Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СӘТ САПАР САҒАН, ЖАС ТҮЛЕК!

24.06.2015
FacebookWhatsappTelegram


Бала шақтан болашаққа — бір қадам. Балалықтың бал дәуренін артқа тастап, көңілді қимастық пен қуаныш кернеген, аңсау мен арман сезімдері араласқан, жүректері алып ұшқан шәкірттер алтын ұя мектептерімен қош айтысып, қолдарына аттестаттарын алды. Жүректері алып ұшқан олардың әрқайсысы үшін бүгін азаматтық қадамның алғашқы баспалдағы басталды. Алда әлі алар асу, шығар белестер бар. Сондықтан оларға деген бүгінгі сенім, үлкен өмірдің даңғыл жолын жарық етпек.

Сенбі, 20 маусым күні Семей қаласының Орталық алаңында да биыл мектеп бітірген түлектер қолдарына аттестаттарын алды. Шараға арнайы қатысқан шаһар басшысы Ермак Сәлімов мектеп бітірушілерді арнайы құттықтады.

Семей қаласы бойынша биыл 1724 оқушы қолына аттестат алды. Оның ішінде 10 бала «Алтын белгі» иегері атанса, 16 түлек үздік аттестатқа қол жеткізді. Халықаралық олимпиадаларда сынға түскен 23 оқушының арасынан 13 оқушы жүлделі орындардан көрініп, жоғары оқу орындарының гранттарын иеленген екен.

 

{jcomments off}Салтанатты кеш түлектердің тілек ағашына арман ленталарын байлау рәсімімен басталды. Театрландырылған көрініс мектеп бітірушілер мен ата — аналардың мерекелік көңіл – күйіне ерекше әсер қалдырды. Салтанатты кеште қала әкімі Ермак Сәлімов түлектерге сәт сапар тілеп, ақ тілегін арнады.

 

— Құрметті түлектер! Сіздер өмірлеріңіздегі ең маңызды құжаттардың бірі  аттестатқа ие болдыңыздар. Бұл сіздер үшін үлкен өмірге алған жолдама іспетті. Мемлекет басшысы үнемі жастарға сенім артып келеді. «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруда жасампаздыққа ұмтылған жастар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесіп күш салуы тиіс. Себебі дәл сіздерге 2015 жылғы мектеп бітірушілерге Мемлекет басшысының Ұлт Жоспары — «100 нақты қадам» стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік беріліп отыр. Ол үшін, әрине сіздерден терең білім, тәжірибе мен қажырлы еңбек талап етіледі. Ұлттың көсегесін көгертуді көздеген жоспар елімізді жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз. Сондықтан сіздерден үлкен жетістіктерді күтеміз. Бұл орайда барлықтарыңыз білім алып, табжылмай тәжірибе жинақтауға тырысуларыңыз керек. Сол сәтте «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасының орындалуына жол ашылатын болмақ, — деп атап өтті Ермак Сәлімов.

Ермак Бидахметұлы мектепті үздік тәмамдаған түлектерге «Алтын белгі» төсбелгілерін, үздік аттестат табыс етті. Жылдағы дәстүр бойынша мектеп ұясынан шыққан шәкірттер вальс билеп, соңғы қоңырау үні сыңғырлады. Үлкен өмірге қадам басып, қолына аттестат алған түлектердің бірі — Аида Ережепова.

— Биыл мектеп бітіп жатқан барлық түлектерге сәт сапар тілеймін. Көздеген жоғары оқу орындарына түсуге қол жеткізер деген сенімдемін. Біз үшін жауапты сәттер әлі алда, — дейді жас түлек.

Салтанатты кеш концертпен жалғасын тапты. Сонымен қатар түлектердің есімдері жазылған шарлар аспанға әуелеп, мерекелік отшашу ұйымдастырылды.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ, «Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

11 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС