Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҮШ БАТЫРДЫҢ АУЫЛЫНДА

12.05.2015
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстанда Толағай мен Сарыбелдің арасын алып жатқан сайын далада орналасқан Подгороное деген шағын ғана ауыл бар. Палатацы ауылдық округіне қарасты Подгорное ауылы тау бөктерінде, көркем табиғат аясында орналасқан. Жалпы Көкпекті ауданының Жеңіс мерекесін тойлауды бірнеше ай бұрын бастайтын дәстүрі бар. Биыл да сол үрдіс бойынша ауданда ауқымды шаралар өткізілді. Подгорное ауылында майдангерлерге арналған ескерткіш мемориалдың ашылуы болды.

{jcomments on}Көкпекті ауданында бүгінгі күнде барлығы 14 соғыс ардагері мен 565 тыл еңбеккері бар. Соның ішінде 62 адам «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған екен. Кеңес Одағының тоғыз батыры Көкпекті ауданының тумасы екенін де айта кету керек. Ал Подгорное елдімекенінен сұрапыл соғыс жылдары 183 адам майданға аттанса, олардың алпысы ғана туған топырағына аман-есен оралған екен. Ал Иван Яроцкий, Николай Фонов және Сергей Седеневтердің майданда көрсеткен ерліктері ескеріліп, Кеңес Одағының Батыры деген атаққа лайық болған. Айта кету керек, үш бірдей батыр шыққан мұндай ауыл Қазақстан бойынша тек біреу ғана. Аталмыш ескерткіш елдімекендегі мектептің алдына қойылған. Мақсат  балдырғандарға бабалар ерлігін үлгі-өнеге ету. Жеңіс күні қарсаңында өткен ескерткіш мемориалдың ашылу салтанатына жиылған жұрт гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті. Өңірдегі өнер майталмандарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Мерейтойлы мерекені Подгорное ауылында аудан тұрғындары жоғары дәрежеде қарсы алды. Бұған қоса ауылдық округтегі мәде-ниет ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүр-гізіліпті. Ауылдағы мектеп ішінен отты жылдарды еске салатын мұражай ашылып, жәдігерлермен толықты-рылған. Сонымен қатар ауыл іші абаттандырылып, жарықтандырылыпты.

Салтанатты шара барысында «Ешкім де ұмытылмайды», «Ерлік біздің жүрегімізде», «Даңқты Жеңіс», «Біз Жеңісті ұрандаймыз» тақырыбында жауынгерлердің фото-суреттерін ұстаған туыстары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан жастары сап түзеп, салтанатты шеру жасап өтті. Содан кейін сұрапыл соғыстың негізгі ұрыстарын баяндайтын тоғыз бөлімнен тұратын театрландырылған көрініс қойылды. Соғыстың басталуы, Мәскеу және Ленинград үшін шайқастарды көрсетуден бастаған көкпектіліктер көрермендерге айрықша әсер қалдырды. Сондай-ақ Сталинград түбіндегі шайқастағы қазақстандық тыл еңбеккерлерінің жанқиярлығы керемет баяндалды. Аудан тұрғындарының шараға ерекше ықыласпен дайындалғаны 1943 жылы Курск пен Днепр үшін шайқастарды және Киев қаласын азат еткендегі ерліктерді бейнелегендері айрықша болды. Көріністе қазақстандық партизандар мен қазақ даласының батыр қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың ерліктерін сипаттағандары көпшіліктің көңілін босатты. Қазақтың батыр қыздарының майдан даласында жазған хаттары оқылып, тарихи кезеңдер тағы бір мәрте ой елегінен өткізілді. Театрландырылған көрініс Жеңісті қарсы алу сәттерімен жалғасып, бүгінгі берекесі мен бірлігі жарас-қан Қазақстанның бейбіт өмірін сипаттаумен аяқталды.

 

Одан әрі жауынгерлерге жігер берген әсерлі әндер орындалды. Мерекені тойлауға жиналған жұртшылық аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Мерекелі кеште  театрландырылған қойылыммен қатар сұрапыл соғыс жылдарын еске салар шығармалар орындалды. Ерлік пен елдіктің ерен рухы паш етілген кешке келген ардагерлер мен аға буын қиын-қыстау заманды еске алды. Осылайша, жастар адамзат тарихындағы ең қатыгез соғыста жеңімпаз атанған, ұрпағына бейбіт өмір сыйлаған ардагерлердің жеңісін әрдайым мақтан ететіндіктерін білдірді. Мерекелік шараға арнайы келген ШҚО ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембей Селиханов алғашқы болып сөз алып, көкпектіліктерді Жеңістің 70 жылдығы мерекесімен құттықтап, жұртшылыққа жылы лебізін білдірді.

 

— Азаматтық арды ту етіп, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен Жеңіс күнінің авторларына әрдайым қамқорлық жасау перзенттік парызымыз. Сіздерді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлының және өзімнің атымнан Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған үлкен мерекемен құттықтаймын. Барлығымыз да сол сұрапыл жылдарды көздерімен көрген жандардың балаларымыз. Сондықтан да әрбір азамат осы айтулы мерекені еске алып, жылы қарсы алады. Бүгінгі шараны жоғары деңгейде өткізіп отыр-ған аудан тұрғындарына басымды иемін. Жанынан гөрі Отанын артық көріп, отты жылдары ұлт, нәсіліне қарамай, жауға бірге тойтарыс берген ардақты ардагерлерге деген құрмет ешқашан азаймайды, — деді Дүйсембей Селиханов.

Одан кейін майдангерлер мен Кеңес Одағының Батырларына арналған мемориал салтанатты түрде ашылып, бір минуттық үнсіздік жарияланды. Бұдан әрі жиналған қауымды соғыс ардагері Павел Балохонов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Атымтай Әбенов, тыл еңбеккері Зинаида Сидорова, Кеңес Одағының Батыры И.В.Яроцкийдің қызы Тамара Федорова мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

— Бұл  тарихқа тағзым. Батырлар рухына көрсетілген құрмет. Мұндай ескерткіш ашылады деп күтпеген едік. Өте қуаныштымыз. Тарихи сәтті тамашалуға келген қалың жұртшылыққа алғысымыз шексіз. Мәңгілік алау да рухымызды ас-қақтатып тұрғандай. Өте ризамыз, — деді Тамара Федорова.

Іс-шара соңында көпшілік назарына аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің мерекелік концерті ұсынылды.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

22 часа назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

7 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

7 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС