Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨНЕР — ӨЛМЕЙТІН МҰРА

08.07.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында Астана күні мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан өңіріне танымал суретші Леонид Агейкиннің «Алтай сыры» атты көрмесі ашылып, алдағы бір ай көлемінде семейлік көрерменнің көзайымына айналады.

Көрме Шығыс Қазақстан өнер мұражайы мен Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының қолдауымен ұйымдастырылды. Көпшіліктің назарына суретшінің отызға жуық туындысы ұсынылды. Мұражай директоры Татьяна Стромскаяның айтуынша, Леонид Агейкиннің  туындыларынан ешкімге ұқсамайтын құбылысты аңғаруға болады.

— Оның сурет салу техникасы өзгеше, өнертанудағы түсінігі өзгеше. Суретшінің  графикалық жұмыстарынан қарындаштың қағаз бетіне жеңіл түскені анық көрінеді. Кескіндемелік туындыларынан да қылқаламды жақсы меңгергенін байқаймыз. Көрмеге келушілер Леонид Агейкин шығармаларын мұқият зер сала қараса, сурет өнерінің құдіретіне қаныға түседі, — дейді Татьяна Александровна.

 

{jcomments on}Сондай –ақ облысаралық ықпалдастық бағдарламасы аясында Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында павлодарлық суретшілер Қабдыл-Ғалым Қаржасов пен Валерий Приходьконың туындылары қойылған тағы бір көрмені семейліктердің тамашалауына мүмкіндік бар. Көрме Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орайластырылған.

 

— Өткен жылы да Семей қаласына арнайы келіп көрме ұйымдастырған едік. Осыдан кейін Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының директоры Татьяна Стромская Павлодарға келіп, шеберханамызбен танысты. Сол кезде әріптесім Валерий Приходько екеуімізге Семейде тағы да көрме ұйымдастыруымызды ұсынды. Әрине, бірден келістік. Өзім ауылды жерден шыққаннан кейін, маған осы тақырып жақын. Кең дала, қазақ батырлары, салт-дәстүр, жалпы ауыл өмірі осы көрмеде бейнеленген. Сонымен қатар ата — ана, ана мен бала, әке мен бала, өнер адамдары жайлы сыр шерттім, — дейді Қабдыл–Ғалым Қаржасов.

Павлодарлық қылқалам шеберлерінің көне дәстүрлер мен жаңа көркемсурет талаптарын жетік игеруі, дербес шығармашылық қолтаңбалары, әрине, туған жерге деген нәзік сезімдері ұрпақтар сабақтастығының жалғасын тауып келе жатқандығын дәлелдей түседі. Кереку суретшілері көрмесінің ашылу салтанатында алғаш болып Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының директоры Татьяна Стромская құттықтады.

— Қазір сурет өнерінің бағыты, стилі және технологиясы  көп өзгеріске ұшырады. Алайда тек бір нәрсе ғана өзгеріссіз қалды. Бұл — суретшінің жан дүниесімен шығарған туындысын кейінгі ұрпаққа қалдыруы. Сондықтан да сурет өнері ешқашан да жоғалмақ емес. Бұл мәңгілік мұрамызды ешқандай технология алмастыра алмайды. Өйткені бұл өнер арқылы барша әлемді суреттеп беруге болады. Міне, осындай дарынды суретшілер Семей қаласына келіп отыр. Қонақтарымызға тағы да көптен-көп алғысымды білдіргім келеді, — дейді Татьяна Александровна.

Көрмені тамсана тамашалаған семейліктер де өз пікірлерін білдіріп, ақ тілектерін жеткізді. Сондай-ақ керекулік қонақтарды Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының профессоры Нұрбұлан Өтепбаев пен Семей қаласы суретшілер одағының төрағасы Сайлаухан Алшынбай-ұлы суретшілерге алғысын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.

А. САМАТҰЛЫ, Ж. СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

7 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС