Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ВЕЛОШЕРУ — САЛАУАТТЫЛЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ

30.06.2015
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптаның жексенбісі семейлік спортсүйер қауым үшін ерекше мәнге ие болды. Жастар күнін атап өту аясында қала әкімі Ермак Сәлімовтің бастамасымен қала бойынша тұңғыш рет кең көлемде велошеру ұйымдастырылды.

Бұл күні спорттық киім киіп велосипедке мінген 500-ден аса спортшы сол жағалаудағы Мұхтар Әуезов алаңына жиналды. Салтанатты шара әсем әуенмен әрленіп, қаланың бұл бөлігі ерекше мерекелік көңіл — күйге енгендей еді. Қатысушылар арасында мемлекеттік қызметкерлер, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, белді кәсіпкерлер мен қаламыздағы көптеген мемлекеттік мекемелер өкілдері, кәсіпорындар басшылары, ардагерлер ұйымдары мүшелері мен жастар бар. Әсіресе «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей жол бөлімшесінің теміржолшыларының қарасы мол болды. Оның да өзіндік себебі бар. Биыл Семей темір жолының салынғанына 100 жыл толмақ. Аталмыш шара осынау атаулы күнмен орайластырыла өткізілгендіктен, ғасыр мерейтойының беташары іспетті екен.

 

{jcomments on}Жиналған ынталы топтың алдында ең алдымен қала әкімі Ермак Сәлімов сөз алып, мерейлі шараның негізгі мақсатына, бұқаралық спорт түрлерін дамыту мәселелеріне тоқталып өтті.

 

— Қайырлы күн құрметті жерлестер! Баршаларыңызды бүгінгі жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің ертеңі жастардың қолында десек, оларға артылар сенім де жоғары. Ал бүгінгі іс — шараның мақсаты — қалалықтарды бұқаралық спортты дамытуға шақыру. Бұл орайда барша мекемелер мен жастар қалыс қалмауы тиіс. Осы ретте биылғы жылы 100 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының Семей жол бөлімшесінің ұжымын да құттықтай кеткім келеді, — деді өз сөзінде шаһар басшысы Ермак Бидахметұлы.

Сонымен қатар қаланың мейманы, Ресейдің Омбы қаласына велосипедпен бет алған риддерлік велошабандоз Байрам Мұхаметжанов та сөз алып, барша семейліктерді экологиялық тұрғыдан тиімді  әрі денсаулыққа мол пайдасы бар велоспорт түрімен айналысуға шақырып, айтулы күнмен құттықтады. Ал мейманға Семей қаласы әкімінің атынан арнайы сыйлық табыс етілді.

Осыдан соң қала әкімі бастаған велосипедшілер тобы қаланың көрікті орны  Ертіс ортасындағы Түйемойнақ аралында баяулатып жүріп кетті. Салтанатты велошерудің алдыңғы сапында Қазақстан темір жолы логотипі бейнеленген туды көтерген теміржолшылар көш бастап жүріп отырды.

Осылайша шара қатысушылары 9 шақырымдай жерді арт-қа тастап, оң жағалау арқылы арал ортасындағы  «Бейбітшілік» стелласына келіп жетті. Бұл арада мерекелік жиын жалғастық тауып, облыстық мәслихат депутаттары, қала қонақтары жұртшылық алдында лебіз білдірді. Алдымен қайыра сөз алған қала әкімі барша қатысушыларға ынта танытқандары үшін зор алғыс білдіріп өтті. Осыдан соң «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Семей жол бөлімшесі» филиалының басшысы Марлен Көкірекбаев барша қала жұртшылығын, семейлік теміржолшыларды құттықтап өтті.

—  Бүгінгі іс-шараны ұйымдастыр-ған, демеу жасаған қала әкімі Ермак Бидахметұлына алғысымызды білдіреміз. Ал Семей темір жолының 100 жылдық мерекесі — осы салада еңбек ететін мамандар үшін айтулы мейрам. Сондай-ақ тарихы терең осынау қала, осынау өңір үшін де елеулі маңызы бар екені анық. Сондықтан да оны мерекелеудің аясы алдағы уақытта да кеңейіп, қалалықтар көңіліне серпін сыйлар тартымды шаралар қатарымен толыққаны дұрыс деп санаймыз. Семейлік темір- жолшылар да спорттық шаралардан шет қалмайды, — деді өз сөзінде Марлен Кәрімұлы.

Сонымен қатар жастар атынан сөз алып, тілек білдірген қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар       Садырбаев барша өскелең буынды құттықтады.

— Қадірменді қала жастары, құрметті жерлестер! Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Еліміздің болашағы атанған сіздердің әр қадамдарыңызға, әр бастамаларыңызға сәттілік тілеп, осындай ұйымшылдықпен келешекте де биіктерді бірге бағындыруға шақырамын, — деді Айдар Серікқазыұлы.

Осыдан соң велошеруде белсенділік танытқан мекемелер мен жекелеген қатысушылар марапатталды. Айта кету керек, өңірдегі ұйымдар арасында жұдырықтай жұмыла білген Семей жол бөлімшесі «Ең бірлігі мықты ұжым» аталымымен бас жүлдені еншіледі. Ал «Ең үздік спорттық жетекші» атауын Семей қаласының прокуроры Тәжиден Найманов иеленді. «Ардагер спортшы» Виктор Спешилов болса, «Үздік спортшы» атағына Артур Федосеев лайық деп танылды. Әсіресе, қала әкімінің қолынан сыйлық алған ең кішкентай қатысушы Анна Бондаренкоға сүйсінгендер көп болды.

Барша қатысушылар мен велошеру куәгерлері, салтанатты шараны тамашалаушылар: «Той тойға ұлассын!» — деп тілек білдірісіп жатты.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

10 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС