Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАН ЖАДЫРАТАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС

30.06.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко білім бөліміне қарасты жазғы сауықтыру лагерьлерін аралап, жұмыстарымен танысты.

15 маусымнан бастап қалалық білім бөліміне қарасты “Жас қанат”, “Радуга” және “Түркісіб” жазғы сауықтыру лагерьлері өз жұмыстарын бастады. Мұнда төрт ауысымда төрт мыңнан аса оқушы демалып үлгереді екен. Биыл жазғы демалысын көңілді өткізу үшін әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан 450 бала тегін жолдамаға ие болып отыр. Әр демалу кезеңі 12 күнге жалғасады. Бұдан бөлек қала бойынша мектеп жанынан ашылған 62 лагерь жұмыс істеуде. Сондай-ақ «Балалар және жастар шығармашылығы сарайы», «Жас жұлдыз» бен «Жас қанат» сынды мекемелердің жанынан бір күндік лагерьлер ашылған. Назарбаев Зияткерлік мектебінде көшбасшылық және тілдік қабілеттіліктерді арттыратын курстар жүргізілуде. Жалпы, оқушылардың жазғы демалысы 2 бағытта ұйымдастырылған. Нақтырақ айтқанда, сауықтыру мен бос уақытты тиімді пайдалану.

 

{jcomments on}Алдымен бөлім басшысы № 36 орта мектептің қарамағындағы «Жас қанат» сауықтыру лагерін-де болды. Мұнда 4 ауысымда 320 баланы қабылдау жоспарланып отыр. 1 кезеңде 80 баладан тынығады. № 36 мектептің директоры Ғалымбек Сұлтановтың айтуынша, биыл ағымдағы жөндеуге 1 млн. теңге қаражат қарастырылған екен. Жылдағы дәстүр бойынша 5 уақыт сапалы тамақтану, түрлі ойындар өткізуге спорт алаңдары, бассейн және тағы да басқа сауықтыру кешендері материалдық базаға сай ұйымдастырылған. «Сонымен қатар әлеуметтік деңгейі төмен отбасылардан шыққан 160 бүлдіршін тегін демалуға мүмкіндік алып отыр. «Жас қанаттағы» іс-шаралардың көбі жас  жеткіншіктердің ой-өрісі мен денсаулықтарын нығайтуға бағытталған»,- дейді Ғалымбек Бейсенұлы.

 

Жазғы каникулын сауықтыру орталығында өткізуді ұйғарған балғындардың бірі — Астана қаласындағы № 3 Талапкер орта мектебінің тәрбиеленушісі Сұлу Көпжасар. Оның көңілі көтеріңкі. Себебі Сұлуға бұл жердің табиғаты ерекше әсер берген.

— Өзіме осында демалу қатты ұнайды. Келер жылы тағы да келуге тырысамын. Тәрбиешілер мейірімді. Түрлі ойындарға қатысамыз. Келгеніме еш өкінбеймін. Себебі қоршаған табиғаты әсем әрі таза. Көптеген балалармен танысып, олармен достатысып кеттік, — деген риясыз пікірімен бөлісті Елордадан арнайы келген кішкентай мейман.

Келесі кезекте Наталья Фесенко «Радуга» сауықтыру лагеріне аялдады. Мекеме бір аусымда 120 баланы қабылдауға қауқарлы.          № 23 пен № 33 мектебінің шәкірттері мұнда тегін демалу жолдамасына ие болған. Биыл лагерьдің құрылғанына 20 жыл толды.

— Бұл жерде хореография, театр өнері, гитара аспабын меңгеру, дойбы, шахмат, футбол, волейбол және каратэ сынды бірнеше үйірмелер балғындардың  игілігі үшін жұмыс атқаруда. Бір сөзбен айтқанда, барлық тәрбиеленушілердің тәулік бойғы уақыты толығымен қамтылған, — деп атап өтті лагерьдің басшысы Ирина Резниченко.

«Радуга» кешеніне алғашқы рет келген № 30 орта мектебінің шәкірті Қуанышбек Қуатбеков жазғы демалыстағы уақытының қызықты өткеніне қуанышты. Себебі ол дойбы және шахмат үйірмелеріне қатысып, тақталы ойынға деген қызығушылығы артып келеді.

— Дойбы мен шахматтың әліппесін ақырындап үйрену үстіндемін. Жетістіктерім әзірге айтарлықтай жоқ. Дей тұрғанмен алдағы уақытта ой жарыстыру спортынан барлығынан оқ бойы озуға тырысамын. Осында демалушы балалармен бір ұядан шыққан бауырлардай болып, достығымыз нығая түскен,- дейді жас өрен.

Ж. СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

Связанные новости

В регионе с начала года отловлено 3 262 безнадзорных животных

13.04.2026
В регионе с начала года отловлено 3 262 безнадзорных животных

Управление ветеринарии области Абай в I квартале текущего года реализовало ряд мероприятий, направленных на обеспечение ветеринарной безопасности. По области отловлено...

Читать далее ...

В области Абай обновляют теплосети и готовят новые инженерные проекты для Семея

13.04.2026
В области Абай обновляют теплосети и готовят новые инженерные проекты для Семея

О состоянии системы теплоснабжения и подготовке к следующему отопительному сезону рассказал руководитель управления энергетики и ЖКХ области Абай Раджан Сейтканов...

Читать далее ...

В Семее в летний период горячая вода будет подаваться поэтапно

13.04.2026
В Семее в летний период горячая вода будет подаваться поэтапно

В городе Семей после завершения отопительного сезона обеспечение жителей горячей водой будет осуществляться поэтапно. Об этом сообщил аким города Адилет...

Читать далее ...

2. Казахстанцы все чаще решают эко-проблемы через @TazaQazBot

10.04.2026
2. Казахстанцы все чаще решают эко-проблемы через @TazaQazBot

В Казахстане в рамках акции «Таза Қазақстан» продолжает работуTelegram-чат-бот @TazaQazBot — удобный цифровой сервис, через который жители могут напрямую сообщать...

Читать далее ...

Проект «TURGYNDAR AMANATY» совершенствует систему управления жильем

10.04.2026
Проект «TURGYNDAR AMANATY» совершенствует систему управления жильем

В области Абай в рамках проекта партии «AMANAT» «TURGYNDAR AMANATY» состоялся областной форум на тему «Управление домом: ответственность, доверие, результат»....

Читать далее ...

От имени Президента вручены государственные награды участникам эвакуации казахстанцев из стран Ближнего Востока

10.04.2026
От имени Президента вручены государственные награды участникам эвакуации казахстанцев из стран Ближнего Востока

Первый заместитель Премьер-министра Роман Скляр вручил награды от имени Президента Казахстана сотрудникам государственных органов и представителям авиационной отрасли, принявших участие...

Читать далее ...

Новости

В регионе с начала года отловлено 3 262 безнадзорных животных

4 часа назад

В области Абай обновляют теплосети и готовят новые инженерные проекты для Семея

4 часа назад

В Семее в летний период горячая вода будет подаваться поэтапно

4 часа назад

2. Казахстанцы все чаще решают эко-проблемы через @TazaQazBot

3 дня назад

Проект «TURGYNDAR AMANATY» совершенствует систему управления жильем

3 дня назад

От имени Президента вручены государственные награды участникам эвакуации казахстанцев из стран Ближнего Востока

3 дня назад

В больницах Семея расширяют помощь и внедряют госпитальную фармацию

3 дня назад

В области Абай сфера здравоохранения демонстрирует устойчивое развитие.

3 дня назад

Олжас Бектенов проверил исполнение поставленных Президентом задач по реализации индустриальных и социальных проектов в области Абай

3 дня назад

Заместитель министра обороны Казахстана по цифровизации совершил визит в Баку

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС