Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АРАЛДАҒЫ АУЫЛДА АЙШЫҚТЫ МЕРЕКЕ ӨТТІ

08.07.2015
FacebookWhatsappTelegram

Бүгінде тұмса табиғатымен тартымды, демалуға арналған әсем орындары бар Ертіс ортасындағы Түйемойнақ аралын әркім біледі. Алайда осы аралдағы жан саны 150-дей жанұяны құрайтын түтіні түзу ұшқан шағын ғана ауылды көпшілік біле бермейді. Ал мұндағы тұрғындардың ағайыншылдығы басым екен. Оған Астана күніне арналған салтанатты шараны алақандай елдімекен іргесінде өздері ұйымдастырып, елдігімізді айғақтар мерекені атап өткендері дәлел.

Марат Батраканов — Семейдегі белді кәсіпкерлердің бірі. Өзінің де дәулетін еселеп, елінің де игілігіне жараған кәсіптерінің ішінде өзі ашқан жылқы шаруашылығын ерекшелеп айта кету орынды. Өткен жылы осы аралға қоныс теуіп, Қамбар ата түлігін өсіруді қолға алыпты. Шағын ауылдың іргесінен арнайы орын ашып, иппотерапиямен айналысуды жолға қойған. Яғни, тірек-қоз-ғалту аппаратында бұзылушылықтары бар және церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға арнап атпен серуендету арқылы емдеуді облысымызда алғашқылардың бірі болып қолға алған. Ал бұл қызметке әлбетте аралдағы ауыл тұрғындарын тартыпты. Осылайша Марат Қалымбекұлы шағын ауылдың бір тұрғынына айналды десе де бол- ғандай. Елдімекен тұрғындары да бірден сіңісіп кеткен азаматты жатсынбапты. Қайта ауылдың әлеуметтік ахуалын жақсартуға үлес қоссам деген азаматтық идеясына қолдау білдіріп, бір кісідей атсалысыпты. Міне, осылайша аралдағы ауыл тұрғындары үшін Астана күнін атап өту туралы тамаша ой да дүниеге келген екен.

 

{jcomments on}Апта жексенбісінде ауылдықтар тайлы-таяғымен жусанды кең атыраптың бір шетіне, ауыл іргесіне жиналып, думанды шараны бастап кетті. Дәл қаладағы қоғамдық орындардағыдай мерекелік әуен ойнап тұрды. Тұрғындар арасынан сайланған ерікті спорт нұсқаушылары ең алдымен сайыс түрлерін ұйымдастырды. Мерекенің есте қаларлық тартымды өтіп, жұртшылықты қызық-қуанышқа кенелтуі үшін қомақты жүлделер тігілген бұл шараның берері мол екені анық. Алғашқы болып 40 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер, соңын ала ересектер 100 метрлік қашықтықтағы жаяу жүгіріске шықты. Жарыстан  ауылдың бала – шағасы да құралақан қалмады. Тартымды өткен тағы бір сайыс отбасылық марафон болды. Мұнда әр жанұядан әкесі, шешесі және баласы шығып, 10 метр жерге қаппен жүгіріп сайысқа түсті. Бұл жарыс та мейлінше қызу өтті. Алайда барынша тартысты өткен бәсеке арқан тартысу болды. Айта кету керек, ауыл жоғарылы-төмен орналасуына байланысты «арал» және «демалыс үйі» деген атпен екіге бөлінеді екен. Жең түріп, алақандарына түкіріп ортаға шыққан екі «көшенің» тұрғындары ұзақ табан тіресті. Сол тәрізді ауылдың қыз-келіншектері де ұлттық ойынға шығып, жұбайларының жіберген еселерін толықтыруға тырысты. Ал ең соңғы болып, балақайлар өзара күш сынасып көрді.

 

Қазақта ат бәйгесінсіз мереке өтпейтіні белгілі. Ауылдықтар мінген қылқұйрықтар көмбеден жіберіліп, жүйріктер де, тақымы мықты жігіттер де анықталды. Ал мерекелік салтанаттың соңын қымыз ішіп қызара бөртіп алған жастар көкпар тартыспен қорытындылады. Тағы да екі «көшенің» жігіттері жаңа бауыздалған серкені көмбеге тастауға күш салып, алма-кезек сынға түсті. Нәтижесінде 5-3 ұпаймен «демалыс үйі» жігіттері жеңіске жетті.

Тұрғындарға шаттық сыйлаған, күлкі мен тартымды әзілге толы шара осылайша мәреге жеткен болатын. Барша жүлдегерлерді (айтпақшы ауылдың барлық тұрғыны қандай да бір сайыс түрінен жеңімпаз атанған болатын) марапаттау басталып кетті. Бас демеуші кәсіпкер Марат Батракановтың өзі екен. Ауылдықтарға арналған жүлде қоры да қомақты. Шетелдік электрлі шәйнек, гитара сынды сыйлықтардан бастап, түрлі тұрмыстық бұйымдар, қыз-келіншектерге косметикалық заттар, ыдыс-аяқтар жинағы мен қымбаттық ыдыс жуу қоспалары, әжелерге үнді шайы тегіс таратылды. Тіпті шыбықты ат қып мінген балақайлар да сыйлықтан тыс қалған жоқ.

Осылайша жиынның соңғы нүктесі құттықтауларға кезек берілді. Қызығы сол — әр тұрғын бір ауыз сөзбен лебіз білдіріп, барлық ауылдықтар түгел тілек айтып шықты. Мұндай шара бұл күні еш жерде орын алмаған шығар, сірә.

— Осындай айтулы мерекені көрші-қолаң болып зор қуанышта өткізу үлкен ғанибет. Бұл ауылдың тұрғындары орыс-қазағы аралас     туыстай болып кеткенбіз. Ал мұндай шара тұңғыш рет өткізіліп отыр. Оған бастамашы болған елжанды, өз қаласының патриоты    Марат інімізге ауылдықтар атынан айтар ал-ғысым зор, — деді өз сөзінде осы аралда отыз жылдан аса тұрып келе жатқан әжей Айгүл  Махамбетова.

Ал ауылдастарының ақ пейіл, ақ тілегіне   ризашылық білдірген Марат Батраканов осындай береке-бірлігі мығым, ұйымшылдығы бекем шағын ғана ауыл ынтымағының ажырамауына тілектестік білдіріп, Астана күнін мерекелеуге бір кісідей қатысқандары үшін алғыс айтты. Сондай-ақ мұндай басқосуларды ендігі аралықта Наурыз тойларында да өткізуге уағдаласты. Ал жиынның соңы биге ұласып, барша тұрғынға арналып мерекелік дастарқан да жайылды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

Связанные новости

МОЛОДЫЕ УЧЕНЫЕ ЗАСЕЛИЛИСЬ В КВАРТИРЫ, ВРУЧЕННЫЕ ПРЕЗИДЕНТОМ

15.04.2026
МОЛОДЫЕ УЧЕНЫЕ ЗАСЕЛИЛИСЬ В КВАРТИРЫ, ВРУЧЕННЫЕ ПРЕЗИДЕНТОМ

В рамках государственной политики по развитию науки и поддержке молодых исследователей Глава государства Касым-Жомарт Токаев ко Дню работников науки вручил...

Читать далее ...

Как работает 109: Центр информационных технологий области Абай расширяет зону контроля

15.04.2026
Как работает 109: Центр информационных технологий области Абай расширяет зону контроля

Центр информационных технологий области Абай расширяет функционал и внедряет современные цифровые решения для повышения безопасности, оперативного реагирования на обращения граждан...

Читать далее ...

Об изменениях в порядке заполнения пассажирской таможенной декларации

15.04.2026
Об изменениях в порядке заполнения пассажирской таможенной декларации

Департамент государственных доходов по области Абай сообщает о вступлении в силу изменений в порядке заполнения пассажирской таможенной декларации. Как отметил...

Читать далее ...

Пожароопасный сезон стартовал в области Абай: пик возгораний ожидается летом

14.04.2026
Пожароопасный сезон стартовал в области Абай: пик возгораний ожидается летом

В регионе уже определили сроки пожароопасного периода и подготовили силы для оперативного реагирования. Основная угроза традиционно приходится на жаркие месяцы....

Читать далее ...

СОХРАНЯЯ ПАМЯТЬ – СОЕДИНЯЯ ПОКОЛЕНИЯ 

14.04.2026
СОХРАНЯЯ ПАМЯТЬ – СОЕДИНЯЯ ПОКОЛЕНИЯ 

ОО «Atamnyn Amanaty» на протяжении шести лет ведёт системную архивно-розыскную и поисковую работу, направленную на установление судеб и мест захоронения...

Читать далее ...

В регионе с начала года отловлено 3 262 безнадзорных животных

13.04.2026
В регионе с начала года отловлено 3 262 безнадзорных животных

Управление ветеринарии области Абай в I квартале текущего года реализовало ряд мероприятий, направленных на обеспечение ветеринарной безопасности. По области отловлено...

Читать далее ...

Новости

МОЛОДЫЕ УЧЕНЫЕ ЗАСЕЛИЛИСЬ В КВАРТИРЫ, ВРУЧЕННЫЕ ПРЕЗИДЕНТОМ

4 часа назад

Как работает 109: Центр информационных технологий области Абай расширяет зону контроля

4 часа назад

Об изменениях в порядке заполнения пассажирской таможенной декларации

4 часа назад

Пожароопасный сезон стартовал в области Абай: пик возгораний ожидается летом

1 день назад

СОХРАНЯЯ ПАМЯТЬ – СОЕДИНЯЯ ПОКОЛЕНИЯ 

1 день назад

В регионе с начала года отловлено 3 262 безнадзорных животных

2 дня назад

В области Абай обновляют теплосети и готовят новые инженерные проекты для Семея

2 дня назад

В Семее в летний период горячая вода будет подаваться поэтапно

2 дня назад

2. Казахстанцы все чаще решают эко-проблемы через @TazaQazBot

5 дней назад

Проект «TURGYNDAR AMANATY» совершенствует систему управления жильем

5 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС