Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРҒАН…

12.06.2015
FacebookWhatsappTelegram

Ежелден қалыптасқан ата кәсібімізге байланысты ат әбзелдеріне халқымыз тек еңбек құралы емес, өнер туындысы ретінде де қараған. Бабаларымыздан мұра болып жеткен бұйымдар бүгінгі күні де өз маңыздылығын жой-ған жоқ. Осындай ата жолын жалғастырып, оны кәсіп көзіне айналдырғандардың бірі — он саусағынан өнер тамған Озерки ауылының тұрғыны Ерлан Бейсекенов. Бүгінде ұлттық қолөнер, оның ішінде өрімшілік, ат әбзелдерін жасаумен айналысатын азаматтың есімі аймақ тұрғындарына біршама танымал болып үлгерген.

{jcomments on}

Қазіргі күні Ерлан Бейсекенов ерекше өнерімен ауылдастарының ықыласына бөленіп жүр. Механик мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған ол алғашқыда түрлі салада қызмет атқарады. Жастық шағы ауылда өткен Ерлан Мұқашұлы әр іске ден қойып, алдына өнер үйренсем деген мақсат қояды. Әсіресе ұлттық қолөнер, оның ішінде өрімшілік, ат әбзелдерін жасау ерекше қызықтырыпты.

 

— Осыдан бес жылдай уақыт бұрын ат әбзелдерін алыс-жақын шетелдерден әкеліп, тұрғындар сұранысын қамтамасыз еттім. Байқап қарасам, ер  тоқым, оған қажетті жабдықтарды өзімізге де жасап көруге болады екен. «Көз – қорқақ, қол- батыр» демекші, істі бастап көріп едік, соншалықты қиындық жоғын байқадық, тек ынта мен шыдамдылық қажет екен, —  дейді кәсіпкер.

Ұлттық өнердің жанашыры осылайша ұмыт болып бара жатқан қолөнер түрі — ат әбзелдерін жасауды қолға алады. Атап айтқанда ер тоқым, қамыт-сайман, ноқта, жүген, өмілдірік, құйысқан, қамшы сынды бұйымдарды әзірлейді. Осылайша шебер жалғыз ауыл ғана емес, өңір тұрғындарының сұранысына сай еңбек етіп отыр. Өнімдеріне алғашында ауылдықтар, іргелес аудандар тұрғындарынан сұраныс түсіп, ісі біртіндеп алға басыпты.

— Рас, «Қысқа жіп күрмеуге келмейді» демекші, кәсіпкерге шаруасын дөңгелетуге қаражат қолбайлау болыпты. Алайда бұл тығырықтан шығуға  мемлекеттің «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы септігін тигізді. Өткен жылы аталмыш бағдарламаға қатысушылар қатарында «Семей қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына» өтініш беріп, бизнес жоспарын ұсынды.  Сараптамадан өткеннен кейін, қажетті қаржыны алады, — дейді  Семей қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының бас маманы Мәуліт             Қилыбаев.

Шебер атанған Ерлан қолөнер бұйымдарына қажетті шикізат пен бөлшектерді Ресей, Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан облысынан жеткізіп отырыпты. Дегенмен соңғы жылдары қайысты шаһарымыздағы тері-былғары комбинатынан алса, ер тоқымның қосалқы бөлшектерін өз қолдарынан жасайтын болыпты.

Бүгінде жерлесіміздің қолынан шыққан бұйымдар республикалық, облыстық, аудандық көрмелерге қойылып, арнайы жүлделерді де иеленген. Қазіргі күні кәсіпкерге облыс және республикалық деңгейдегі бәйгелерге қатысатын сәйгүліктер үшін қажетті ат әбзелдеріне, терлікке (аттың терін алатын жабу) арнайы сұраныс түсіп тұрады. Соңғы кездері ғаламтор арқылы да тапсырыс бергендер саны артып, Астана, Қарағанды, Павлодар қалаларына да қолөнер туындыларын жіберуде. Ал  негізгі өнімдері Семейде саудаланады.

«Ісім өнсін десең, ретін тап!» деген хакім Абайдың кәсіпкерлікті жолға қойғысы келген жандарға арнап айтқан сөзі осындайда ойға оралады екен.

А. САМАТҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

13 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

7 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

7 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС