Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Ермак Сәлімов: ҚОСЫМША КІРІС КӨЗДЕРІН ҚАРАСТЫРУ ҚАЖЕТ

17.07.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімов «Семей» көгалдандыру және көркейту мекемесінінің ұжымымен жүздесті. Шаһар басшысымен кездесу кезінде мекеме жұмысшылары бірқатар мәселелерін ортаға салды.

{jcomments on}«Семей» көгалдандыру және көркейту мекемесі 2007 жылы құрылған. Мекеменің негізгі міндетіне қала тазалығын қадағалау, көгалдандыру жатады. Бұл күнде мекемеде 251 адам еңбек етеді және құзырында 65 бірлік техника бар. Биыл шаһар тазалығына жергілікті бюджеттен 363 млн. теңге бөлініпті.

Қала әкімімен кездесу барысында мекемедегі бірқатар мәселелер де айтылды. Әсіресе, жұмысшылар еңбекақыларын уақтылы ала алмайтындарына қынжылыс білдірді.    Мәселенің мән – жайына қаныққан қала басшысы тазалық мекемесінің басшылығына тек мемлекеттің бөліп отырған қаражатына қарап отырмай, қосымша табыс көзін қарастыруды тапсырды.

— Өздеріңіз білетіндей, тұрақты түрде жұмыс істеп тұрған бірнеше өндіріс ошақтарында болдым. Енді проблемалы нысандарды аралауды бастадым. Міне, қала тазалығына жауапты бірден – бір мекеменің ұжымымен кездестім. Кешіктірілген жалақы мәселесі шешіледі. Осы ретте айтарым, мен мекеме басшылығының мемлекет тарапынан бөлінетін қаражатпен шектеліп отырғанына мүлдем қарсымын. Семейде шағын және орта бизнес субъектілері көп. Тазалық мекемесінің арнайы мамандары шағын және орта кәсіп саласының өкілдерімен байланыс орнатып, қосымша жұмыс көлемін қарастырулары қажет. Тек қана бюджеттен бөлінетін қаражатқа қарап отырмай, табыс табудың жолдарын іздестіргендері абзал, — деп атап өтті Ермак Бидахметұлы.

Кездесуде мекеме қызметкерлері қала тұрғындарының тазалық мәдениетін сақтамай, немқұрайлы қарайтынын да атап өтті. Осы ретте кәсіпорын жұмысшылары қала әкімінен нақты шаралар қабылдауға өтініш білдірді. Өз кезегінде Ермак Бидахметұлы аталған мәселе басты назарда екенін, тазалыққа немқұрайлы қарайтындар қатаң жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

 

— Қала тазалығы тек сіздердің міндеттеріңіз деген қате ұғым қалыптасқан. Семей қаласының әр тұрғыны қаланы гүлдендіріп, көркейтуге атсалысуы тиіс. Әр тұрғын өз ауласын, әр ПИК өз қарамағындағы аумақты ұқыпты ұстай білуі керек. Қазіргі уақытта  Семей қалалық ішкі істер басқармасы қосымша 20 бақылау камерасына ие болмақ. Оларды адамдар жиі серуен құратын, қоғамдық орындарға орналастыруды жоспарлап отырмыз. Осы ретте БАҚ арқылы қала тұрғындарынан сұрайтыным, тазалық- белгілі бір мекеме, кәсіпорын және әкімдіктің ғана атқаратын жұмысы емес. Өз қаламыздың тазалығы үшін ортақ көзқараста болуымыз керек, — деп атап өтті қала әкімі.

 

Әлбетте, қала тазалығы — баршаға ортақ іс. Тұрғындардың ішкі мәдениеті де қала келбетіне тікелей әсер ететіні шындық. Шаһардың әр тұрғыны өз қаласына сүйіспеншілікпен қарай білсе, ертелі – кеш көше бойын жағалап жүрген жұмысшылардың да еңбегі еш кетпейді.

Жақылық МҰРАТҚАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

6 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС