Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Ермак Сәлімов: ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛІ БОЛУЫ — УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ

26.06.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов жаңа қызметтегі алғашқы аппараттық кеңесін өзінің жұмыс жүргізу тәжірибесін және еңбек жолын таныстырудан бастады. 1981 жылы Қазақ политехникалық институтынан тау инженер — маркшейдері мамандығын алғаннан кейін 13 жыл кен орындарында еңбек еткен. Оның 8 жылында үздіксіз жерасты шахтасында жұмыс жасаған. 1994 жылдан бастап әкімшілік, басқару саласында бірқатар лауазымды қызметтер атқарған. 2009 жылы Риддер қаласының, 2010 жылдан бүгінге дейін Зырян ауданының әкімі болды. Еңбек жолының әр белесі жоғары басшылық тарапынан лайықты бағалануының нәтижесінде Семейдей ауқымды да ерекше қаланың тізгіні сеніп тапсырылған.

 

 

{jcomments on}Ермак Бидахметұлы өзі жайлы қысқаша тоқталып, жұмыс жүргізу барысындағы ұстанымдарына бірден көшті. «Мемлекеттік қызметті басқару тәртібіне сай, әкімдердің ауысып отыруы заңдылық. Бірақ ол әкімдік аппаратқа, өзге де құрылымдарға ешқандай ықпал етпеуі тиіс. «Команда құруды» қаламаймын, бұрын да болған емес. Пәлендай жаңалық енгізудің қажеті жоқ. Елімізді дамыту стратегиясы белгілі. Өңірді өркендетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар қажетінше бар. Тек талмай жұмыс істеуіміз керек. Мәселе туындап жатса, революциялық емес, эволюциялық жолмен шешу жағындамын. Өмір болған соң кейбір кадрлық өзгеріс орын алуы мүмкін. Ол көбінесе мамандардың біліктілігіне байланысты. Негізгі ұстанымым — лайықты кадрлардың мүддесін мүмкіндігінше қорғаймын. Сондықтан өзіме дейінгі әкімнің еңбегін құрметтей отырып, сіздермен тізе қосып жүктелген тапсырмаларды одан ары жалғастыратын боламын. Менің немесе сіздердің сенімге қаншалықты сай болатынымызды уақыт көрсетеді. Бұл — бір. Екіншіден, әркім жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін, кеңейтілген жиналыстарды азайтып, белгіленген бағытта нақты қадамдар жасауға басымдық беруіміз керек. Барлық бөлімдер мен құрылымдардың жұмыс нәтижесін, негізінен, тиісті әкім орынбасарлары бақылайды. Мен өзіме қандай үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын өте жақсы түсінемін, бәріне уақыт төреші»,- деп сөз бастаған Е.Сәлімов барлық басшылар мен мамандарды ең әуелі жұмыс уақытын тиімді пайдаланып, берілген тапсырмаларға мұқият болуға шақырды. Сол үшін басшылар мен мамандардың жұмыс барысындағы қарым-қатынасына оң ықпал ететін техникалық, технологиялық жетістіктерді меңгеріп, тәжірибеге енгізу керектігін ұсынды.

 

Қала басшысы Семей өңірінің бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай қарқын бар екенін, осы көрсеткішті әлі де жақсарта түсу жолдарын қалай ұйымдастыру керектігіне тоқталды. Қала аумағындағы жылу нысандары мен инфрақұрылым төңірегіндегі түйткілдер ертең мәселе тудырмау үшін, сол нысандардың шаруаларына жауапты мекемелер жұмысын ширатуы қажет. Облыс басшылығының тапсырмаларын, өзге де жүктелген жауапкершілікті мезгілінде жүзеге асыру үшін жұмысты дұрыс әрі тиімді жоспарлау керектігі ескертілді.

Ден қойған келесі мәселе 14 маусым күні орын алған төтенше жағдайдың зардаптарын жою барысы болды. Қала әкімі Ермак Бидахметұлы табиғаттың тосын мінезінен пайда болған ахуалға қатысты құрылған комиссия құрамына шығынға ұшыраған тұрғындарды нақты ақпараттармен қамтуды тапсырды. Әсіресе қандай шығындар сақтандыру есебінен немесе мүлік иесінің өз күшімен қалыпқа келтіретіндігін ашық ұғындыру қажеттігін ескертті. Бастысы, қоғам ортасында «барлық мәселені билік шешіп береді» деген түсінік қалыптаспауы үшін, атқарушы биліктің заң аясында ғана әрекет ете алатынын, әр шығынды қалыпқа келтірудің өзіндік ережесі, құқықтық тәртібі бар екенін, Үкімет көмегі қандай мәселелерге қарастырылатындығы жеткілікті түсіндірілуі тиіс екендігі айтылды. Төтенше жағдай салдары толық қалыпқа келгенше, қала әкімі өзі бақылап отыратынын мәлімдеді.

Жаңа әкім жиын соңында өзінің жеке ұстанымдарын да жасырмады. Қоғам немесе баспасөз тарапынан айтылатын сындарды шынайылығына қарай қабылдайды. Өзіне қатысты пікірлерге түйін жасауда өзгенің кеңесіне жүгінбейді. Мемлекеттік қызметкерлер мүддесін мүмкіндігінше қолдайды, өйткені  мемлекеттік қызметкерлердің көзге көрінбейтін қиыншылықтарын терең сезінеді. Спорт — ғұмырлық серігі. Жалған немесе алдын ала уәде беруге түбегейлі қарсы. Өзі де, өзгелердің де адамгершілік қағидаларды қатаң сақтауын қалайды.

Қала әкімінің баспасөз қызметі.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

11 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС