Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

16.06.2015
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің  өкімімен төрт жарым жылға жуық уақыт Семей қаласының  әкімі болып   қызмет атқарған Айбек Мүталапханұлы Кәрімов пен облысымыздағы Зырян ауданының әкімі  болып қызмет істеген Ермак  Бидахметұлы Сәлімов КАДРЛАРДЫ РОТАЦИЯЛАУ тәртібімен өзара  тақ  алмастырды.

 

 

{jcomments on}Қала активіне жаңа басшыны таныстырған облыс әкімі Даниал Кенжетай-ұлы Семей қаласына қашан да ерекше ықыласпен қарайтынын атап өтті.

 

– Семейге деген ықыласым ерекше. Семей тарихи – мәдени дәстүрі қалыптасқан, өзіндік орны бар шаһар. Алдымызда қала дамуына тың серпін беру міндеті тұр. Бұл бағытта бірқатар жоспарлар бар. Тәжірибесі мол Ермак Бидахметұлы — білікті басшы. Қалалық әкімдік жаңа әкіммен бірге аймақ әлеуетін барынша арттырады деген сенімдемін,  – деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімі Семей қаласын төрт жарым жылға жуық басқарған Айбек Кәрімовтің жұмысына оң баға берді.

— Мен Айбек Мүталапханұлының өте қарқынды жұмыс жасағанын қайталап айтқым келеді.  Айбек Мүталапханұлы жаңа қызметте де лайықты жұмыс ат-қаратындығына сенімдімін. Семей қаласын басқарған жылдары Айбек Мүталапханұлының басшылық қызметтегі тәжірибесі толыса түсті. Әсіресе аграрлық саладағы тәжірибесі көпке үлгі, — деп атап өтті өңір басшысы.

Қала активі Айбек Кәрімовтің төрт жарым жылдағы атқарған жемісті жұмысына оң бағасын беріп, ыстық ықыластарын жеткізіп, жаңа қызметінде де табысты еңбек етуіне тілектестіктерін білдіріп жатты. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы Маймұрат Уәлиев Айбек Мүталапхан-ұлының Семей қаласының жылуын жүйеге келтірудегі жұмысын ерекше  бағалады.

— Осында отырғандардың көбі біраз жыл бұрын Семейдегі үйлердің жылуы қандай жағдайда болғанын жақсы біледі. Сол уақытта әсіресе сол жағалау тұрғындары толықтай жылусыз қалған еді. Мұның себеп — салдары да көп болды. Бұл мәселе республика деңгейіне дейін көтеріліп, жағдайды жылдам шешу тапсырылды. Осы уақытта облыс әкімі шаһарымызға жаңа әкім Айбек Кәрімовті тағайындады. Айбек Мүталапханұлы, қыстың қаһарына қарамастан, жылу жүйелерін жөнге келтіруге барын салды. Міне, осы іскерліктің арқасында соңғы төрт жыл бойы семейліктер жылудан тарыққан емес. Мұны қарапайым тұрғындар жақсы біледі. Айбек Мүталапханұлының бастамасымен қаламыздың Орталық алаңы да тұрғындардың демалатын көрікті жерлерінің біріне айналды.            Шаһарды абаттандыру бағытында да көптеген игі істердің атқарылуына мұрындық болды. Осы елеулі еңбегі үшін Айбек Мүталапханұлына зор алғысымызды білдіреміз, — деді Маймұрат Уәлиев.

Жиында сөз сөйлеп, алғыс айтамын деушілер аз болған жоқ. Көптен суырыла шығып сөйлегендердің бірі  Гүлжихан Жұматаева болды.

— Семейдің мұсылман әйелдер ұйымының атынан Айбек Мүталапханұлына рақмет айтамын. Соңғы төрт жарым жылдағы Семей қаласына сіңірген еңбегі атап айтуға тұрарлық. Қай салада болмасын жеткен жетістіктер бар. Осы ретте алдағы қызметінде де ел игілігі үшін атқарған еңбегі еселене бергей, — деп Гүлжихан Әмірғалиқызы аналық ақ тілегін жеткізді.

Кездесу соңында Семей қаласының жаңа әкімі Ермак Сәлімов сөз алып, жаңа міндетті абыроймен өтейтінін атап өтті.

— Семей қаласы — ерекше қала, мәдениеттің орталығы. Осындай тарихи шаһарды басқаруға сенім білдіріліп отыр. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік әрі үлкен міндеттер жүктейді. Айбек Мүталапханұлы бастап кеткен жұмыстарды жалғастырып, Семей қаласын өзге қырынан дамытуға күш – жігерімді саламын. Ол үшін алдағы уақытта барлығымыз бірлесе жұмыс атқаратынымызға, ортақ шешім аясында қызмет жасайтынымызға кәміл сенемін, — деп атап өтті Ермак Бидахметұлы.

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ,“Семей таңы”

 

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

12 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС