Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

РАМАЗАН АЙЫ РУХАНИ ЖАҢАРУҒА БАСТАЙДЫ

16.06.2015
FacebookWhatsappTelegram

Міне, күллі әлем мұсылмандары асыға, сағына күткен Рамазан айына да санаулы күн қалды. Еліміздегі тәрізді, Семей өңіріндегі мешіттерде де даярлық жұмыстары қызу жүргізілуде. Жалпы, жылына бір келетін, әрбір минуты қапы жібермеген адам үшін зор сауаптан тұратын «бұл ай несімен ерекше, ораза тұтушыға нені ескеру қажет?» деген сауалдар ауыз бекітуге ниет еткен көпшілікті де мазалайтыны белгілі. Осы орайда Семей баспасөз клубында ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз конференциясына сонымен қатар бір мұнаралы Тас мешіт имамы Нұрбек Нәзілұлы мен Тыныбай мешітінің имамы Біржан Аманжолұлы да қатысты.

 

{jcomments on}Жиынды алғы сөзбен ашқан өкіл имам Мақсат Қуанышұлы осы аптаның бейсенбісі, яғни маусымның 18 жұлдызы, Рамазан айының алғашқы күні екенін, бұл күні ораза ұстауға ниет етіліп, таң сыз берместен бұрын сәресі ішілетінін жеткізді. Сондай-ақ бес парыздың бірі, дінімізде маңызды саналар бұл ғибадаттың ерекшелігіне де тоқталып өтті.

 

— Алла разылығы үшін ауыз бекіткен адам — Рамазан айының ерекше сыйынан үміт етеді. Бұл — әрбір ақыл тоқтатқан мұсылман үшін парыз амал. Жалпы, Алла Тағала адам баласына бір амалды парыз етсе, онда оны орындау үшін күш-қуат пен мүмкіндікті де қоса береді. Себебі Жаратушымыз ешкімге шамасы келмейтінді жүктемейді. Сондықтан да осынау ерекше айда ораза ұстап, ізгі амалдармен шұғылданып, айналамызға жақсылық жасау арқылы еселеніп берілетін мол сауаптан үміт етейік, — деп атап өткен өкіл имам оразаның шарттары, ауызашарға асығу мен сәресіге тұрудың қажеттілігі жайлы да тоқталып өтті.

Мақсат қажы Қуанышұлы сондай-ақ осынау қастерлі айда хатым-ас берушілер мен той-томалақ жасаушылар бұл шараларды кешкісін, ауызашарға ұйымдастырса, зор сауап арқалайтынын да жеткізіп, жұртшылыққа өтініш те жасады.

Өкіл имам айтып өткендей, биыл еліміз бойынша әрбір жан үшін берілетін пітір садақасы 200 теңгенің көлемінде екен. Ал Ораза 29 күнге ғана созылмақ. Рамазанның ең соңғы күні шілде айының 16-ы. Ертеңгісін, 17 шілде, жұма күні таңғы сағат 7-00-де қаламыздағы барлық мешіттерде мерекелік айт намазы жамағатпен оқылады. Пітір садақасы осы мезгілге дейін берілуі тиіс.

Ал өз кезегінде сөз алған мешіт имамдары Нұрбек Нәзілұлы қайырымдылық жасап, ізгі амалға ұмтылудың маңыздылығына тоқталса, Біржан Аманжолұлы оразаны бұзатын жағдайлар жөнінде түсінік беріп өтті. Жалпы, ауыз бекітуде ниетті туралаудың маңызы зор. Яғни «ағзамды тазартып алайын» немесе «артық салмақтан арылайын» деп емес, Жаратушының бұйрығын орындаймын деп мойынсыну қажет.

Баспасөз мәслихатында дін қызметкерлері журналистер сұрақтарына да жауап қайырды. Мәселен, жылдағы дәстүрге сай, Орталық мешіттен, тарауих намазынан қайтқан жамағат үшін үш бағытқа арнайы көлік қатынасы ұйымдастырылмақ. Бұл орайда қалалық мәслихат депутаты, «Таксопарк» ЖШС мекемесінің директоры Асқар Ширяевтің көмегі зор. Биылғы Рамазандағы Қадір түні шілденің 13-нен 14-не қараған түні аталып өтілмек. Мың айдан қайырлы бұл кеште жергілікті телеарна арқылы уағыз-насихат айтылып, қала мешіттерінен тікелей эфирде ақпараттық-танымдық мағлұматтар берілмек. Бұл орайда мешіт имамдары тарапынан Қадір түнін өткізудің арнайы бағдарламасы жасалуда.

Сонымен қатар орталық мешіт пен бір мұнаралы Тас мешітте және қарттар үйлерінде ауызашарлар берілмек. Одан өзге де қайырымдылық шараларын өткізу көзделуде.

Иә, Рамазан айы — Жаратушысының разылығы мен шын бақытты іздеушілердің сыналар шағы. Ендеше, рухымыздың сынып, нәпсіміздің назданып, ниетіміздің құбылуына жол бермегеніміз жөн. Құран аяттары мен Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде Алланың разылығын көздеп ораза ұстағандарға берілер сый жайлы сүйінші хабарлар жетерлік. Әрбір жақсылықтың сауабы жетпіс еселенетін қастерлі айдың  сауабынан құр қалмайық!..

Қос мұнаралы Орталық мешіттің баспасөз қызметі.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

12 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС