Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ОМАРТА — ТАБЫСТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

26.06.2015
FacebookWhatsappTelegram

Балды ежелден тағам ретінде тұтынумен қатар, халықтық емдеу дәстүрінде де түрлі дерттерге жиі қолданған. Сол себепті де оны тек тағам ретінде ғана емес, түрлі емге пайдалануда өте жоғары бағалайды. Алғашқы аралар Қазақстанға осыдан бір жарым ғасыр бұрын Өскеменнің іргесіне әкелініп, қолға үйретіле бастапты. Сондықтан да Шығыс Қазақстан облысы күні бүгінге дейін еліміздегі омарта шаруашылығының отаны саналады. Ал Қазақстанда өндірілетін бал өнімдерінің 90 пайызы облысқа тиесілі екен. Өңірдегі осындай омарташылардың бірі, 40 жыл бал өндірумен айналысып келе жатқан семейлік омарташы — Павел Сердюк.

 

{jcomments on}Павел Геннадьевич Сердюк – жоғары білімді инженер-механик, алайда жастайынан  омарта ұстайтындар қатарында. Жастайынан әкесіне қолғабыс жасаған бала Павел омарташы кәсібімен айналысуға қызығушылығы оянып, 1973 жылдан бастап көмекші болуға жарайды. Сөйтіп, жоғары сыныпта оқығаннан бастап, білім алып, мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрсе де, бала кезіндегі көзі қанық болған шаруалар қызықтырып, қолы бос кезінде әкесінің қасынан табылып, қолғабыс қылады.

 

Жоғары оқу орнын бітіріп, инженер-механик мамандығын алып шыққаннан кейін, конструктор болып  өткен ғасырдың  тоқсаныншы жылдарына дейін қызмет етеді. Сол кездегі ірі өндіріс орындарындағы қысқартуға байланысты жұмыссыз қалып, өзінің сүйікті ісімен айналысуға тура келеді. Бұл тұрғыда оған жылдар бойы әкесінің қасында жүріп жинаған мол тәжірибесі үлкен көмек болады. Айтарлықтай қиыншылықтар да туғызбайды. Десек те қаражат жағы қолбайлау болып, өткен жылдың қаңтар айында ақпарат құралдарынан  «Жұмыспен қамту жол картасы- 2020» бағдарламасы арқылы шағын несиенің берілетінінен хабардар болады. Көп уақыт өткізбей, бірден мемлекет тарапынан ұсыныл-ған көмекке жүгінеді. Сол айда жұмыспен қамту орталығына өтініш пен бизнес жоспарын ұсынып, бес ай өткеннен кейін, 2 миллион 300 мың теңге көлемінде қаражатқа ие болады. Алған қаражатқа аралардың жаңа отбасыларын, ұяларын, тағы да басқа бал өндіруге қажетті  арнайы қондырғылар сатып алып, жұмысын жалғастырады. Бұл өз кезегінде өнім сапасы мен көлемін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Бүгінгі күні     Павел Сердюк — тұрғындарға табиғи, ең бастысы, пайдалы өнім ұсынып отырған өңірдегі ең ірі омарташылардың бірі.

Өзінің сүйікті ісін жетік меңгерген Павел Геннадьевич балдың емдік қасиеті мен сапасы жайлы ғана емес, сонымен қатар көптеген пайдалы кеңестерімен бөлісуге әрқашан дайын. Мәселен, балды қалай таңдау керектігі жөнінде, табиғи балды жасанды өнімнен ажырату жолдары, балдың пайдалы құрамын ұзақ сақтау үшін өнімді қалай дұрыс сақтау керектігі туралы кеңінен әңгімелеп берді. Тәжірибелі омарташы бал өндіру барысында одан қосымша алынатын көптеген өнімдердің де пайдалы екенін айтады. Оның айтуынша, тіпті өлі аралардың өзі денсаулыққа пайдалы. Ең бастысы, балмен емделу барысында қажетті ережелерді сақтасаң болғаны.

— Балдың пайдасы өте көп. Мәселен, балдың бір түрі асқазанға, енді бірі жүрекке пайдалы деп жатады. Дегенмен өнімнің кез келген түрінде пайдалы заттар барын айтқым келеді. Сондай-ақ ара шаруашылығымен айналысу барысында алынатын көптеген пайдалы өнімдер де болады. Мәселен, бал балауызын, прополисін, аналық сүті мен тозаңын пайдалануға болады. Сонымен қатар өлі бал арасынан жасалған тұнба да өте пайдалы. Оны буын ауруларына ем ретінде қолданады. Ең бастысы – таза табиғи өнімді пайдаланып, ем шараларын дұрыс жасай білсе болғаны. Пайдалану жолына да мән берген дұрыс, — дейді Павел Сердюк.

Омарташы Семей өңірінде ара шаруашылығын дамытуға барлық жағдайдың барын айтады. Оған кең егістік алаңдары мен әртүрлі өсімдік түрлері молынан мүмкіндік береді. Омарташы аталмыш сала бойынша кез келген жасты үйретуге дайын. Өйткені Семейдің балын тек өзімізде ғана емес, алыс өңірлерде де жоғары бағалайды екен. Мысалы, Павел Сердюк шығаратын отандық өнім көршілес Қытай жерінде саудаланып, онда өткен ауылшаруашылық жәрмеңке-сінде алушылардың көңілінен шығыпты.

— Сүйікті ісіммен айналысуға мүмкіндік беріп отырған Үкіметтің пайызы төмен несиесіне ризашылығымды білдіремін. Болашақта денсаулыққа пайдалы табиғи таза бал өнімдерін өндіруге күш сала бермекпін. Ең бастысы, ел экономикасының дамуына аз болса да өз үлесімді қосуды басты міндетім деп санаймын, — дейді омарташы Павел Геннадьевич.

Семей қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы  мекемесінің ақпараты негізінде әзірлеген Асан МЫРЗАХАНОВ.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

10 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС