Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЯ ТҮСПЕК

03.07.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитныйды қабылдады. Мәртебелі мейманның Семей шаһарына келудегі басты мақсаты – ұйымның өңірде атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесімен танысу. Сондай—ақ жергілікті атқарушы билікпен орнаған тығыз әріптестік қарым—қатынасты нығайта түсу.

БҰҰ-ның Балалар қоры Семей өңірінде 2007 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Осы ретте қордың тікелей араласуымен әртүрлі жобалар іске асып, өз нәтижесін де берген болатын. Қазір Балалар қорының биылғы жылға арналған бағдарламалары аяқталуға жақын. Ал тығыз әріптестікті тереңдете түсу үшін келер жылдарға арналған, жаңа бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру қажет. Бұл орайда Юрий Оксамитный шаһар басшысымен алдағы уақытта бірлесіп атқаратын шараларды ұйымдастыру мақсатында арнайы келгенін жеткізді.

— Алдағы уақытта да біз осы өңірде стратегиялық маңызды сұрақтармен айналысуға ниеттіміз. Оның ішінде ювеналды салаға қатысты мәселелер бар. Сіздердің аймақтарыңыз нәрестелердің өлім-жітім көрсеткішінің азаюы бойынша жақсы нәтижелер көрсетіп отырғанын білеміз. Осы сауалдың төңірегінде өз тәжірибемізбен бөліскіміз келеді. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалды реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» бағдарламасымен таныстық. Ел үшін аса маңызы зор аталмыш құжатта біздің зерттеуіміздегі мәселелер қамтылған екен. Біз де өз кезегімізде 2016-2020 жылдарға арналған жобаны әзірлеу үстіндеміз. Онда қоғамның назарын талап ететін әлеуметтік сұрақтарға зейін салмақпыз. Бүгінгі күннің түйткіліне айналған суицид, яғни өз-өзіне қол жұмсау мәселесін де жіті бақылауға алдық. Ол үшін арнайы бағдарлама дайындалды. Әзірге тәжірибе ретінде бұл бағдарламаны Қызылорда облысында іске асырудамыз. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек    Сапарбаевтың да бұл күрмеулі мәселені назардан тыс қалдырмай жүргенінен   хабардармыз, — деп атап өтті Юрий    Викторович өз сөзінде.

Сондай-ақ қадірлі мейман жуырда ҚР Бас прокуратурасында өткен алқалы кеңес жайлы сөз қозғады. Оған құқық қорғау органдары басшылары, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері қатысқан екен. Аталмыш кеңесте тұрмыстық және балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі талқыға түскен көрінеді. Енді республика көлемінде аталмыш қоғамдық мәселенің түйінін тарқатуда Халық-аралық ұйым да өз үлесін қоспақ ниетте екен. Кездесу барысында БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілі қала әкіміне «Балаға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыруға қол ұшын беруін сұрады. Өз кезегінде Ермак Бидахмет-ұлы мұндай игілікті шаралардан шет қалмайтынын, өскелең ұрпақтың болашағы үшін әрдайым көмек көрсетуге әзір екендігін айтты.

— Әрине, қолдау көрсетуге дайынбыз. Кейбір стратегиялық сұрақтарды заң шеңберінде шешуге тура келеді. Балғындардың келешегі үшін аянып қалмаспыз. Осы тақырыптың аясында тиімді мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Мұнымен қоса қазір Семейдің демографиялық ахуалы жақсарып келеді. Бұған сіздердің де ұйымдарыңыздың септігі тиді. Сондықтан ары қарай сіздермен бірге тығыз қарым – қатынаста жұмыс атқаратын боламыз,- деді Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов.

Ж. СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

8 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС