Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

14.07.2015
FacebookWhatsappTelegram

Бүгінде «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының игілігі арқылы мыңдаған қазақстандықтар жаңа пәтерлер иеленуде. Аталмыш бағдарлама біздің қаламызда да оң нәтижесін беруде. Семейдегі тұрғын үй құрылысының қарқыны осы есептен де жыл санап арта түсуде. Аталмыш бағдарламаның басты мақсаты тұрғын үй құрылысы мәселелерін кешенді түрде шешу, жергілікті тұрғындарды баспанамен қамтуда қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Бұл ретте бағдарлама бойынша бірнеше бағыттар қарастырылған. Соның бірі ретінде «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы пәтерлерге қол жеткізу мүмкіндігін атауға болады.

Ескерерлігі, аталмыш бағдарламада қала қоры есебінен баспана алу кезегінде тұрған жас отбасыларға ерекше назар аударылған.

Мысалға келтірер болсақ, ағымдағы жылдың сәуір айында Шугаев көшесіндегі 10 қабатты 120 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілген. Бас мердігер «Гордорстрой» ЖШС. Ал пәтерлерді үлестіру «ҚИК» АҚ арқылы жүзеге асырылады.

 

{jcomments on}«Өңірлерді дамыту – 2020» («Қолжетімді баспана – 2020») бағдарламасы аясында қаламызда, сондай-ақ тағы бірнеше тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. «ЖССБ» АҚ желісі бойынша 9 қабатты 72 пәтерлі үй Байсалықов көшесінде бой көтеріп жатыр. Оның жалпы аумағы 4,5 мың шаршы метрді қамтиды. Құрылыстың жалпы сомасы 409,6 млн. теңге деп бағалануда. Бүгінде оның 313,2 млн. теңгесі игерілген. Ал алдағы желтоқсан айында құрылыс толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар  «ҚИК» АҚ желісі арқылы 4,1 мың шаршы метрді қамтитын, 9 қабатты, 72 пәтерлі тұрғынүй Докучаев көшесінде салынып жатыр. Қалалық құрылыс бөлімінің мәліметіне жүгінсек, жобаның сметалық құны 435,229 млн. теңгені құрайды екен. Бұл үй құрылысы осы айдың аяғында аяқталып, жаңа баспаналар өз иелеріне берілмек.

 

Бір бұл емес, қаланың Жаңақұрылыс ауданында «ҚИК» АҚ желісі бойынша 9 қабатты 54 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның жалпы аумағы 3,4 мың шаршы метрді құрайды. Ал оның сметалық бағамы 353,985 млн.теңге. Қазіргі таңда аталмыш құрылысты «Джесса Семей» ЖШС мердігерлік мекемесі жүргізуде. Тұрғын үйді алдағы тамыз айында тапсыру көзделуде.

Сондай-ақ Народная көшесінде 9 қабатты, 36 пәтерлі тұрғын үй салынуда. Жалпы аумағы 2,1 мың шаршы метр жерді алып жатыр. Сметалық жоба құны 260,0 млн. теңге. Құрылысты «Ертіс» ӘКК АҚ желісі бойынша «Фирма Азия» ЖШС мердігер компаниясы салып жатыр. Ал шаһар орталығындағы  бұл үй келер жылдың екінші жартыжылдығында толық салынып бітетін болады.

«Ертіс» ӘКК АҚ тапсырысымен тағы бір үй Театральная көшесінде бой көтеруде. 5,1 шаршы метр болатын 9 қабатты, 72 пәтерлі тұрғын үйдің сметалық жобасы 618,2 млн. теңге екен. Тапсыру мерзімі келер жылдың екінші жартыжылдығына жоспарлануда.

«Ертіс» ӘКК  АҚ мен «Сәт Транс» ЖШС — нің бірлескен жобасы да сәтімен жүзеге асуда. Атап айтсақ, Мелькомбинат ауданындағы 9 қабатты, 54 пәтерлі, 3,2 шаршы метр болатын тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарымен «Шығыс Строй» ЖШС мердігерлік компаниясы айналысуда. Аяқтау мерзімі келер жылдың аяғына жоспарланған.

Мұнымен қатар, қалалық әкімдік «ҚИК» АҚ-на Байтұрсынов көшесінен 1,4 га болатын арнайы жер учаскесін бөліп отыр. Ал ипотекалық компания өз кезегінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге байқау жариялады. Яғни бұл жерден алдағы уақыттарда бес бірдей 9 қабатты, барлығы 306 пәтер болатын тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Қазіргі күні жобалық-сметалық құжаттамаларын шымкенттік компания «Стройпроектсервис» ЖШС айналысуда. Құжаттамалар пакеті осы жылдың алғашқы тоқсанында аяқталады деп күтілуде.

Тағы бір айта кетер жайт, Семей қаласының Бас жоспары бойынша шаһардың теріскейінен 147 га аумақта Қарағайлы мөлтекауданын салу жоспарланған болатын. Қазіргі күні детальды жоспарлау жобасы даяр болды. Бұл ауданда 21 800 адамға арналған 541,7 мың шаршы метр жерге тұрғын үй салу көзделіп отыр. Өткен жылдың қыркүйегінен бастап құрылыс нысандары салына бастады. Инженерлік коммуникация құжаттамалары  да әзірленуде. Жаңа мөлтекауданда ең алдымен 9 қабатты көппәтерлі үйлер салу жоспарлануда.

Семей қалалық құрылыс бөлімі мамандарының мәліметіне сүйенсек, соңғы жылдары қала құрылысы айтарлықтай зор қарқын алған. Бұл жетістіктерге тиімділігі зор мемлекеттік бағдарламалар игілігі арқасында қол жеткізілуде. Оның ішінде «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының алар үлесі мол. Ең бастысы биылдың өзінде көптеген семейліктер жаңа баспаналарына кіріп, қоныс тойларын жасауға мүмкіндік алмақ.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, Материал Семей қалалық «Құрылыс бөлімі» ММ мәліметтері негізінде әзірленді.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

6 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС