Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ ҚАЛАЛЫҚТАР ҚОЛЫНДА

19.05.2015
FacebookWhatsappTelegram

Шаһар көшелерінің тазалығы, жол жиектерінің жасыл желекпен көмкерілуі, абаттандырылуы тұрғындардың барлығы үшін маңызды. Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімовтің қаулысымен сәуір, мамыр айларында көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша жылдағы қалыптас-қан дәстүрге сәйкес екі ай тазалық айлығы деп жарияланған болатын. Мамырдың он алтысы күні аталмыш бастаманы жүзеге асыру аясында сенбілік өтті. Жергілікті мекемелер, кәсіпорындар мен оқу орындарының ұжымдары, тұрғындар қала көшелерін тазалауға, абаттандыруға атсалысты.

{jcomments on}Бұл күні қаламыздың көркеюіне, абаттандырылуына атсалысуға ниетті тұрғындар қолдарына құрал-саймандарын алып еңбек етті. Мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен білім ошақтарының ұжымдары көшелерді тазартуға шықты. Олардың ішінде аумақтық жалғызбасты зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету орталығының қызметкерлері де болды. Мекеме ұжымы өздеріне бекітілген жерді тазалады. Орталық қызметкерлері мұндай сенбіліктердің пайдасы мол екенін айтады. 

 

— Бүгінгідей тазалық шараларын өткізіп тұру қажет. Әрі қаламыздың көркі мен келбетіне немқұрайлы қарамайтын тұрғындар осындайда бір кісідей атсалысуы тиіс. Өйткені тазалық пен шаһарымыздың әдемілігі бәріміз үшін маңызды. Бұдан бөлек айтарым — тұрғындар құр науқаншылыққа бой алдырмауы керек. Яғни әрқайсысымыздың қаламыздың көшелерінің қоқыс пен қалдықтардан ада болуына сенбіліктер кезінде ғана емес, күнделікті назар аударып, көңіл бөліп отырғанымыз жөн. Бұл — біздің ұжымымызға ортақ қағида,-дейді орталық қызметкері Жұматай Аршынбаев.

Сенбілік барысында қала көшелерін тазалауға оқу орындарының ұстаздары мен студенттері де белсене атсалысты. Мәселен, радиотехника және байланыс колледжінің ұжымы игілікті бастаманы жүзеге асыруға жыл сайын қатысып келе жатқан көрінеді. Білім ордасының басшысы Оралхан Сартаев жастардың қала көшелерін тазалауға үлес қосуының өзіндік мәнге ие екендігін тілге тиек етті.

— Біздің ұжым, оның ішінде ұстаздармен қатар, студенттер де бар, мұндай шараларға мүмкіндігінше үлес қосып келеді. Менің ойымша, сенбіліктердің өткізілуінің, оларға жастардың қатысуының өскелең ұрпаққа тәрбие беру тұрғысынан маңызы зор. Себебі тазалықтың қандай еңбекпен келетінін көрген балалар ертеңгі күні қала көшелеріне қалдықтарды тастамауға, ластамауға тырысатын болады, — деді колледж директоры.

Сенбілік барысында қоқыстарды жинап шығарып қана қоймай, орналасқан аумақтарына жасыл желек еккен мекемелер де болды. Жалпы, сенбілікте жүрген жандармен тілдесу кезінде барлығы шаһардағы тазалыққа коммуналдық қызметтердің ғана емес, тұрғындардың да жауапты екендігін, осындай игі бастамаға барлығы атсалысуы керектігін атап өтті. Алайда мұндай қарапайым қағиданы қаперлеріне алмаған сыңай танытқандар да болғанын айта кеткен абзал. Бұл,әсіресе, кәсіпкерлерге қатысты жайт. Кейбір дүкендер, дәмханалар мен дүңгіршектер маңының санитарлық тазалық деңгейі төмендігі байқалды. Бұл жайында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев:

— Бүгін, міне, тұрғындар қала әкімінің қаулысымен жарияланған екі айлық аясында жалпықалалық сенбілікке қатысып жатыр. Қаланың әр түкпірінде бюджеттік мекемелер, жоғарғы оқу орындарының, мектептердің ұжымдары, оқушылар, студенттер, коммуналдық қызметтердің жұмысшылары да тазалық жұмыстарына қызу араласуда. Өкінішке орай, жеке сектордың тазалық деңгейі сын көтермейді. Бұл, әсіресе, кейбір дүкендер мен дүңгіршектерге қатысты,- деді. Сондай-ақ бөлім басшысы қаламыздың тазалығына тигізер септігі мол мұндай сенбіліктердің алдағы уақытта да жалғасын табатынын айта келе, барлық тұрғындарды шаһарымыздың санитарлық ахуалына, келбетіне бей-жай қарамай, осындай игілікті шаралардың нәтижелі жүзеге асырылуына бір кісідей атсалысуға шақырды

Мемлекеттік мекемелер, мәде-ниет ошақтары, білім ордалары өздеріне тиесілі аумақтарды тазалап, гүлдендіруге үлес қосқан күні шағын кәсіпорындар ұжымдары сенбілікке шықпады.  Бұдан бір-ақ ой түюге болады. Яғни, кейбір бизнес өкілдері қаламызда жұмыс істеп жатса да, қалың көпшілік атсалысқан шараға қатысуға құлықсыз. Сенбілік барысында қала тазалығына       немқұрайлы қарауларының сырына қанығу мақсатында осындай кәсіпкерлік нысандарының біразын аралап көрдік. «Маған бәрібір» дегендей бойкүйездік танытқандарын былай қойып, кәсіпкерлер орналасқан аумақтарын тазаламауларының себебін білмек ниетпен қойған сауалдарға жауап беруден үзілді-кесілді бас тартты.

Мұндай жайт жекеменшік тұрғын үй секторында кездесетінін айта кеткен жөн. Әсіресе қаламыздың шет жақтарында жиі ұшырасады. Сөзімізге Суық бастау кентінің Цветочная көшесінің бойындағы жағдай дәлел бола алады. Маңайдағы үйлерден шығарылған, тұрғындар төккен қалдықтардан құралған күлтөкпелерден көз сүрінеді. Қала берді жан-жаққа шашылған түрлі қоқыс. Екі ауыз сөзбен айтқанда, Цветочная көшесіне бара қалған адам осындай көріністің куәсі болады. Алайда, санитарлық жағдайдың осынша төмендігіне қарамастан, тұрғындар сенбілікке шықпаған. Қалдық үйінділерінің қордаланып қалуының себебін қоқыс шығарушы кәсіпорындармен ортақ келісім шарттың жоқтығымен түсіндірді. Ал сенбілікке қатыспауға қатысты сауалға бұл жерде көбіне егде тарт-қан я болмаса қария адамдардың тұратынын, жастардың көбінің жұмысқа кеткендігін айтып жауап берді.

Жалпы, он алтыншы мамыр күні Абай даңғылы, Қаржаубайұлы, Қабанбай батыр, Лебаев, Глинка, Интернационал, Титов, Волгоградская көшелері негізгі тазалық учаскелері болды. Жасыл желек егіліп, жиектастар мен ағаштардың діңгектері әктелді. ПИК – тің күшімен көптеген тұрғын үйлердің аулалары мен олардың маңындағы аумақтарда тазарту жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікке қала тұрғындарымен қатар, алты жүзден астам коммуналдық қызметтердің және оларға қарасты ұйымдардың жұмысшылары да қатысты. Арнайы техниканың 34 бірлігі, 22 өздігінен төгуші машина, 12 тиеуші көлік жұмылдырылды. Оның ішінде 10 өздігінен төгуші мен 7 тиеуші көлік «Семей» көгалдандыру мен абаттандыру мемлекеттік коммуналдық мекемесіне тиесілі. Көшелерді тазалау үшін «Баймағамбет» ЖШС, «Озон — 93» өндірістік кооперативі, «Жылукоммунэнерго» және «Семей су арнасы» мемлекеттік коммуналдық мекемелері де техникаларын ұсынды. Жалпы ал-ғанда, он алтыншы мамыр күні төрт жүз жиырма текше метрден астам күл-қоқыс шығарылған.

 

Мирас ҚҰСАЙЫН, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

18 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

7 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

7 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС