Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АҚ ХАЛАТТЫЛАР АРДАҚТАЛДЫ

24.06.2015
FacebookWhatsappTelegram

Маусым айының үшінші жексенбісі еліміз бойынша Медицина қызметкерлерінің күні болып саналады. Кәсіби мерекені семейлік адам жанының арашашылары да кең көлемде атап өтті. Қаламыздағы Абай атындағы театрда денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне арналған облыстық деңгейдегі мерекелік шара өтті.

Ең алдымен Орталық алаңда медицина саласына маманданып жүрген студенттердің қатысуымен ерекше флэш-моб ұйымдастырылды. Дөңгелене жүрек пішінін құраған    жастар тобы адам денсаулығы мен өмірінің қаншалықты маңызды екенін әуен ырғағындағы ерекше әрекеттері арқылы білдірді.

 

{jcomments on}Ал салтанатты жиынды облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар арнайы құттықтау сөзбен ашты.

 

– Қадірменді жерлестер! Бүгін біз үшін ерекше мереке. Дәрігерлерге елеулі еңбектері, мейірімділіктері үшін, қала берді, шыдамдылықтары үшін облыс басшылығының құттықтауын жеткізгім келеді. Бүгінде еліміздің медицина саласы қарқынды дамуда. Емханалар мен ауруханалар жаңа құрылғылармен жабдықталуда. Заманауи медициналық технологиялар енгізіліп, медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі артып келеді. Осының барлығы  еліміздің тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету үшін жасалуда. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 — 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудың маңызды кезеңі болды. Соның аясында біздің облысымызда да көптеген денсаулық сақтау нысандары салынып, халықтың игілігіне берілді. Мамандарымыз алыс-жақын шетелдерде білімін жетілдірді. Семей, Өскемен қаласында жаңа ауруханалар салынып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Медицина қызметкерлері отандық денсаулық сақтау саласының ең үздік дәстүрлерін жалғастыруда. Олардың жетістіктері — еліміздің барлық медицина қызметкерлері еңбегінің нәтижесі. Барлық өзгерістердің табысты іске асырылуының кепілі — медицина қызметкерлерінің тәжірибесі, білімі және шеберлігі. Медицина қызметкерлеріне өз міндетіне деген жоғары сезім, адамдардың өмірі мен денсаулығына деген жауапкершілік тән. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында 14 мың медицина саласының өкілі еңбек етеді. 5 мың 400-ге жуық дәрігер бар. Соңғы жылдарда ана мен бала өлімі азайды. Өлімге алып келетін қатерлі сырқаттар саны да айтарлықтай  кеміді. Мұның барлығы сіздердің еңбектеріңіз. ШҚО медицинасы еліміз бойынша жетекші орын алады. Кәсіби біліктілігі жоғары адам өмірінің қорғаушылары аймағымыздың да мерейін асыруда. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен бұл салаға 508 млн. қаржы бөліп отырмыз. Соның есебінен мамандар Еуропаның жетекші медициналық мекемелерінде біліктілік шыңдайтын болады,- деген Жақсылық Мұқашұлы сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Облыс әкімінің орынбасары сонымен қатар облысымыздағы аталмыш сала бойынша өзге де жетістіктерге тоқталып, алдағы атқарылар шаралар жайлы да айтып өтті.

Осыдан соң Жақсылық Омар аймағымыздың әр түкпірінен келген озат медицина мамандарын арнайы төсбелгімен марапаттады. Олардың арасында Зайсан аудандық ауруханасының дәрігер-анестезиологі Ержан Закиев, көкпектілік фельдшер Мария Жанатовалардың абыройы айрықша асқақтағанын айта кеткен жөн.

Салтанатты шара барысында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов те сөз алып, аталмыш сала мамандарына құттықтау тілегін арнады.

— Құрметті медицина саласының қызметкерлері! Ұлт денсаулығы — мемлекет саясатының ең басты басымдықтарының бірі. Отанымыздың экономикасы күшейген сайын, медицина да қарқынды болып келеді. «Қазақстан – 2050» Стратегиясында денсаулық сақтаудың 5 жобасы айқындалған еді. Бұл орайда Елбасы Н.Назарбаев: «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен медицина саласын дамыту  қазақстандықтардың өмір жасын ұзартуға жол ашады»,- деп сала қызметкерлерінің ісін нақтылай түскен болатын.  Президентіміз сонымен қатар медициналық кластер құру, диагностикалау ісінің де маңыздылығын атап көрсетті. Бұл орайда Гиппократ антына әрдайым адал жандар – сіздердің еңбектеріңізге арқа сүйейміз. Барлықтарыңыз бақытты болыңыздар, денсаулықтарыңыз мықты болсын,- деді өз сөзінде қала әкімі.

Сонымен қатар шаһарымызда жемісті еңбек етіп, сіңірген айтулы қызметімен мерейге бөленген бірқатар дәрігерлер марапатталды. Атап айтсақ, қала әкімінің бас жүлдесімен № 12 алғашқы медициналық санитарлық қызмет көрсету орталығының қызметкері Сайра Айтхожина марапатталды. Сондай-ақ перинаталдық орталықтың акушер — гинекологі Наталья Ямышева да қала әкімінің құттықтауына ие болды.

Өз кезегінде ШҚО Денсаулық сақтау бас-қармасы басшысы Вадим Овсянников те сала мамандарын құттықтауға арнайы келіпті. Атап айтсақ, үржарлық Есенгелді Рамазанов пен  Әлия Ахметбекова, семейлік Рафаэль Қанафиянов, Жаматай Мырзаханов, Майсара Ғабдолқызы, аягөздік Ая Мұстафаевалар бұл күні марапат иегерлері атанды.

Өз мамандығының ең үздіктері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Салтанатты жиын семейлік өнерпаздардың қатысуымен өткен концертпен аяқталды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

11 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС