Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Айбек КӘРІМОВ: ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІККЕ БАСТАЙДЫ

26.05.2015
FacebookWhatsappTelegram

25-ші мамыр күні Семей қаласының әкімі   Айбек Кәрімов жұмыс кабинетінде БАҚ өкілдерімен жүздесіп, қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуы, алда атқарылатын жұмыстар төңірегінде ой бөлісті. Сондай–ақ шаһар басшысы тұрғын үйлер салу барысы, №3 ЖЭО—ның құрылысы, қала тазалығы, инвестиция тарту және оның игілігін пайдалану жайлы журналистер сауалдарына жауап қайырды.

Кездесу басында Айбек Мүталапханұлы Иран еліне жасайтын сапары жайында толық мағлұмат беріп өтті. Мемлекет басшысының бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамда көрсетілгендей, «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» тұрғысында әкімдерге инвестиция тартуды баса тапсырған еді. Осы тұрғыдан алғанда қала әкімінің       Иранға сапарының қала экономикасы үшін өзіндік маңызы бар.

—  Менің Иранға жасайтын сапарымның мақсаты — қала экономикасына инвестиция тартудың жолдарын қарастыру. Облыс әкімі мен қала әкімі жұмысының тиімділігін бағалау бойынша келісімшартқа қол қойдым. Құжатта көрсетілген маңызды мәселелердің бірі – инвестиция тарту, қала экономикасын дамыту. Иран несімен тартымды? Біріншіден, онда қой және сиыр етін өндіруде сұраныс көлемі жоғары. Сапар аясында ет комбинатының құрылысы бойынша құны 30 млн. теңге тұратын келісімшартқа қол қою керек. Ет өнімдерін сату мәселесін шешетін болсақ, тағы да бірқатар сұрақтар туындайды. Ол – тері өнімдерін өңдеу, аяқ киім фабрикасы, фармацевтика салаларын дамыту. Сондықтан бұл жолғы келісімшарттың жүзеге асуы үлкен серпін береді деген ойдамын. Ол елде аграрлық ғылым өте жоғары дамыған. Сондықтан Иран елімен өсімдік шаруашылығын, жеміс — жидектер өсіруді өркендету жолында бірлесіп жұмыс істеуімізге болады, — деді А.Мүталапханұлы.

 

{jcomments on}Қала әкімі сондай –ақ «Бейбітшілік мұражайы» жобасының дайын екенін, болашақта құрылысын бастау жоспарда барын жеткізді. Онда Семей ядролық полигоны мен Хиросима, Нагасаки қалаларында орын алған жарылыстардың зардаптары туралы сыр шертетін көрмелер болады. Әзірге бейбітшілікті паш ететін мұражай құрылысының қарқын алуына инвестор тарапынан қаражаттың жоқтығы қолбайлау болып тұр.

 

Кездесуде Айбек Мүталапханұлы бюджет түсімі және орындалуы, ескі кәріздік дюкердің, қала тұрғындары «ескі көпір» атап кеткен көпірдің жағдайына тоқталды.

— Биыл облыс бюджетіне қала бюджетінен 23 пайыз көлемінде аударым жасадық. Сондықтан кейбір салаларда қаражаттың жетіспеушілігін байқауға болады. Облыс әкімі жағдаймен жақсы таныс. Келесі бюджетті нақтылау кезінде Семейге қаражат бөлу туралы шешім шығарылады деген ойдамын.

Өзекті мәселелердің бірі – кәріздік дюкер. Қазір құны 1 млрд. 200 млн. теңге жобаның тендері өткізіліп жатыр. Таяу арада бұл мәселе шешімін табуы тиіс. Ал ескі көпірге сараптама жасалынып, қайта қалпына келтірудің жобасына қаржы бөлінген еді. Алайда қарастырылған 16 млн. теңге көлеміндегі қаражат мұндай жұмыстарды атқаруға жеткіліксіз екені анықталды. Сала мамандарының айтуынша, көпірді қайта қалпына келтіру үшін, кем дегенде 30 млн. теңге қаражат қажет. Көпір бүгінгі күні стандарттарға сәйкес келмейді. Маған «Көпірдің екі жағы толықтай асфальтталды, ал ортаңғы бөлігі неге толықтай жүргізілмеген?» деген сауал қояды. Көпір бар болғаны 10 тонна салмақты көтере алады. Ол жерге 30 тонналық жол жөндеу техникасын қалай жібере аламыз? Сондықтан біз ол жерге 10 тоннаға дейін шектеу қойдық. Сол себепті көпірді қайта қалпына келтіруге арналған жоба жасайтын боламыз, — деп атап өтті шаһар басшысы.

Ал Семей қаласының әуежайын жаңарту үшін қомақты қаражат керек. Әуежайды қайта қалпына келтіруге арналған дайын жобалық — сметалық құжаттар бар. Оның жобалық құны 11 млрд. теңге. Қаражат 2017 жылдың республикалық бюджетінде нақты қарастырылған. Бұл ретте 2017  жылға дейін әуежайды қайта қалпына келтіруде инвесторлардың игілігін пайдалану қарастырылуда. Әлбетте, мәселе неғұрлым жылдам шешілсе, әуе байланысы қызметі де жақсара түседі.

Биыл кварталішілік жылу желілері, жылу пункттерін, 35 –ші ықшам аудандағы, «Зооветинститут», МЭН сынды барлық дерлік жылу көздері қалпына келтіріледі. Бұл жұмыстарға осы жылға 1 млрд. 800 млн. теңге қаражат қарастырылмақ. Бүгінде  Семейдің жылу мәселесі бір жүйеге келді. Ал № 3 ЖЭО – ын салу заман талабы.

— Семей қаласында № 3 ЖЭО құрылысын жүргізуге мемлекеттік сараптамадан техника-экономикалық дәлелдемесі алынды. Құрылыс жүретін жер де нақтыланды. Құрылыс жұмыстарын жүргізетін жақсы инвестор табатын болсақ, бұл  Семей қаласының дамуына серпіліс беретіні сөзсіз. Бұған қоса Семейде гемотологиялық орталықтың және оңалту орталығының құрылысы жүргізілмек. Біздің алдымызда Семейде медициналық        туризмді дамыту міндеті тұр, — деген қала әкімі Семей қаласындағы тұрғын үй мәселесіне де тоқталды.

Тұрғын үй құрылысының жыл сайын қарқын алып келе жатқанын айтқан Айбек Мүталапханұлы:

— Біз «Қарағайлы» ықшам ауданының инфрақұрылысы бойынша жобалық – сметалық құжаттар әзірледік. Бүгінгі күні ол жерде үш көп қабатты тұрғын үй салына бастады. Тағы 9 қабатты, 72 пәтерлі үш үйдің іргетасы қаланады. Бұған қоса аталмыш ауданда 10 көп қабатты тұрғын үйлер салу қарастырылуда. «Қарағайлы» толығымен жаңа аудан болады. Облыс әкімі Даниал Ахметов айтқандай, жаңа шағын ауданды қалай салу керектігін семейліктер мен барша елімізге көрсетуіміз керек. Ол жерде Назарбаев Зияткерлік мектебі, СММУ – нің жатақханалары салынуда. Сондай-ақ ол ауданда солтүстік логистикалық орталық болады. Аталмыш ауданда қонақ үй, екі балабақша құрылысы жүргізілмек. Бір сөзбен айтқанда, аталмыш ауданды үлгі ретінде көрсетпекпіз.

Бүгінгі күні Семей қаласы бойынша 16 көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге қосымша 6 жер учаскесі дайындалуда. «Қарағайлы» ауданындағы 10 көп қабатты тұрғын үй, А.Байтұрсынов көшесінің бойындағы 2 үйді қоссақ, сонда биылғы жылы көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы  30-ға жуықтап қалады. Мұндай құрылыс жұмыстары Семейде көптен бері жүргізілмеген болар. Бұл өз кезегінде шаһардың дамуына алып келмек.

Қашан да Семей аяқдобының алдыңғы қатардан көрінуіне қолдау танытатын Айбек Мүталапханұлы «Спартак» командасы жайында өз ойын білдірді. Биыл команда білгенінен жаңылған жоқ. Бірінші лига арасында алдыңғы сапта. Алдағы уақытта еліміздің Премьер – лигасында ойнайтын Шығыс Қазақстаннан бір команда жасақтау қарастырылып отыр. Ол команда Семей қаласында болуы үшін, жанкүйерлер тарапынан зор қолдау қажет.

Тазалық – баршаға ортақ іс. Қазір қала тазалығына тек қалалық әкімдік жауапты деген қағида қалыптасып қалғаны жасырын емес. Қала әкімі бұл тұрғыда БАҚ өкілдерінің рөлі ерекше екенін жеткізді. Осы ретте қала көлемінде қазір қарқынды түрде тазалық жұмыстары жүріп жатқанын айта кету керек. Сондай –ақ қала тұрғындарына дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін БАҚ өкілдері өзінің ауласынан бастап, мекемесі, туған қаласының тазалығына бейжай қарай алмайтын жанашыр азаматтарды үлгі ретінде көрсету керектігін атап өтті.

Кездесу кезінде коммуналдық автобус паркін құру, жүргіншілер көп жүретін жерлерде салынатын жер үсті өткелдері туралы да сөз қозғалып, қала әкімі БАҚ өкілдері сауалдарына жауап берді.

Асан МЫРЗАХАНОВ, “Семей таңы”

 

Связанные новости

Казахстан закрепился в глобальном топ-20 по образованию, усиливая позиции среди развитых систем

08.04.2026
Казахстан закрепился в глобальном топ-20 по образованию, усиливая позиции среди развитых систем

Казахстан занял 18-е место в рейтинге Insider Global Education Index, набрав 0,092 балла и войдя в группу стран с устойчиво...

Читать далее ...

Грантов стало больше: в Казахстане стартовал набор в Академию госуправления

08.04.2026
Грантов стало больше: в Казахстане стартовал набор в Академию госуправления

Приемная кампания в Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан началась 1 апреля и продлится до 1 июня. В этом...

Читать далее ...

Казахстан и Кыргызстан укрепляют взаимодействие в сфере ЧС

08.04.2026
Казахстан и Кыргызстан укрепляют взаимодействие в сфере ЧС

На базе Центра по чрезвычайным ситуациям и снижению риска стихийных бедствий состоялось восемнадцатое заседание Совета Центра под председательством казахстанской стороны....

Читать далее ...

Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

08.04.2026
Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

Заместитель Премьер-министра – Министр культуры и информации РК Аида Балаева и министр туризма и спорта Ербол Мырзабосынов проверили готовность туристических...

Читать далее ...

В области Абай обсудили меры по обеспечению защищенности культовых сооружений

08.04.2026
В области Абай обсудили меры по обеспечению защищенности культовых сооружений

В области Абай усилена работа по обеспечению защищенности культовых сооружений, отнесенных к террористически уязвимым объектам. Очередная рабочая встреча собрала собственников...

Читать далее ...

В области Абай вынесено судебное постановление за неустранение выявленных недостатков при ремонте балкона

08.04.2026
В области Абай вынесено судебное постановление за неустранение выявленных недостатков при ремонте балкона

Согласно пункту 4 статьи 35 Закону Республики Казахстан «О защите прав потребителей», недостатки работы (услуги), обнаруженные в ходе ее выполнения...

Читать далее ...

Новости

Казахстан закрепился в глобальном топ-20 по образованию, усиливая позиции среди развитых систем

10 часов назад

Грантов стало больше: в Казахстане стартовал набор в Академию госуправления

11 часов назад

Казахстан и Кыргызстан укрепляют взаимодействие в сфере ЧС

11 часов назад

Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

11 часов назад

В области Абай обсудили меры по обеспечению защищенности культовых сооружений

17 часов назад

В области Абай вынесено судебное постановление за неустранение выявленных недостатков при ремонте балкона

17 часов назад

В районе Жанасемей продолжается работа по обеспечению жильём

17 часов назад

В районе Жанасемей поэтапно обновляется система водоснабжения

17 часов назад

В районе Жанасемей усилили освещение улиц и благоустройство

18 часов назад

Казахстан стал лидером в Центральной Азии по ВВП на душу населения, обогнав Россию и Китай

18 часов назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС