Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕДІ

12.05.2015
FacebookWhatsappTelegram

Жеңістің 70 жылдық мерекесі Зайсан ауданында да кең көлемде әрі салтанатты түрде аталып өтті. Оның өзіндік себебі де жоқ емес. Шығыстың шалғай бұл өңірінде соғыс жылдарында майдан даласына аттанып, ерліктің ерен үлгісін көрсеткендер мен тылда еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға үлес қосқандар қатары мол. Ал соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету бүгінгі буын үшін басты парыз екені белгілі. Бұл орайда Зайсан ауданының әкімі Алмас Оңдақановтың бастамасымен, аудандық ішкі саясат бөлімі және ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен Жеңіс мерекесі қарсаңында бірқатар игі істер қолға алынған болатын. Осы шаралардың, аға буын өкілдеріне құрметтің шырқау шегі – 9 мамыр күні орын алды.

{jcomments on}Зайсандықтардың осынау мейрам-ға зор даярлықпен келгені аталмыш шара барысында айқын аңғарылды. Әсіресе, мерекені танымдық-тағылымдық тұрғыда өткізуге баса мән беріліпті. Мәселен, «Мәңгілік сапта!» атты патриоттық акцияда өскелең жас ұрпақ — мектеп оқушыларының белсенділігі айқын байқалды. Өрендердің ұйымдастырған әскери маршы Жеңіс мерекесінің сән-салтанатын барынша асқақтата түскендей еді.

Сондай-ақ осынау акция аясындағы аудандағы 20/17 әскери бөлімшенің сарбаздары әзірлеген мерекелік көріністер сол бір сұрапыл жылдардың жаңғырығын көз алдымызға айнытпай әкелгендей болды. Майдан даласын, өр рухты жауынгерлердің ерлікке ұмтылған сәтін бейнелейтін қойылымдар, әсіресе балалық шағын соғыс ауыртпашылығына берген аға буын өкілдерінің көздеріне еріксіз жас алдырды.

 

Мұнымен қатар зайсандық жұртшылық назарына соғыс техникаларынан әзірленген арнайы көрме де ұсынылған болатын. Бұл шара әсіресе жастар назарын ерекше аударды. Мерекенің негізгі иегерлері соғыс және тыл еңбеккерлері екені хақ. Осынау күні ардагерлер қауымына көрсетілген құрмет айрықша болды. Атап айтсақ, қадірменді қариялар Зайсан ауданының құрметті азаматы атағын иеленді.  Сонымен қатар Зайсан ауданында туып-өсіп, майдан даласына аттанған, ұрыста шейіт болған және барша соғыс ардагерлеріне арналған арнайы кітаптің тұсаукесері 70 жылдық мерейтойдың мәнін еселей түскен еді.

 

Жалпы, мейрам қарсаңында да, мереке күні де барша ардагерлер аудан мекемелері тарапынан мерекелік сыйлықтар иеленді. Мәселен, «Строитель» ЖШС-нің басшысы Бақытбек Қалымұлы бастаған азаматтар аға буын өкілдеріне ерекше құрмет жасады.   Десек те, ауылдық округтерде де мереке мәнін айшықтайтын бірқатар шаралар өткізілді. Атап айтсақ, Сартерек, Шілікті, Қаратал мен Кеңсай ауылдарында ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі болып өтті. Елдімекендердегі шаралар ел игілігіне арналған жарқын істермен астасқаны қуантады. Атап айтсақ, майдангерлер ұрпақтары өз аталарының атындағы көшелерді жарықтындыру ісін қолға алыпты. Мәселен, Кеңсай ауылында Қажыкеновтер әулеті, Шіліктіде Құнапияновтар осындай игілікті істі жүзеге асырды. Жерлестері үшін тың тарту жасағандар қатарында Баймолдиндер мен Мұқановтар әулеттері де бар. Осынау күндері Көгедай ауылында мемориалдық тақта ашылса, Жарсуда ардагерлер құрметіне арналған саябақ есік ашты.

Мереке ән мен күйсіз өтпейтіні белгілі. Бұл ретте аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының әзірлеуімен концерттік бағдарламаларға да кезек берілді.

Ал кешкісін ымырт үйіріле «Тарбағатай-МұнайГаз» ЖШС-нің қызметкерлері Жеңіс мерекесі құрметіне ғаламат отшашулар кешін арнады. Оның соңы жастардың би кешіне ұласты.

Қ. ӘЛІМБЕК.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

21 час назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

7 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

7 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС