Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚЫМЫЗ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

21.07.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қазақтың қасиетті қымызы дастарқанымызға қайта оралып, ерекше сусынға құмартатындар қатары артып келеді. Ең бастысы, ұлттық тағамды ұлықтауға мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, оны дайындау мен өңдеушілерге жан—жақты қолдау жасала бастады. Бие байлап, қымыз ашытып, оны өз отбасы үшін ғана дайындамай, ел игілігі үшін саудалап, нәпақа тауып, пайдасын көріп отырған отбасылар, жекелеген шаруа қожалықтары аз емес. Ол әсіресе Семей өңірінде басымдырақ екенін байқауға болады. Осындай шаруалардың бірі — Семейдің іргесіндегі «Шөпті—қақ» шаруа қожалығы. Ұлттық сусынның кең қанат жаюына өз үлесін қосып жүрген Дәуренбек Айманов шаруашылығында екі жүздің үстінде бие байлап, «Барқы» қымызын өз тұтынушыларына жеткізуде.

{jcomments on}- Бие сауу – өнер. Кез келген адам бие сауып, қымыз ала алмайды. Бір бие мөлшермен бір литр сүт береді. Жас биелер жарты литр беруі мүмкін. Сауыншы соны уақтылы алып алуы керек. Әйтпеген жағдайда жануар сүтін жылдам тартып алады, — деп бастады өз сөзін шаруашылық иесі Дәуренбек Айманов.

Дәуренбек Айманов — жылқы ұстап, қымыз өндіру жолына жайдан-жай келген азаматтардың бірі емес. Ауылда өскен ол бала кезінен жылқы ұстап, қымыз пісудің жайын біледі. Өйткені ата-аналары да бие байлап, қымыз өндірген. Дәуренбек бүгінде сол атадан қалған кәсіпті бойына сіңіріп жалғастырып отыр. Мектеп қабырғасын бітіргеннен кейін ол әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышын өтейді. Кейін Семейге келіп, бірнеше жыл сүт зауыты мен ет комбинатында қызмет жасайды. Сөйтіп жүріп 1994 жылы жеке кәсіп ашуды ойлап, Саржалдан 50 жылқы сатып алады. Ал шаруашылыққа қажетті жерді Шөпті-қақ станциясы маңынан алып, оншақты бие байлап қымыз өндіре бастайды.

“Жақсы жерге қақ бітеді, ер жігітке бақ бітеді”  деген жақсы сөз бар қазақта. Шөпті-қақ біздің бағымыз болды. Бүгінгі күні екі жүздей бие байлап отырмыз. Келешекте сауынды биенің санын төрт жүзге жеткізу ойымызда бар. Сөйтіп қалаға тәу-лігіне бір тоннадан артық қымыз әкелмекпіз. Жұмыс жасап жатқанымызға биыл 21 жыл болды. Халық бізді танып алған. Сондықтан да қымыз жақсы өтеді деп айтуға болады. Ертемен әкелген қымызымыз таңғы онға дейін бітіп кетеді. Күніне жарты тонна қымыз саудалап отырмыз, — дейді қожалық иесі.

 

Маңдай термен келетін еңбектің арқасында қожалықта мал басы жыл сайын артып келеді. Бүгінде онда бес сауыншы, бес құлын тартатын адам еңбек етуде. Бұдан өзге қымыз тасымалдайтын жүргізуші мен екі сатушы бар. Дегенмен шаруашылыққа қосымша тағы екі  сауыншы мен құлын тартатын жұмысшылар керек екен. Дәуренбек Аймановтың айтуынша, сауыншыларды табу қиын. Оның сөзінше, егер жұмыс күші болса, әлі де жүз бие байлауға болады.

 

— Жай сөзбен айту оңай болғанымен, бие байлау — өте қиын іс. Жылқы малы асау болады, оны алдымен ұстау керек. Ол өзін-өзі жаралап немесе сізді мертіктіруі де мүмкін. Соның барлығын үйрету керек. Құлынының өзі тентек болады. Құлындары түнімен жылқымен бірге жайылады, оны сауар алдында бөліп алуымыз керек. Одан кейін ұстап, ноқталайтыныңыз бар. Сондықтан қымыздың жұмысы оңай емес. Күніне төрт рет, әр екі сағат сайын сауамыз, — дейді ол.

Бүгінде қымыздың пайдасы туралы көптеген мәліметтер бар. Жалпы алғанда, ол ағзаны нығайтады және жасаруына әсер етеді. Сусынды тұрақты түрде пайдаланушылардың зат алмасуы қалыпқа түсіп, қан құрамы жақсарады. Бұл- қымыздың адам денсаулығына тигізер әсерінің бір ғана бөлігі. Осы жайттарды ескерген Дәуренбек алдағы уақытта Семейде қымызхана ашып, сол жерден қырық адамға арналған    саумалхана жасауды көздеп отыр. Саумалтерапия ұйымдастырып, науқастарды 10 күн емдеуді де қолға алмақ.

— Адамдар белгілі бір уақытта келіп жаңа сауылған бие сүтін ішіп отырады. Қала сыртындағы арнайы ат қорамызда бие сауып, қалаға 15 минутта жеткізіп отырмақпыз. Ол жерде арнайы дәрігер де қызмет жасайды. Ана сүті болмаса, балаларға саумал ішкен өте пайдалы. Саумал ішіп өскен бала қорғасындай ауыр болады. Күніне төрт рет тамақтанардан жарты сағат бұрын саумал ішкен өте пайдалы, — дейді шаруашылық иесі.

Халқымыздың осы қасиетті тағамын дайындаушыларға мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдау, көрсетілетін көмек бар. Нақтырақ айтсақ, қымыз өндірушілерге төленетін субсидия. Субсидия көлемі өндірілген әрбір литр қымызға 60 теңгеден деп белгіленіп отыр. Бұл өндірушілер үшін тиімді. Ал талап бойынша кем дегенде 35 бие байлаған адам оны емін-еркін өткізе алады деуге болады. «Шөпті-қақ» шаруа қожалығы да өткен жылдан бері мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдаудың игілігін көруде. Бүгінде субсидия көмегімен электр жарығын, қымыз құтысы мен оның сыртына жапсырылған затбелгісін ақтап отыр.

— Қазір шаруашылықта 400 бие бар. Оларға арнайы орындар керек. Жабық орындардың құрылысын келер жылы бастауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ үлкен өндірістік желдеткіштер қоймақпыз. Биелер салқын жерде тұрса, сүтті жақсы береді. Әйтпесе ыстық күн, шыбын-шіркей маза бермей, қанша күштері кетеді. Таза әрі салқын қора ішінде болса, өте жақсы, — дейді «Шөпті-қақ» шаруа қожалығының басшысы Дәуренбек Айманов.

Кәсіпкердің айтуынша, соңғы үш-төрт жылдың ішінде қымызды халық өте жақсы тұтына бастаған. Кәсіпкер қымызды әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар мен соғыс ардагерлеріне, Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандарға, жүрек және онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдерге жеңілдікпен беріп отыр.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

18.04.2026
НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

Проекты, реализуемые в рамках предвыборной программы партии «AMANAT», последовательно решают актуальные проблемы регионов и придают новый импульс развитию сельской жизни....

Читать далее ...

В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

18.04.2026
В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

ЕНТ в Казахстане претерпит ряд изменений. Об этом рассказала Заместитель Премьер-министра - Министр культуры и информации Республики Казахстан Аида Балаева....

Читать далее ...

В области Абай начались весенние полевые работы

18.04.2026
В области Абай начались весенние полевые работы

В регионе стартовали весенние полевые работы 2026 года, ведутся плановые мероприятия, направленные на развитие сельского хозяйства. Для качественного проведения посевной...

Читать далее ...

В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

18.04.2026
В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

С 18 апреля 2026 года за Комитетом законодательно закрепляется новая функция – прогнозно-аналитическая деятельность, включая выработку рекомендаций для государственных органов....

Читать далее ...

В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

18.04.2026
В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

17 апреля под председательством Генерального Прокурора Республики Казахстан Берика Асылова состоялось заседание Координационного совета по обеспечению законности, правопорядка и борьбе...

Читать далее ...

Закон и будущее: в Семее прошла встреча с молодежью

17.04.2026
Закон и будущее: в Семее прошла встреча с молодежью

В Семее на базе Shakarim University состоялась встреча на тему «NEXT STEP: закон и будущее», направленная на продвижение Народной Конституции....

Читать далее ...

Новости

НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

1 день назад

Глава государства принял участие в панельной сессии Анталийского дипломатического форума

1 день назад

В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

1 день назад

В области Абай начались весенние полевые работы

1 день назад

В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

1 день назад

В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

1 день назад

Закон и будущее: в Семее прошла встреча с молодежью

2 дня назад

«Абайға құрмет»: в Семее заложили фундамент нового спортивного комплекса

2 дня назад

Представители фонда «Самрук-Казына» приняли участие в акции по посадке деревьев в Семее

2 дня назад

В Семее началось строительство ТЭЦ-3

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС