Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БАБАЛАР ЕРЛІГІ – ҰРПАҚ САНАСЫНДА

12.05.2015
FacebookWhatsappTelegram

Жеңістің 70 жылдығына арнал-ған мерекелік салтанатты шеру Қарауыл ауылындағы «Белгісіз солдат» ескерткішінің басында өтті. Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі мен Қарауыл гимназиясының оқушылары және ауданның мекеме ұжымдары мерекелік шеруде сап түзеді. Соғысқа қатысқан бабаларын ұрпақтары ұлықтап, суреттерін алаңға алып шықты. Ауданның бас имамы Болат Самырбаев қан майданда шейіт болған боздақтарға Құран бағыштады.

{jcomments on}Ескерткіш басындағы салтанатты думанда әскери әндер шырқалып, аудандық көркемөнерпаздар байқауының жеңімпаздары өз өнерлерін ұсынды. Келесі кезекте аудан жұртшылығын Жеңіс күнімен құттықтау үшін аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков сахна төріне көтерілді.

— Құрметті жерлестер, қымбатты ардагерлер. Сіздерді шексіз қаһармандық пен мұқалмаған қайраттың мерекесі Жеңістің 70 жылдығымен құттықтаймын! Майдангерлердің өшпес ерлігімен, қанымен, орасан зардаптарымен келген Жеңістің маңызы ерекше. 9 мамыр — Жеңіс күні ең қымбатты, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даң-қының жарқын көрінісі. Ерлік  елге мұра, ұрпаққа-ұран. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін от кешкен аға буынның, Жеңіс күнін жақындатқан майдангерлердің қаһармандығы, асқан патриотизмі болмаса, бүгінгі Тәуелсіз-дігімізге жетуіміз де қиын болары айқын еді. Жеңістің 70 жылдық мерекесінде өткенді зерделеп Отан қорғаған ерлерге тағзым ету біздің перзенттік парызымыз. Өйткені біз Елбасы атап өткендей «Жасампаз ұрпақтың жалғасымыз». Абай ауданынан 1789 адам майданға аттанса, еліне бар болғаны 462 адам оралды. Біз ұрпақтарына бейбіт күн мен тыныштық сыйлаған қаһармандарға бас иіп, соғыс және еңбек майдандарында Жеңісті жақындатуға үлес қосқан барлық абайлық азаматтарды асқан ризашылықпен еске аламыз. Шыңғыстау өңірінің азаматтары Жеңіс күнін жақындатуға қанымен, жанымен, патриоттық рухымен, қайсарлығымен лайықты үлес қосты. Олар ел қорғаған батыр бабалар Мамай мен Тоқтамыстың даңқына сай ерліктің, өрліктің үлгісін көрсетті. Кеңес Одағының Батырлары, жау дзотын кеудесімен жапқан Жанғазы Молдағалиев, Днепр өзенінен өтуде қаһармандық таныт-қан Закария Белібаев, жаужүрек батыр Серікқазы Бекбосыновтың, қайсар қыз Баян Байғожинаның есімдері мен ерлік жолдары бүгінгі ұрпақ үшін аңыз, — деп өз құттықтауын жолдады Тұрсынғазы Жантұяқұлы.

Жеңіс күні мерекесінде аудан әкімі Т.Мүсәпірбеков еңбек ардагері Манатай Толғанбаевты  Қазақстан Республикасының «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Аудан басшысы өз сөзінде Қарауыл ауылындағы жалғыз соғыс ардагері, қарт майдангер, күні кеше Астана төрінде өткен әскери шеруге қатысып, туған жеріне сапар шегіп келе   жатқан Жағыпар Жүнісжанұлының Шығыс Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атағына ұсыныл-ғандығын жеткізді.

 

Жеңіс күні қарсаңында бабалар ерлігін ұлықтау мақсатында «Елі ерлерін ұмытпайды» атты Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналған кітап жарық көрді. Кітаптың алғашқы данасы Қарауыл гимназиясының озат оқушысы, соғыс ардагері Уәлибек Тайшыбаевтың немересі Ділда Уәлибековаға тапсырылды.

 

Мереке салтанатында соғыс және еңбек ардагерлерінің аудандық кеңесінің төрағасы Марат Түңлікбаев, еңбек ардагері Күлаш Жакупова зор тебіреніспен сөз сөйледі. Салтанатты думан соңында Абай ауданынан соғысқа қатысқан әр майдангердің есімі қашалып жазылған «Белгісіз солдат» ескерткішінің басына гүл шоқтары қойылды.

Сондай-ақ Қарауыл тауының бөктерінде Жеңістің 70 жылдығына арналып ат бәйгесі ұйымдастырылды. 9 тай қатысқан тай жарысында Кеңгірбай би ауылынан Қанат Сағатовтың тайы мәреге бірінші болып келді. Ал Қарауыл ауылының атынан тай қосқан Серікбосын Сағындықовтың жүйрігі екінші, қарауылдық Жәнібек Әміржановтың тайы үшінші келді. Құнан бәйгесінде де 9 құнан  шауып, көкбайлық Мадияр Жұманұлының жүйрігі І орынды жеңіп алды. Саржалдық Жандос Қорғанбаевтың құнаны ІІ орынды, Кеңгірбай би ауылының азаматы Қанат Сағатовтың құнаны ІІІ орынды иеленді. Ал топ бәйге деп аталған 15 шақырымдық бәйгеде архаттық Айбек Мамытовтың тұлпары І орынды жеңіп алды. Қанат Сағатовтың сәйгүлігі екінші, көкбайлық Ерғазы Түйтебековтің тұлпары үшінші келді. Кезек шашасына шаң жұқтырмас сәйгүліктердің 25 шақырымдық аламан бәйгесіне келіп, бұл сында Архат ауылынан Айбек Мамытовтың хас жүйрігі І орынды қанжығаға бөктерді. Көкбай ауылынан Еркебұлан Санбаевтың сәйгүлігі ІІ орынды, Архат ауылынан Болатбек Бекхожинның жүйрігі ІІІ орынды жеңіп алды.

Бұлбұл ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Связанные новости

В области Абай обсудили меры по обеспечению защищенности культовых сооружений

08.04.2026
В области Абай обсудили меры по обеспечению защищенности культовых сооружений

В области Абай усилена работа по обеспечению защищенности культовых сооружений, отнесенных к террористически уязвимым объектам. Очередная рабочая встреча собрала собственников...

Читать далее ...

В области Абай вынесено судебное постановление за неустранение выявленных недостатков при ремонте балкона

08.04.2026
В области Абай вынесено судебное постановление за неустранение выявленных недостатков при ремонте балкона

Согласно пункту 4 статьи 35 Закону Республики Казахстан «О защите прав потребителей», недостатки работы (услуги), обнаруженные в ходе ее выполнения...

Читать далее ...

В районе Жанасемей продолжается работа по обеспечению жильём

08.04.2026
В районе Жанасемей продолжается работа по обеспечению жильём

В районе Жанасемей продолжается работа по обеспечению населения жильём. Об этом на площадке Региональной службы коммуникаций сообщил аким района Нуржан...

Читать далее ...

В районе Жанасемей поэтапно обновляется система водоснабжения

08.04.2026
В районе Жанасемей поэтапно обновляется система водоснабжения

В районе Жанасемей продолжается работа по обеспечению населённых пунктов качественной питьевой водой. Об этом на площадке Региональной службы коммуникаций сообщил...

Читать далее ...

В районе Жанасемей усилили освещение улиц и благоустройство

08.04.2026
В районе Жанасемей усилили освещение улиц и благоустройство

В районе Жанасемей продолжают улучшать инфраструктуру. Об этом сообщил аким района Нуржан Абдикаримов. Сейчас уровень освещения улиц в районе превысил...

Читать далее ...

Казахстан стал лидером в Центральной Азии по ВВП на душу населения, обогнав Россию и Китай

08.04.2026
Казахстан стал лидером в Центральной Азии по ВВП на душу населения, обогнав Россию и Китай

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по уровню ВВП на душу населения и обогнал Россию и Китай. Об этом...

Читать далее ...

Новости

В области Абай обсудили меры по обеспечению защищенности культовых сооружений

5 часов назад

В области Абай вынесено судебное постановление за неустранение выявленных недостатков при ремонте балкона

5 часов назад

В районе Жанасемей продолжается работа по обеспечению жильём

5 часов назад

В районе Жанасемей поэтапно обновляется система водоснабжения

5 часов назад

В районе Жанасемей усилили освещение улиц и благоустройство

5 часов назад

Казахстан стал лидером в Центральной Азии по ВВП на душу населения, обогнав Россию и Китай

5 часов назад

Токаев приветствовал соглашение о полном прекращении огня на Ближнем Востоке

5 часов назад

В области Абай обсудили подготовку туристических объектов к летнему сезону

2 дня назад

В Семее открылась новая школа на 300 мест

2 дня назад

ДЕНЬ ЗДОРОВЬЯ – ЗАЛОГ БОЕВОЙ ГОТОВНОСТИ

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС