Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

САНА ТАЗАРМАЙ — АУЛА ТАЗАРМАЙДЫ

29.05.2015
FacebookWhatsappTelegram

Шаһар тазалығы алдыңғы кезекте қоғамдық тәртіпке де байланысты. Бұл ретте қала тұрғындарына да, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне де өзіндік жауапкершілік жүктеледі. Жуырда облыстық Абай кітапханасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жүргізілген тазалық шараларының нәтижелілігін сақтау мақсатында қала әкімі Айбек Кәрімовтің қатысуымен арнайы кеңес болып өтті. Жиынға Семей қалалық мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов,  жол полициясы қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары, қоғамдық бірлестік өкілдері, ПИК басшылары қатысты.

Кеңес отырысында алғы сөз алған Айбек Мүталапханұлы қоғамдағы тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстану қажеттілігін атап өтіп, қоғамдық тәртіптің бұзылуына тікелей әсер ететін бірнеше факторларды атап көрсетті. Оның ішінде әсіресе бүгінгі шаһарымыз үшін өзекті болып тұрған қала тазалығы мәселесі алдыңғы орында тұр. Рас, гүлзарлар мен жасыл желекке,  қоғамдық орындардағы мемлекет мүлігіне нұқсан келтіру сынды өрескел бұзақылық фактілері тіркелмегенімен, тазалық сақтауда кейбір тұрғындар мәдениетінің жоғары болмауы күнделікті тұр-мыста байқалып жүр. Яғни, сана тазармай – аулалар да тазармайды деген сөз.

— Қаланың санитарлық тазалығы, көгалдандыру мәселесі жөнінде сіздермен пікірлесудің маңыздылығы зор. Бұл шараны алдағы уақытта да тұрақты өткізу көзделуде. Сенбілік өткізілісімен, қала тап — таза қалыпқа келеді. Алайда көп ұзамай-ақ қайтадан жинастыруға тура келеді. Демек бұл мәселе дұрыс қозғалған жоқ деген сөз. Қала тазалығы тек жергілікті биліктің ғана жұмысы емес. Бұл — бұқаралық шара. Оның ішінде тұрғындардың да жауапкершілігі жоғары. Сондай-ақ тәртіп сақшыларының да өз міндеттемелері бар, — деп атап өткен қала әкімі аталмыш мәселені тереңірек талқылауды ұсынды.

 

{jcomments on}Осыдан соң қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев шаһарды  гүлдендіру, санитарлық тазалық сақтау жөніндегі идеологиялық концепция тезистерімен таныстырды. Семей қаласындағы санитарлық-эстетикалық мәдениетті арттыру мақсатында әзірленген  арнайы жоба 5 пункттен, концептуалды негізден, жүзеге асыру кезеңдерінен тұрады екен.

 

Аталмыш концепция нөлдік төзбеушілік принциптері негіздерінде әзірленіпті.    Басты үш бағытта жұмыс істеу көзделген. Атап айтсақ, рухани-мәдени бағыттағы тәрбие мен санитарлық-эстетикалық тәрбие және ақпараттық-ағартушылық бағыттан тұратын жоба мазмұны өте ауқымды. Осы үш тақырып аясында, әсіресе қаладағы мәдениет және білім беру ошақтарымен қатар, БАҚ жұмысына да айтарлықтай жауапкершілік жүктеледі. Көзделген міндет қалалықтардың қоғамдық орындарда тазалық сақтаудағы мәдениетін арттырып, ішкі тұрақтылықты нығайтып, шаһардың эстетикалық келбетін жақсарта түсу болып отыр. Концепция негіздері осылайша қала патриоттарының санын арттырып, өмір сүру дағдысына елеулі өзгеріс әкелуі тиіс.

Аталмыш жиын барысында қорытынды сөз алған қала әкімі осы кезеңге дейінгі атқарылған іс-шаралар жайлы айта келе, Семейдің рухани-мәдени маңыздылығын сақтап, арттыру бағытында барша құқық қорғау саласы өкілдерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар бұл шараны осыдан кейінгі кездерде де өткізіп, қажетті жағдайда түрлі мамандар мен ардагерлердің ақыл-кеңестеріне жүгіну керектігін жеткізді.

Әр семейлік өзінің азаматтық ұстанымын айқын байқатып, өз ауласына, қала көшелеріне  жанашырлықпен һәм жауапкершілікпен қарауы ләзім.

Кеңесте қозғалған мәселелер төңірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы керектігі жайлы тұжырым жасалынып, қорытындыланды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

7 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

7 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС