Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КҮН ТӘРТІБІНДЕ — ОН МӘСЕЛЕ

22.05.2015
FacebookWhatsappTelegram

21 мамыр күні Семей қалалық мәслихатының кезекті қырық бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Айбек Кәрімов, ШҚО-ның тексеру комиссиясының мүшесі Айман Түрекенова, бөлім басшылары, құқық қорғау органдары мен қаладағы өзге де бірқатар мекеме басшылары қатысты.

Сессия күн тәртібінде он мәселе қаралды. Алдымен Семей қаласының 2014 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөнінде қаржы бөлімінің басшысы Роза Кәкімованың баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар халық қалаулылары экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің әлеуметтік-экономикалық болжамды есепке ала отырып, бюджет түсімдерін болжау жөніндегі жұмыс жағдайымен де танысты. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова өткен жылы жұмсалған бюджет қаржысы жайлы мағлұмат беріп, халық қалаулыларының сауалдарына жауап берді.

 

{jcomments on}Сессияда қаралған келесі сұрақтың бірі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Семей қаласы шет аумақтары инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмысы туралы болды. Аталмыш мәселе бойынша қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Александр Генрих жауап берді. Бөлім басшысы қаланың шеткі аумақтарын дамыту Бас жоспар негізінде жүргізіліп жатқанын айтып, депутаттар сауалдарына жауап берді.

 

Мәселен, депутаттар Степной ауылынан Курчатов тас жолы бөлігін жөндеу, Шығыс кентіндегі жер асты суларының көтерілуі, Мичурин көшесінің жөндеу жұмыстарын аяқтау жұмыстары мен су ағатын кәріз желілерін қалпына келтіру мәселелерін көтерді. Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Александр Генрих өз сөзінде Мичурин көшесіндегі жөндеу жұмыстарын жал-ғастыруға биылғы жылы 100 млн. теңге бөлінгенін, ал жалпы жұмыстарды аяқтауға 700-800 млн. теңге қаражат қажет екенін айтып, аталмыш бағытта тиісті шаруалар атқарылып жатқанын сөз етті. Жиында сонымен қатар қаланың шеткері аумақтарындағы тазалық мәселесі де сөз болып, халық қалаулылары бұл бағытта жұмысты күшейтіп, қоқыс тастайтындарға айыппұл салу керектігін жеткізді. Бұл тұрғыда қала әкімі Айбек Мүталапханұлы:

— Бүгінде облыстық мәслихаттың шешімімен қабылданған абаттандыру ережесі күшін жой-ған. Сол себепті де кез келген жерге қоқыс тастайтындарға айыппұл салу мүмкін болмай отыр. Өйткені жауапкершілікке тартудың жолы әзірге жоқ. Мәселен, әуежай аумағын қарап көріңіздер. Қала тазалығына жауапты мекемелердің жұмысы зая кетеді. Себебі, тазарту жұмыстары қанша жүрсе де, ертесінде қайта қоқысқа толады. Әлбетте, бұл айналып келгенде, халықтың жеке мәдениетіне де байланысты. Жалпы, қала тазалығы — баршаға ортақ іс. Сондықтан тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек. Енді судың көтерілуіне тоқтала кетейін. Жер асты суларының көтерілу себебін анықтау тек республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Сондықтан бұл жұмыстар үшін сұраныс жіберіліп қойған. Қалада су ағатын кәріз жүйесінің жоқтығы да мәселе тудырып отырғаны рас. Бұл ежелден қаламызда қарастырылмаған. Алдағы уақытта бұл мәселе бойынша жоба жасайтын боламыз. Ал Степной ауылы бағытындағы тас жолға қатысты айтарым: бұл жолмен көбіне ірі кәсіпорындарға тиесілі ауыр жүк көліктері өтеді, сондықтан бұл бағытты жөндеуге сол мекемелерді де жұмылдыруымыз қажет, — деді қала әкімі Айбек Мүталапханұлы.

Сессияда көтерілген мәселелер бойынша ұсынылған шешім жобаларын қалалық мәслихат депутаттары бір ауыздан қолдады. Жиында бұған қоса Абыралы аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйі, «Семей қаласының сәулет-қала құрылысы Кеңесінің дербес құрамы туралы» 2013 жылғы 28 наурыздағы №15/86-V шешімге өзгерістер енгізу және «Наградалық істерді алдын ала қарау жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамы туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы №27/142-V шешімге өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Сонымен қатар жиында аукционға шығарылатын жер телімдерінің және жер телімдерін жалдау құқығының тізімін бекіту туралы, «Аймақтық бәсекелестікті инновациялық тәсілдерді аймақтық жоспарлауға енгізу және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету (Семей қаласының мысалында) арқылы көтеру» Шығыс Қазақстан облысындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бірлескен бағдарламасының жобасы шеңберінде жобалық өтінімдер туралы, 2011 жылғы 17 тамыздағы №39/267-ІV «Қалалық мәслихат аппаратының құрылымы туралы» шешімге өзгерістер енгізу мен Семипалатинск-Пристань станциясын жабуға келісім беру сынды бірқатар ұсыныс білдірілді. Қалалық мәслихат депутаттары бұл мәселелер бойынша да ұсынылған шешім жобаларына бір ауыздан қолдау білдірді.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

 

 

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

17 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

7 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

7 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС