Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЗАҢНАМА ӨЗГЕРІСТЕРІМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

17.07.2015
FacebookWhatsappTelegram

Кеше, шілденің 16 күні Семей қаласына арнайы сапармен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжі-лісінің депутаттары Светлана Ферхо мен Александр Милютин арнайы келді. Мәртебелі меймандар бұл сапарлары барысында қаламыздағы бірқатар нысандарда болып, шаһар тіршілігіне қанықты. Елбасы Н. Назарбаевтың Жолдаулары аясында қолға алынған жұмыстармен танысып, қала халқымен жүздесті. Сонымен қатар еліміздегі Заңнама жүйесіндегі оң өзгерістер жайлы да бірқатар өзекті мәселелермен бөлісті.

{jcomments on}Астана төрінен келген халық қалаулылары ең алдымен шаһар іргесіндегі жаңадан бой көтеріп жатқан Қарағайлы ықшамауданында болып, ондағы Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылысы барысымен танысты. Аталмыш нысанның құрылысын биылғы жылы аяқтау көзделген болатын. Оған пікір білдірген Александр Милютин мердігер компания өкілдеріне асығыстық жасамау қажеттігін, ең бірінші кезекте сапаға мән беруді ескертіп өтті. Қазіргі күні аталмыш нысанның құрылысы қала және облыс әкімдерінің назарында тұр.

Осыдан кейін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Рымбек Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжінде болып, шаһардағы білім және денсаулық саласының қызметкерлерімен жүздесті. Келелі басқосуға сонымен қатар әлеуметтік қорғау мен мәдениет саласының өкілдері де жиналды.

Көпшілік алдында ең алдымен Александр Александрович сөз алып, V шақырылымның IV сессиясында қозғалған негізгі тақырыптарға ықшам түрде шолу жасап өтті. Сонымен қатар жазғы демалысқа шыққан халық қалаулыларының ел аралап, түйіткілді мәселелерді тізіп алып, алдағы қыркүйектегі жаңа отырыс барысында өзге де халық қалаулылары алдында талқылауды мақсат еткендіктерін айта кетті. Сондай-ақ бұл сапарлары барысындағы алған әсерлері, Семейдің қазіргі даму қарқынына өндіріс және құрылыс саласының айтарлықтай ықпал етіп отырғанын да жеткізіп өтті.

 

Осыдан соң сөз кезегін алған Мәжіліс депутаты Светлана Ферхо Елбасының жуырда жарияланған «100 нақты қадам» атты Ұлт Жоспарының негізгі басымдықтарына, оның ішінде тікелей өзінің депутаттық құзырына кіретін мәселелер — білім мен әлеуметтік сала жайында кеңінен тоқталды. Әсіресе, Парламент Мәжілісіндегі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы туралы кең көлемде баяндап өтті.

 

— Бұл заң жобасы Елбасының Жарлығына сәйкес, елімізде зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленген болатын. Ол зейнеткерлік жаста лайықты өмір сүру деңгейі үшін зейнетақы төлемдерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге толыққанды мүмкіндік береді. Жаңа енгізілімдер зейнетақымен қамсыздандырудың теңдігін сақтап қалу үшін 2018 жылдан бастап зейнетақы жүйесінің жаңа құрамын енгізуді көздейді. Яғни БЖЗҚ АҚ-та ашылған шартты зейнетақы шоттарына жұмыс берушілер пайдасына олардың табыстарынан міндетті 5%-дық зейнетақы жарналарын аударатын қызметкерлер зейнетақы жүйесінің қатысушылары болып табылады, — деп атап өткен Светлана Ферхо зейнеткерлік жас мөлшері, зейнетақы мөлшері және жұртшылық Президенттік зейнетақы атап кеткен базалық зейнетақы туралы да кеңінен түсініктеме берді. Депутаттың айтуынша, өз жетекшілігімен құрылған арнайы жұмыс тобы бұл салаға қатысты барлық мәселелерді талқылап, жан-жақты салмақтап шыққан. Депутат, сондай-ақ жаңа жүйенің ел азаматтары үшін берер тиімділігінің аса  жоғары екендігін айтады.  Жиын барысында, сонымен қатар білім және денсаулық сақтау саласына қатысты да мәселелер қатар сөз болды.

Ал түстен кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Ол жайындағы материалды газетіміздің келесі нөмірінен оқи аласыздар.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

6 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС