танытып, жаудың ұшағын құлатқанын айтады, осы ерлігі үшін оның төсіне «Ерлігі үшін» медалі тағылады. Дәл осындай медальді екінші мәрте Кенисберг қамалын алуға бағытталған шайқаста танытқан ерекше ерлігі үшін алған екен. Батыр атамыздың бұдан басқа да медальдары  мен ордендері жетіп артылады. Тіпті кеудесінде қаз-қатар орналасқан медальдардың әрқайсысының өзіндік тарихы да бар десе болады. Осылайша, Анатолий Жұртыбаев майдан даласынан алғаш ұрыс алаңына аттанған Симоновка ауылына аман-есен Жеңіспен оралады.

 

Соғыс жылдарын артқа тастап, 1947 жылы Бесқарағай ауданы Долон ауданына қоныстаған  А.Жұртыбаев көп кешікпей жан жары Ақау Құрманбаеваны жолықтырып, шаңырақ көтеріп, 10 перзент сүйеді. Осы күні олардың алтауының көзі тірі. Аяулы жарымен 58 жыл бірге отасып, өмірдің қуанышы мен қайғысын да бірге бөліседі. Ақау Құрманбаева      Сосновка, Долон ауылдарының тынысына етене араласқан өте еңбекқор жан болған деседі. Ке-йіннен тыл еңбеккері атанып,  еңбегі ескерілсе керек.

 

Бүгінгі таңда қазыналы қария қатарынан табылып, әулетіне абырой сыйлаған Анатолий Омарұлы 15 немереден 11 шөбере сүйіп, кенже ұлы Уәлиханның отбасымен бірге бір шаңырақ астында тату-тәтті күн кешуде. Батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың ерен үлгісін көрсете білген, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық жолында от кешкен, болашақ ұрпақ үшін егемен еліміздің азаттығын сақтауға үлес қосып, Отан қорғаушылардың шебінен ойып тұрып орын алған Анатолий Омарұлын Жеңістің 70 жылдығымен құттықтай отырып, деніне саулық, шаңырағына шаттық тілейміз.

Әсел ҚАСЫМҒОЖИНА,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

7 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

7 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС