Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘЛИХАННЫҢ ІЗІМЕН…

10.07.2015
FacebookWhatsappTelegram

Биыл елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы мен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл мейрейтойлары кең көлемде аталып өтілетіні белгілі. Мерейлі мезеттер құрметіне жыл басынан республика, облыс, қала көлемінде көптеген іс —шаралар өткізіліп те жатыр. Сондай шаралардың бірін Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің тарих кафедрасы мен облыстық тарихи—өлкетану музейі ұйымдастырып, бірлескен жоба негізінде тарихи—этнографиялық экспедиция өткізді.

Аталған экспедиция осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын Қазақстанның Шығыс және Солтүстік өлкелерінде Ресей патшасы үкіметінің ұйымдастыруымен өткен атақты Щербина экспедициясы, жобасы негізінде, жас оқымысты, болашақ Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханов жетекшілік еткен 1909-1910 жылдары облыстың Семей округі аумағында өткізілген экспедиция негізінде жүргізілді. Экспедиция құрамында белгілі тарихшы, археолог Амантай Исин, көрнекті тарихшы-этнограф, атақты «Шың- ғыстау-Тобықты шежіресі» алты томдығының және басқа да тарихи-танымдық шығармалардың авторы Молдабек Жанболатов, жер мен ел жайынан мол хабары бар, осы өңірлерді көп аралаған Кәкен Шұлғаубаев және Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Бекен Теміров бастаған музей қызметкерлері болды. Экспедиция жұмысы бір аптаға созылды. Ал экспедиция жұмысының нәтижесін қорытындылап, Семейдің    облыстық тарихи-өлкетану музейінде БАҚ өкілдеріне арналып баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.

 

{jcomments on}- Біздің экспедициямыздың мақсаты Әлихан Бөкейхановтың экспедициясы ізімен Шаған, Бұғылы болыстары (бүгінгі Саржал, Тоқтамыс, Медеу ауылдық округтері) жерінде сақталған тарихи-мәдени ескерткіштермен танысып, осы заманға келіп жеткен этнографиялық мұраларды жинақтау болды. Экспедицияға бір айдай уақыт дайындық жұмыстары жүргізілді.  Экспедицияның тақырыбы, мақсаты, қатысушылар құрамы, өткізілу уақыты, маршруты жоспарланып, жергілікті жер жағдайы, жолбастаушылар және көне көз адамдармен болашақ кездесу мүмкіндіктері талқыланып белгіленді, — дейді Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Бекен Теміров.

 

Семей — Қарасу — Саржал бағытында жолға шыққан экспедиция өткен ғасырлардағы қорымдар мен елдімекен орындарын назарынан тыс қалдырмай, біразымен танысып шыққан. Солардың ең ірісі Жанан өңіріндегі ХҮІІІ ғасырдың соңындағы «Батырдың көз жасы» атты орын, одан сәл әрірек, өткен ғасырдың басында жер жыртып егін еккен елдімекендер кездескен. Осы жерден шебер ұстаның қолынан шыққан ершіктің қалдығы, шеге, өзгеше ілгек пен айылдың басы табылады. Бұл осыдан жүз жыл бұрын осы өңірде қайнаған өмірдің болғанын дәлелдесе керек. Экспедиция сондай-ақ, тарихта аты қалған батыр, әрі ақын, әрі әнші   Тәуке батырдың ағашы деп аталатын орында, тарихи орындар Ащысу өзені, Қарабас батыр ауылы, Жосалы тауы мен Тасбасқан, Милы мен Бойлауық өңірлерінде болады.

Экспедиция мүшелері Шаған бойындағы Ике Әділовтің мекені мен ерекше сәулет өрнегі бар Әділдің мазары, кезінде мектеп ашып, бір жарым жылдай Мұхтар Әуезов бала оқытқан Мұсатай қорасы, бұрын бұл өңірде кезікпеген ерекше сәулет құрылысы «Буданның мазары» сынды кезекпе-кезек нысандарын аралап, сонымен қатар Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының «Шыңғыстау жәдігерлері» жобасы бойынша жүргізіп жатқан археологиялық қазба жұмысы барысымен де танысады.

Ғалымдар ат басын бұрған тағы бір орын, әлі ғылыми айналымға енбеген ерекше орындардың бірі «Қорғантас» жерлеу кешені болды. Бұл аумақта әртүрлі жетпіске тарта тас жәшіктер шоғыр-шоғыр болып, бүкіл алқапты алып жатыр. Бір өкініштісі жоғарыда айтылған нысандардың тарихи, мәдени және       этнографиялық маңызы зор екендігіне қарамастан, мемлекет қамқорлығына алынып, ғылыми айналымға енбеген, жойылып кету алдында тұр.

— Біз экспедиция жұмысын бірқатар кезеңдермен байланыстырдық.  Жұмысымыз тек ХХ ғасырдың басындағы жағдайлармен шектелген жоқ. Көне замандағы ескерткіштерге де мән бердік. Сапар барысында оларды тізімге алып, картаға түсіру ісімен шұғылдандық. Шыңғыстау өңірі тарихи ескерткіштерге өте бай. Бұл патша заманында аңғарылып, сол кездің өзінде осы өлкеде археологиялық зерттеулер жүргізу қажеттігі туындаған. Дегенмен  түрлі себептермен үзік-үзік уақыттар өткенде ғана жұмыстар қолға алынып отырды, — дейді белгілі тарихшы-археолог Амантай Исин.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

7 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС