Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ДАУЫЛ САЛДАРЫ ЖОЙЫЛУДА

16.06.2015
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жексенбінің кешінде Семейде қатты дауыл тұрып, салдарынан қалалықтар үшін елеулі шығын орын алған болатын.

14 маусым күні кешкі сағат 18.30 шамасында қалада секундына 35 метр жылдамдықпен соққан қатты дауыл тұрды. Қаланың көп бөлігінде электр желілері үзіліп, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың шатырлары ұшып кеткен. Шаһардың сол жағалауы толықтай жарықсыз қалды. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Мамандар апаттың зардабын жою жұмыстарына бірден кірісіп кетті. Дауыл тұрған күні Семейге арнайы келген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі штаб отырысын өткізді. Ал дүйсенбі күні Дмитрий Гариков пен Айбек Кәрімов орын алған жағдайды баяндап, баспасөз жиынын өткізді. Отырыста алғаш сөз алған Айбек Мүталапханұлы:

— Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша барлық қызмет өз жұмыстарына шұғыл кірісті. Дауыл тұрған күні түнгі сағат 23.30-да облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариковтың қатысуымен төтенше жағдай  бойынша шұғыл штаб отырысын өткіздік, — деді.

 

{jcomments on}Келтірілген дерек бойынша, барлық қызметтер түні бойы жұмыс жасаған. Бірінші кезекте басты қажеттілік саналатын электр желілері мен кәріз жүйесі қалпына келтіріліпті.

 

Қаладағы жоғары кернеулі электр желісінің үзілуі шаһардың көптеген бөлігін жарықсыз қалдырған болатын. Дауыл ұшырған шатыр жабындысы аталмыш желіге құлаған, салдарынан 11 подстанция жұмысын тоқтатыпты. Қалпына келтіру шараларын “Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы” АҚ 11 жедел тобы атқарыпты. Жалпы қала      бойынша электр желілерінің үзілуі салдарынан 57 184 абонент жарықсыз қалған. Бұл жалпы абоненттердің 66 пайызын құрайды. Апаттың алдын алуға “Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы” АҚ 16 бірлік техника, 13 апатты жою бригадалары, коммуналдық қызметтерден 17 бірлік техника мен 60 адам жұмылдырылған. Ал ТЖД-нен 18 техника мен 70 адам тартылыпты.

Сондай-ақ бұл күні он адам медициналық көмекке жүгінсе, бүгінде олардың 2-і ғана емханаға жатқызылыпты. Жағдайлары жаман емес. Ал құлаған талдар мен түрлі заттардан 24 автокөлік зардап шеккен. Сонымен қатар бұл күні тоғыз бағдаршам істен шыққан. Олардың бесеуі электр жарығының сөнуінен болса, төртеуі су деңгейінің көтерілуінен жұмысын тоқтатыпты.

— Ең бастысы, адам шығыны орын алған жоқ. Айта кету керек, білім беру нысандарына елеулі түрде залал келді. Шамамен 11 мектептің шатырлары бүлінді. Кейбір білім ордаларының жабындылары 60 пайызға қираған. Бұған Суық бұлақ кентіндегі №48 орта мектепті жатқызуға болады, — деді облыс әкімінің орынбасары.

Дауыл салдарынан сондай-ақ 12 көп қабатты тұрғын үй, 3 мәдени нысаны және 30 шақты жеке сектордағы тұрғын үйлерге нұқсан келген.

Осы орайда Дмитрий Гариков сала басшыларына арнайы мамандандырылған мекемеге жүгініп, залал келген нысандарды бес күннің ішінде анықтауды тапсырды. Бұл жұмыстарға білім, денсаулық, ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясының қызметкерлері де тартылып, зардап шеккендерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін атап өтті. Қазір қалада қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

12 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС