Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕМІЗ!

28.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Дүйсенбі күні Семейдің Орталық алаңында Қазақстан Республикасы Президенті сайлауындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісіне орай, Жеңімпаздар форумы болып өтті. Қолдарына жалау-ша ұстап, ұрансөз көтеріп шыққан  сайлаушылар барша семейліктерді жеңістерімен құттықтап, «Бір ел, бір тағдыр, бір Көшбасшы», «Тарих таңдаған, халық қолдаған – Н.Назарбаев!» деген жалынды сөздеріне «Нұрсұлтан!», «Нұр Отан!», «Қазақстан!» деп дауыстап үн қосты. Елбасыға дауыс беріп, сенімдері ақталған көптің қатарында ардагерлер де, студенттер де, түрлі сала қызметкерлері, барлық қоғам өкілдері болды.

{jcomments on}Форумды салтанатты түрде ашқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Семей қалалық сайлауалды қоғамдық штабының төрағасы, саяси ғылымдар докторы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Шәріпбек Әмірбеков:

— Құрметті форумға қатысушылар! Күні кеше Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ерекше тарихи күн болды. Себебі Президент сайлауы біздің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты бүкіл халықтық қолдауға қосты. Бұл — Қазақстан тарихындағы ерекше сайлау. Себебі осындай әлемдік дағдарыс жағдайында Қазақстан халқы өзінің Президентімен бірге оның жүргізіп отырған саясатын қолдайтындығын бүкіл әлемге танытты. Кешегі сайлауда бүкіл қазақстандықтар сайлауға белсенді түрде қатыса отырып, Елбасының жүргізіп отырған саясатына, сонымен бірге болашаққа ұсынып отырған бағдарламаларына толық қолдау білдірді. Кеше сіздер бір ауыздан Елбасымызға дауыс бере отырып, қазақстандықтардың Ұлт Көшбасшысы айналасына топтасқанын көрсеттіңіздер. Бұл тұрақтылық, Қазақстанның болашағы үшін дауыс беру болды. Міне, осы сайлауды өткізуге сіздердің баршаларыңыз атсалыс-тыңыздар. Сіздерге көптен-көп рахмет.  Сонымен бірге Президентіміздің жергілікті аймақтағы саясатын жүргізіп, бүкіл бағдарламасын жүзеге асыруға тікелей қатысып отырған Семей қаласының әкімдігі де зор үлес қосты. Мұнымен қатар қалалық, облыстық  мәслихаттар депутаттарына да ерекше алғыс білдіргіміз келеді. Сонымен бірге кешегі саяси науқанда семейліктердің барлығы дерлік сайлауға қатыса отырып, өздерінің азаматтық позициясын білдірді. Сондықтан сіздерге үлкен рахмет. Алдағы жеңістерге жеткенше, осылай белсенділігіміз арта берсін, — деді Семей қалалық сайлауалды қоғамдық штабының төрағасы.

 

Келесіде сөз алған Семей қалалық Достық үйінің директоры Аман Тілеубаев  форумға қатысушыларға бұл сайлаудың Қазақстандағы ынтымақтастық пен бірліктің, Қазақстан халқы Ассамблеясының жеңісі болғанын айтып, жеңімпаздарға жылы лебіз білдірді.

 

— Қазақстан халқы Ассамблеясы кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге ұсыныс жасап, соған байланысты Елбасы Жарлыққа қол қойған-ды. Кешегі сайлауда бүкіл қазақстандықтар, оның ішінде Семей халқы, бұрын — соңды болмаған белсенділік көрсетті. Сондықтан да кешегі сайлау Қазақстан тарихында алтын әріппен жазылады деп ойлаймын. Біз егер де әр уақытта осындай ауызбіршілік көрсете білсек, Мәңгілік Ел болатындығымызға кәміл сенемін. Қазақстан жасай берсін! — деді Аман Тілеубаев өз сөзінде.

— Құрметті семейліктер! Мен сіздерді Елбасы таңдауын жасаудағы жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, — деп жал-ғастырған соғыс ардагері Петр Коломин: — Семейліктердің 98 пайызы біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс берді. Н.Назарбаев — біздің дәуірі-міздегі ең беделді адамдардың бірі. Оның басшылығымен еліміздің өркендеп келе жатқанын көріп отырмыз, — деп, мемлекеттік тілде — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жасасын! Алға, Қазақстан! Нұрсұлтан, Қазақстан! Нұрсұлтан, Қазақстан! — деп ұрандатты.

Шара барысында жұмысшылар санатының атынан Семей қаласының Цемент зауытының жұмысшысы Азамат Нұрғазинов та сөз сөйлеп, жүрекжарды тілегін білдірді. Ал Жеңімпаздар форумын қорытындылап, Семей қаласы жастарының атынан «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Қуаныш Қасенов сөз сөйледі.

— Құрметті Семей жұртшылығы! Бүгінгі үлкен мерекемен, үлкен жеңіспен шын жүректен баршаларыңызды құттықтаймын. Бұл — қаншама жыл бойы еліне ерен еңбек сіңірген Мемлекет басшысына деген ел сенімінің беріктігі. Бүгінгі Елбасының жеңісі — бұл біздің жеңісіміз. Қазіргі таңда Елбасының салиқалы саясатының арқасында елімізге, жерімізге, соның ішінде  жастарға жасалған жақсылығы аз емес. Қадірменді жұртшылық, қадірменді жастар! Елбасы өз сөзінде: «Жастар — ол менің жас көмекшілерім», — дейді. Сол себепті жастар Елбасымен әрқашан да біргеміз. Еліміз қуатты, Тәуелсіздігіміз тұрақты болсын, — деді.

Орталық алаңда қалалықтар басын қос-қан Жеңімпаздар форумының барынша әсерлі өтуіне шаһар өнерпаздары да айтарлықтай үлес қосты. Шара соңы рухты — патриоттық әндерге ұласты.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: в области Абай обсудили роль отцов в воспитании подрастающего поколения

19.06.2026
«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: в области Абай обсудили роль отцов в воспитании подрастающего поколения

В области Абай состоялся региональный форум «Әке өнегесі – өмірлік сабақ», объединивший представителей государственных органов, общественных организаций, экспертов, педагогов и...

Читать далее ...

Безопасность казахстанских врачей находится под строгим контролем — Президент

19.06.2026
Разработать программу поддержки работников ПМСП поручил Токаев

Президент РК Касым-Жомарт Токаев высказался о мерах по защите медицинских работников, выступая в Акорде, передает корреспондент агентства Kazinform. По словам...

Читать далее ...

33 млрд тенге выделено на повышение зарплат медработников в РК

19.06.2026
33 млрд тенге выделено на повышение зарплат медработников в РК

Президент Касым-Жомарт Токаев, поздравляя врачей в Акорде, рассказал о мерах социальной поддержки медицинских работников в Казахстане, передает корреспондент агентства Kazinform....

Читать далее ...

Правительству предстоит провести масштабную реновацию всей инфраструктуры здравоохранения – Токаев

19.06.2026
Правительству предстоит провести масштабную реновацию всей инфраструктуры здравоохранения – Токаев

Президент Касым-Жомарт Токаев поручил Правительству провести масштабную реновацию инфраструктуры здравоохранения и обновить материально-техническую базу отрасли, передает корреспондент агентства Kazinform. Глава государства...

Читать далее ...

Разработать программу поддержки работников ПМСП поручил Токаев

19.06.2026
Разработать программу поддержки работников ПМСП поручил Токаев

Президент Касым-Жомарт Токаев поручил разработать программу поддержки работников первичной медико-санитарной помощи в Казахстане, передает корреспондент агентства Kazinform. По словам Главы государства,...

Читать далее ...

Президент Казахстана рассказал о первых результатах внедрения ИИ в медицину

19.06.2026
Президент Казахстана рассказал о первых результатах внедрения ИИ в медицину

Президент Касым-Жомарт Токаев рассказал о предварительных результатах применения искусственного интеллекта и цифровых технологий в сфере здравоохранения, передает корреспондент агентства Kazinform. — Казахстан начал активно...

Читать далее ...

Новости

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: в области Абай обсудили роль отцов в воспитании подрастающего поколения

12 часов назад

Безопасность казахстанских врачей находится под строгим контролем — Президент

12 часов назад

33 млрд тенге выделено на повышение зарплат медработников в РК

12 часов назад

Правительству предстоит провести масштабную реновацию всей инфраструктуры здравоохранения – Токаев

12 часов назад

Разработать программу поддержки работников ПМСП поручил Токаев

12 часов назад

Президент Казахстана рассказал о первых результатах внедрения ИИ в медицину

12 часов назад

В мировом туристическом рейтинге Казахстан поднялся на 28 позиций

12 часов назад

Поддержка семьи и защита от бытового насилия: День открытых дверей прошёл в Семее

13 часов назад

Более 3,6 млн просмотров: казахстанцы все чаще обращаются к цифровым библиотекам

17 часов назад

В области Абай в этом году на военные сборы призовут 825 граждан

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС