Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕЛБАСЫ — ЕЛДІҢ ТІРЕГІ, ЕЛОРДА — ЕЛДІҢ ЖҮРЕГІ

08.07.2015
FacebookWhatsappTelegram

Елдіктің айнасы, егемен елдің маңдайалды мерекелерінің бірі    Астана күні Семейдегі орталық  саябақта да өз мәнінде өткізілді. Серуендеуші қалалықтар үшін бұл күні мейрамның маңызын арттырар бірқатар шаралар ұйымдастырылыпты. Ең алдымен алаң ортасындағы әсем безендірілген сахнада салтанатты концерттік бағдарлама шымылдығын түрді.

Аталмыш мерекелік шараны өткізуде Семейдегі бірқатар мәдени мекемелердің ынтымақтастығы айқын байқалады. Әсіресе Достық үйіндегі ұлттық мәдени орталықтар өкілдері ерекше белсенді екен. Концерт беташарын «Достық» композициясымен қалалық Мәдениет сарайының халықтық аталымы бар ұлттық ұжымы ашты. Байтақ елімізді мекен ететін барша ұлттың ерекшеліктерін паш ететін шара мереке мәнін айшықтап тұрғандай еді. Осыдан соң құттықтау сөз кезегі Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовке берілді.

 

{jcomments on}- Құрметті семейліктер! Қазақстан халқы үшін бүгінгі мерекенің мән-маңызы ерекше. Тотыдай түлеп, жібектей құлпырған әсем Астана — бүгінгі барша отандастарымыздың ортақ мақтанышы. Астананың әйгілі қалаға айналуы- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі. Астана — азаттықты аңсаған армандардың көрінісі. Астана – Мәңгілік Ел болуға ұмтылған ұлы мақсаттың жемісі. Астана — келешекке сенген кемел еліміздің бүгінгі жарқын бейнесі. Астана бүгінде бай дәстүрмен, бірегей сәулетті әрі мәдени ескерткіштерімен Еуразия кеңістігіндегі жасампаз қалаға айналды. Елорданың дамуы Қазақстанның өркендеуінің локомотивіне айналып, өзге қалаларға үлгі болып келеді. Байтақ даламызға шуағын төккен шырайлы Астананың жыл өткен сайын жар-қырай түсетініне кәміл сенеміз! Отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс, бақыт пен береке тілеймін! – деді өз сөзінде Ермак Бидахметұлы.

 

Осыдан соң мерекеге орай салтанатты марапаттау рәсіміне кезек берілді. Елдік мүдде жолында елеулі үлес қосып жүрген қаламыздың бірқатар азаматтарына «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» мерекелік медальдарын қала әкімі табыс етті. Олардың қатарында «Силикат» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты, Ассамблея мүшесі  Борис Адианов, қалалық Достық үйінің директоры Аманғазы Тілеубаев, қаламыздағы татар өнер мектебінің директоры, Ассамблея мүшесі Ғабдулхақ Ахунжанов, «Шығыс» әскери қолбасшылығы ансамблінің солисі, облыстық «Мерейлі отбасы» сайысының лауреаты Ольга Сағындықовалар болды. Өз кезегінде           Ольга Валерьевна семейліктерге құттықтау лебізін білдірді.

— Баршаңызды осынау мерекемен құттықтауға рұқсат етіңіздер, — деп бастаған Ольга:

Халық болып, дәстүріміз жаңғырып,

Байтақ елде жүрейік біз ән қылып.

Жерімізде бейбітшілік сән құрып,

Ел болайық, ел болайық Мәңгілік!

-деп мүдірместен жерлестеріне таза қазақ тілінде өлең жолдарын арнады.

Мерекелік құттықтаулар мұнымен түгесілмепті. Келесі сөз Астананың құрдасы, Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің екінші курс студенті Меруерт Дәуренбековаға берілді. Өзінің Елорда құрдасы екенін мақтан тұтатынын айтқан ол барша жастарды елімізді дамытуға, байтақ Отанымызды көркейтуге шақыратынын жеткізіп, жүрекжарды өлеңдерін де арнап өтті.

Осыдан соң қаламыздағы өнер ұжымдарының ұйымдастыруымен ән мен жырға кезек беріліп, мейрам құрметіне арналған концерттік бағдарлама бастау алды. Бұл күні орындалған ән мен бидің барлығы еліміздегі ұлттар достығы мен отаншылдық тақырыптарын қамтыды.

Ал осынау сәттері орталық саябақта мерекелеуші көпшілік үшін тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындар ойналып, Астана және Елбасы тақырыптарына арналған кітап көрмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ серуендеген жұртшылық алты қанат киізүйге бас сұғып,  қымызмұрындыққа орай жайылған ақ дастарханнан дәм татысып жатты.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

7 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС