Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СУҒА ТҮСКЕНДЕ САҚ БОЛЫҢЫЗДАР

17.07.2015
FacebookWhatsappTelegram

Жаз шыға өзен — көлдер мен тоғандарды жағалайтындардың қатары көбейеді. Бұл — аптап ыстықтан саялаудың бір жолы. Дегенмен биылғы суға түсу маусымында қауіпсіздік ережесін сақтамай, соңы қайғылы жағдаймен аяқталып жатқан оқиғалар да тіркеліп үлгерді.

{jcomments on}Қазақстан бойынша суға кеткендердің саны жағынан Шығыс Қазақстан алдыңғы қатарда. Семейде де суға кеткендердің саны күрт көбейген. Осыған орай сәрсенбі күні Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында шомылу маусымында қайғылы жағдайды болдырмау және алдын  алу мақсатында баспасөз мәслихаты өткізілді. Басқосуға Семей қаласы ТЖБ басшысының орынбасары Бақытбек Байбуров, азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Марат Даулетин, судан құтқару қызметінің әдіскері Тасболат Көшкінбаев және ішкі саясат бөлімінің бас маманы Мейіржан Амангелдиев қа-тысты.

— Бүгінде елімізде суға кеткендер саны артты. Жыл басынан Қазақстанда 228 адам суға кетті. Олардың 61-і балалар. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28 адамға көп. Әсіресе балалар өлімі қынжылтады, — деді өзінің қысқаша баяндамасын бастаған судан құтқару қызметінің әдіскері Тасболат Көшкінбаев. — Суға кеткендер әсіресе Шығыс Қазақстанда көп тіркеліп отыр. Жыл басынан бері облыста 37 адам суға кетсе, оның 10-ы балалар. Ал шомылу маусымынан бері облыс көлемінде 32 адам суға кеткен, 24 адам құтқарылды. Семей қаласында жыл басынан бері 15 адам суға кетті, оның ішінде екі бала бар. Қайғылы қазаның барлығы дерлік суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде орын алып отыр.

Семейде жазғы демалысқа арналған бірде — бір арнайы жағажай жоқ. Толық демалыс үшін жағдай жасалмағандықтан да, шомылушылар  кез келген жерлерге барып тынығуды әдетке айналдырған. Соның кесірінен көңілді демалыстың аяғы қайғылы жағдайға ұласып кететін кездер де жиілеген. Сондықтан да қауіптің алдын алу мақсатында суға түсу маусымы ашылар алдында судан құтқару станциясының қызметкерлері Ертіс өзені бойына суға түсуге тыйым салатын белгілер орнатады. Алайда сол белгілер жыл сайын жоғалатын көрінеді. Мамандар болса мұндай белгілердің тұрғындар өмірінің қауіпсіздігіне жасалып жатқан шаралар екендігін алға тартады.

 

– Белгілерді бұзақылар сындырып кетеді. Ертіс өзенінде ағыс қатты, сондықтан да өте қауіпті жерлер бар. Оның үстіне тұрғындар орнатылған белгіге назар аудармайды. Олар аз уақыттағы көңіл көтерудің арты неге апарып соқтыратынына мән бермейді. Өкініштісі сол, – дейді Т.Көшкінбаев.

 

Құтқарушылар тұрғындарды сақ болуға шақырып, тыйым салынған жерлерде суға шомылудың қауіпті екендігін айтуда. Жаз маусымы — балалар үшін де қауіп еселене түсетін кезең. Күні бойы ата-аналарының жұмыста болатындығын пайдаланған балалар өз білгендерін істейді. Әлбетте, баланың аты бала. Қараусыз қалған олар кез келген қауіпті сезіне бермейді. Құрбыларымен суға шомылуға барып, аяқ­асты қатерге тап болады.

Тасболат Жақыпұлының айтуынша, қаламыздағы судан құтқару қызметінің жұмысында күрделенген мәселелер де жоқ емес. Бүгінгі күні осы қызметке бөлінетін штаттың аздығы жұмысқа қол байлау болып отыр.

— Біздің бүгінгі күнгі ең қиын мәселеміз, ол бізге бөлінген штаттың аздығы. Құтқарушылардың саны бар болғаны 15 адамды құрайды. Сүңгуірлеріміз өте аз. Ал қадағалайтын аумақтың көлемі 300 шақырым. Бұл дегеніңіз Ертіс өзенінің Өскемен қаласына дейінгі шекарасынан, Курчатов қаласына дейінгі аумаққа созылып жатыр. Бұл аумаққа бар болғаны 15 адам қызмет көрсетеді. Мәселен, Өскемен қаласын алайық, мұнда судан құтқару қызметінің 3 станциясы бар. Қаланың өзінде 2 станция және Бұқтырма СЭС-інде 1 станция. Бұл біздегі Шүлбі СЭС-і сияқты. Семейліктер көбіне Шүлбі су қоймасына барып демалады. Онда біздің арнайы күзет орнымыз жоқ. Мәселе әлі өз шешімін таба алмай отыр, — дейді Тасболат Көшкінбаев.

Күрмеулі тағы бір мәселе ол — қаламызда суға шомылуға арналған орындардың жоқтығы. Жоғарыда атап өткеніміздей, адамдар қалаған жерлеріне суға түсе береді. Салдарынан шомылу кезеңінде адамдардың өлімі жылдан жылға ұлғаюда. Статистика көрсетіп отырғандай, суға кеткендердің 60 пайызы ішімдік ішіп суға түскендер болып отыр. Сонымен қатар қараусыз қалып, суға түскен балалар қайғылы қазаға ұшыраса, жүзе білмейтіндер де суға кетуде.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

6 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС