Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СЕМЕЙЛІК СПОРТШЫЛАР ЖЕТІСТІКТІ ЕСЕЛЕДІ

26.06.2015
FacebookWhatsappTelegram

11-16 маусым күндері Өскеменде ШҚО әкімінің жүлдесіне арналған ХІХ халықтық спорт ойындары өткен болатын. Нәтижесінде Семей қаласының құрамасы жалпыкомандалық есепте ІІ орынды еншіледі. Осыған орай сейсенбі күні Семей қаласы ақпараттық орталығында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев пен ХІХ халықтық спорт ойындарында жүлдегер атанған семейлік спортшылардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

 

{jcomments on}Биылғы жылы халықтық ойындар  бағдарламасына өзгерістер енгізіліпті. Атап айтқанда, баскетбол, асық ату және аламан бәйге жарыс қатарына алынды. Сол сияқты ақ боз үй байқауы да қайтадан жаңғыртылған екен. 13 маусым күні Өскемендегі «Восток» алаңында өткізілген жарыстың ашылу салтанатында 40 адамнан құралған топ Семейдің жалауын желбіретіп, сап түзеп өткен. Жерлестердің арнайы тігілген киім үлгілері өңір басшылығы тарапынан жоғары бағаланған көрінеді. 146 адамнан жасақталған делегация құрамасы 23 ойын түрінен шаһар намысын қорғаған. Оның ішінде жерлестеріміз дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, жорға жарысы және қазақ күресінен ешкімге дес бермей, топ жарған. Ал үстел теннисі, жеңіл атлетика мен 25 шақырымдық аламан бәйгеде семейлік саңлақтарымыз ІІ орынды иеленген. Асық ату мен 3 шақырымдық тай жарысынан, президенттік көпсайыс пен волейболдан ерлер құрамасы қола жүлдеге табан тіреген. Жарыс қорытындысы бойынша қалалар арасында өскемендіктер жеңіс тұғырынан көрінген. ІІ орынды Семей қаласының командасы иеленсе, үздіктер үштігін Зырян қаласы түйіндеген. Ал аудандар арасында Тарбағатай ауданы көш бастаған. Баспасөз мәслихаты барысында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев құраманың кемшін тұстарын да атап өтті.

 

— Өкінішке орай, футбол мен әйелдер арасындағы волейбол жарысынан үмітіміз ақталмады. Аяқдопшылар ІV орынды қанағат тұтты. Іріктеу турнирлерінде волейболдан жақсы өнер көрсеткен қыздар құрамасына бұл жолы VІІІ орын бұйырды. Осылайша  өскемендіктерге есе жіберіп алдық. Десек те мұның өзі жаман нәтиже емес. Алдағы уақытта осы олқылықтар негізге алына отырып жұмыс жүргізілетін болады. Жарысқа дайындалу кезінде спортшыларға зор қолдау көрсеткен бірқатар азаматтар мен барлық ұйымдарға алғысымызды білдіреміз,- деді Мұрат Мұрсаханұлы.

Айта кету керек, облыстық турнирде көпшілікпен тең дәрежеде сайысуға мүмкіндігі шектеулі жандар да мүмкіндік алған. Соның ішінде қол күресінен 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Данияр Тайменов қарымының мықтылығын дәлелдеп, алтыннан алқа таққан. Жалпы, жарысқа 16 мен 60 жас аралығындағы спортшылар қатысқан. Енді үздік шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлерден облыс құрамасы іріктеліп, күз айында «Ақ бидай» республикалық ауыл спорт ойындарында өңір намысын қорғамақ. Сондай-ақ Мұрат Құржықаев өз сөзінде ШҚО әкімінің жүлдесіне арналған келесі жылғы ХХ халықтық спорт ойындары Семейде өткізілуі ықтимал екендігін айтып өтті.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

10 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС