Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА

02.06.2015
FacebookWhatsappTelegram

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, 20 мамыр — 20 маусым аралығында «Қазақстан балалары – Нұрлы жолмен!» атты республикалық акция өтуде. Негізгі мақсат – қоғам назарын балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне аудару және оларға бөлінетін ықыласты арттыру. Осы орайда, 1 маусым — Балаларды қорғау күні аясында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Семей шаһарында бірқатар шаралар ұйымдастырылды.


Бұл күнгі балалар мерекесінің беташары Орталық саябақта басталды. Салтанатты іс-шараның ашылу рәсімінде қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова сөз алды. Барша балақайға ашық аспан, бақытты    балалық шақ тілеген Надежда Васильевна қала әкімі Айбек Кәрімовтің құттықтауын жеткізді.

 

{jcomments on}Осыдан соң Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы өнерпаздарының ұйымдастыруымен мерекелік концерт басталып кетті. Бүлдіршіндер шырқаған ән мен көркем би бұл күнгі мереке шырайын әрлей түскен еді. Ал осы сәттерде Орталық саябақтың әр бұрышында балаларға арналған түрлі ойын алаңдары жұмысын бастаған еді. Атап айтсақ, осындай алаңдардың бірінде бүлдіршіндер «Все лучшее — детям» атты  асфальтқа сурет салу байқауына қатысса, келесі алаңда «Қазақстанның балалары спортты таңдайды!» ұранымен жарыстар өтіп жатты. Бұл жерде балақайлар дойбыдан, шахматтан және  тоғыз-құмалақтан өзара сайысқа түсті.

 

Осы күнгі салтанатты шаралар әсіресе қаламыздағы балалар үйінде ерекше әсермен өтті. Мұндай орындардағы мерекелік ертеңгіліктерге қаламыздағы белді мекемелер демеушілік жасапты. Мәселен,  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Семей филиалы қалалық № 3 балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді арнайы келіп құттықтады. Атап айтсақ, банк қызметкерлері балаларға базарлық ретінде, үстелдері мен орындықтарын қоса алғанда, 21 компьютерден тұратын үлкен компьютер сыныбын жаңартып, жабдықтапты. Сонымен қатар оқыту бағдарламаларын да орнатыпты. Ал бұл көмек әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына игі ықпалын тигізері анық. Ал балалар үйінің тәрбиеленушілері өз кезектерінде демеушілері мен өзге де тәрбиеленушілерге арнап концерттік бағдарлама қойды. Өнерлі бүлдіршіндер көп екен. Ән мен биді кезекпен орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

— Біз жыл сайын 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастырамыз. Бұл республикалық деңгейде қолға алынуда. Дегенмен  балалар үйінде биыл алғаш рет өткізіп отырмыз. Компьютерлік сыныпты жаңартып бердік. Бұдан бөлек  филиал қызметкерлері өз қалтасынан қаражат шығарып, Семей қаласындағы № 8 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне демеушілік көмек жасады. Банкте ашылған жинақтау шотына 100 мың теңге салдық. Бұл балалардың ертеңі жарқын болуы үшін жасалынып жат-қан бірегей шара деп білеміз, — дейді пікір білдірген  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Семей филиалы директорының орынбасары Еркежан Әлібекқызы.

Бұл күні балақайлар көңілін аулаған шаралар қатары бір осылармен ғана шектелген жоқ. Түстен кейін шаһардың Орталық алаңында «Тек қана жұлдыздар» атты республикалық, халықаралық, облыстық және қалалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқаулардың лауреат-  тарын ұлықтаудың салтанатты     шарасы ұйымдастырылды.

Расында, Семейде өнерпаз өрендердің қатары мол екеніне аталмыш жиын барысында айқын көз жеткіздік. Мәселен, «Звездочки» тобы, «Россы» және «Үркер» студияларының өрендері мен қалалық «Әнші балапан», «Ақ көгершін» байқауларының жеңімпаздарын атасақ болады. Дәл осы күні республикалық «Жас таланттар — 2015» байқауы мен қалалық «Бақытты балалық шақ — 2015» сайысының жүлдегерлерінің мерейлері тасыды. Жас дарындар есімдеріне тоқталар болсақ, біраз жерге баруға болады.

Қорыта айтсақ, 1 маусым мерекесі өңіріміздегі барша балғынды ерекше қуанышқа бөледі.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

15 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

7 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

7 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС