Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ВОСТОКТАН» БАСЫМ ТҮСТІК

09.06.2015
FacebookWhatsappTelegram

Еуропада каталондық «Барселона» командасы Чемпиондар Лигасын ұтып алып, тойлап жатқанда, семейлік “Спартак” командасы да жанкүйерлерін жерге қаратпады. ҚР бірінші лигалар арасындағы кезекті кездесуінде өскемендік “Востокты” қабылдаған семейлік “Спартак” 2 : 0 есебімен жеңіске жеті.  Жасыл алаңда жасындай жарқылдаған Матвей Матвиенко мен Константин Задорожный.

Кездесу бірінші минуттан –ақ қарқынмен басталды. Семейліктер қарсыластардың айып алаңында қауіпті сәттер туғызғанымен, есеп ашу мүмкіндігі болмады. Бірінші таймда қос команда қанша тырысқанымен, таблодағы көрсеткіш еш өзгеріссіз қалды.

 

{jcomments on}Екінші таймда “Спартак” командасы сәтті шабуылдар ұйымдастыра отырып, 54-минутта Матвей Матвиенко “Востоктың” қақпасынан саңылау тапты. Есеп 1: 0. Стадионға жиналған жеті мың жанкүйер бір желпінді. Қалайда есепті теңестіруге тырысқан “Восток” командасының шабуылдары нәтижесіз аяқталып жатты. Қорғанысқа табандап жатып алған біздің жігіттер Өскемен командасына еш мүмкіндік бермеді. Ал 82- минутта “Спартак” шабуылшысы Константин Задорожный екінші голдың авторы атанды. Жасыл алаңдағы шығысқазақстандық қос команда  арасынды тоқсан минуттық теке тірес 2:0 есебімен “Спартактың” пайдасына шешілді.

 

Матч соңында бас бапкерлердің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналып баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Бапкерлер жасыл алаңдағы ойын өрнегіне өз көзқарастарын білдірді.

— Өте тартысты кездесу болды деуге негіз бар. Дегенмен алаң иелерінің мерейі үстем болды. Олардың жеңіске деген ынтасы айқын сезілді. Біздің ойыншыларда да мүмкіндіктер болғанымен, олар мүлт кетті. Оңтайлы сәттерді уысынан шығарып алды.    Қазір команда қалыптасу үстінде деуге болады. Жергілікті аяқдоп шеберлерін тәрбиелеуді қолға алдық. Біз ұсынған 25 адамның 15 ойыншысы өскемендік футбол мектебінің тәрбиеленушілері. Қателіктерімізді түзеп,  жұмысты жалғастырамыз,- деп атап өтті «Восток» ФК-ның бас бапкері Павел Евтеев.

Өз кезегінде «Спартак»  командасының бас бапкері Алексей Петрушин «Восток» командасының ойындағы тегеурінділігін жоғары бағалап өтті.

— Жан алысып, жан беріскен кездесулердің бірі болды десем, артық айтпаспын. Себебі қос команда да бір өңірдің намысын қорғауда. Әрқайсысының жоғарғы лигада өнер көрсетуге үміті бар. Оған екеуі де лайықты. “Востоктың” ойыншыларын жақсы білемін. Сауатты ойын жүргізе отырып, қорғаныста мығым болды. Мұқалмас жігерлерінің арқасында соңғы минутқа дейін күрескеніне тәнті болдым. Олардың бірнеше кездесулерде жеңіліп бара жатып, қарсыластарынан жеңісті суырып алған сәттері қаншама рет болғанын жақсы білесіздер. Біз өзіміз көздеген жоспарды іске асыра алдық.  Жігіттерге көп рақмет. Әр ойынды қалдырмайтын жанкүйерлерге шексіз ризашылығымды білдіремін. Мұндай зор қолдау білдіріп жатқанда жеңілу мүмкін емес, — дейді «Спартак» ФК-ның бас бапкері Алексей Петрушин.

Кезекті жеңісіне қол жеткізген семейлік команда 22 ұпаймен 1 лиганың турнирлік кестесінде көш  бастап келеді.                                       Жақсылық МҰРАТҚАЛИ, «Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

13 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

7 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

7 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС