Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЕҢІСТІҢ 70-ШІ КӨКТЕМІ

12.05.2015
FacebookWhatsappTelegram

Жеңістің 70 жылдық мерейлі мейрамы, еліміздің өзге өңірле—ріндегі тәрізді Семейде де барынша сән—салтанатпен аталып өтті. Бұл күнді мерекелеуші көпшілік әсіресе Орталық алаңға мол жинал—ған еді.

{jcomments on}Жұртшылық алдында қала әкімі Айбек Кәрімов кіріспе сөз алды. Өз сөзінде Жеңістің 70 жылдық мерекесінің тағылымдық мәніне баса тоқталған қала басшысы жеңімпаз соғыс және еңбек ардагерлерін осынау мерейлі мерекемен құттықтап өтті.

Осыдан соң қаламыздағы Ш.Уәлиханов атындағы ерлер лицейі тәрбиеленушілері мен ҚР Ұлттық гвардиясының 5511 әскери бөлімшесі өнерпаздарының салтанатты маршы басталды. Әскерилердің әуен ырғағына ілескен ширақ би қимылдары мен үрмелі аспаптар дауысы әдемі үйлесімділік тауып, тамашалаушы көпшілік ерекше сәттерге куә болды. Бұл қойылым осы күнгі мерекелік іс-шараның беташары іспетті еді.

Ал осыдан соң жұртшылық алдында Жеңіс күніне арналған мерекелік шеру басталды. Орталық алаңнан бастап Жеңіс саябағына дейінгі аралықты жүріп өту үшін қалалықтарды соғыс және тыл еңбегі ардагерлері отырған соғыс жылдарындағы әскери техникалар бастап шықты. Ал олардың соңын ала сап түзеген сарбаздар жүріп өтсе, кейінгі лекпен «Өлімді жеңген полк» шеруі жалғасты.

 

Айта кету керек, еліміз бойынша үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған бұл шараға мыңдаған қала тұрғындары қатысты. Бірі атасының, енді бірі ағасы мен бауырының, кейбірі соғыста із-түзсіз кеткен туыстарының фотосуреттерін мақтанышпен алып шығыпты. Олардың есімдері Отанын қорғаған қайсар рухты батыр ретінде тарих бетінде мәңгіге қатталып қала бермек.

 

Ардагерін ардақтай білетін семейліктер осылайша Интернационал көшесінің бойымен ұран сөздер айту арқылы баяу жүріп өтті. Ал үлкен көшенің қос қапталында осы мезетте қаламыздың мектептері мен колледждерінің студенттері шерушілерді қошеметпен қарсы алып, уралап тұрған болатын. Қойындары алқызыл гүлге толы соғыс және тыл ардагерлері Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алау жанында майдан даласында шейіт болған боздақтар мен бүгінде арамызда жоқ соғыс ардагерлеріне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Өшпес ерліктің символына айналған алау жанында сол бір сұрапыл жылдар куәгерлерін еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды.

Осыдан кейін жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша, саябақ іргесіндегі әскерилер палаткасында соғыс және тыл ардагерлеріне арналып шағын дастарқан жайылды. Мұнда қариялар қауымы мен мерекелеуші көпшілік солдат ботқасынан дәм татты.

Жиналған ардагерлер алдында қала әкімі Айбек Мүталапханұлы құттықтау сөз алды.

— Құрметті ардагерлер, қадірменді тыл еңбеккерлері. Сіздер бақыттысыздар! Сіздер өз еңбектеріңіздің жемісін көрген, Қазақстанның өркендеуіне мол үлес қосқан қадірменді буынсыздар. Бүгінгі мереке құтты болсын, елімізде әрдайым тыныштық орнасын! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “бүкіл әлемде де тек қана бейбітшілік болсын” деген ұстанымы сіздер жүзеге асырған жеңісті жолмен бізге мұра болып жетті. Біз, Қазақстан халқы, бейбітшіл халықпыз. Береке-бірліктің, ынтымақтың ортақ Отаны болған Қазақстанымыз — Мәңгілік Ел болсын! Еліміздің болашағы сіздердің ерліктеріңіз бен еңбектеріңізге де байланысты еді. Сіздерге бейбіт өмірдегі сіңірген зор еңбектеріңіз үшін де алғыс айтамыз. Ендігі аралықта немере-шөберелеріңіз сіздер әперген Жеңістің арқасында баршаңызды қызық-қуанышқа кенелте берсін, — деп аяқтады сөзін.

Осыдан кейін ардагерлер қауымына арналып соғыс жылдары әуендерінен тұратын мерекелік әндер ұсынылды. Ақ тілектер легі ағытылып,  қариялар қауымы да кезегімен сөз алып жатты. Қалалық көнекөздер  бейбіт өмір мен ортақ Отанымыздағы тыныштық, береке-бірліктің арта беруіне баталы тілектерін білдірісті.

Соғыс жылдарында майдан даласына аттанғандардың бірі Қуантқан Иманғалиұлы сынды бүгінде тоқсанды алқымдаған ардагер де Жеңіс мерекесін қалалықтармен бірге атап өтуге келіпті. Абай ауданында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен қария бүгінде Семей қаласында тұрып жатыр. Шыңғыстау өңірінде дүние- ге келіп, не бары 18 жасында, 1942 жылы әскерге алынған  қарт жауынгер  Отан алдындағы борышын Белоруссия, Украина майдандарында жүріп өтепті. Елге 1946 жылы орал-ған екен. Өңірі орден-медальға толы майдангер ел іргесінің тыныш болуына тілек білдіріп, Тәуелсіз еліміздің гүлденуіне ерекше еңбек сіңірген Елбасымызға ризашылық білдірді.

— Бүгінгі бейбіт заманда республика жұртшылығын жұмылдырып, салиқалы саясат ұстан-ған Елбасыға соғыс ардагерлері ретінде айтар алғысымыз зор. Ел іргесі аман болып, тұрақтылық пен татулығымыз мәңгілік болсын. Біз көрген ауыртпашылықты жас ұрпақ көрмесін дегім келеді, — деді пікір бөліскен майдангер.

Мерекелік көңіл — күйдегі көпшілік бұл күнді ерекше өткізгені анық.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

“Семей таңы”

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

20 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

7 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

7 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС