Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ШӘКӘРІМ ҚАЖЫ МЕШІТІ БОЙ КӨТЕРДІ

21.07.2015
FacebookWhatsappTelegram

Апта жексенбісінде, Ораза айттың үшінші күнінде, Семейдің Шығыс кентінде жаңа мешіт ашылды. Қалалықтар игілігі үшін салынған ғибадат үйінің ашылу салтанатына, қуанышқа кенелуші семейліктермен бірге, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан Маямеров, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов және алыс—жақыннан келген меймандар жиналды.

{jcomments on}Сәулеті келіскен Алла үйінінің іргетасы өткен жылдың мамыр айының 8 жұлдызында қаланыпты. Оған еліміздің Бас мүфтиі Ержан Малғажыұлы өзі қатысқан екен. Аз уақыт ішінде аяқталған алып ғимаратты семейлік жамағаттың игілігіне беру рәсіміне Бас мүфти Астана төрінен арнайы келіпті.

Аталмыш құрылыстың негізгі бастамашылары — белгілі кәсіпкерлер        Асланбек Сәдуақасов пен Алтай Қайдаровтар. Қос азамат биылғы айт мерекесінде өз жерлестеріне тың тарту жасауды ұйғарыпты.

Салтанатты шара  Құран аяттарын оқумен басталды. ҚМДБ — ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат Қуанышбекұлы әуезді Фатиха сүресін нақышына келтіре мақамдап оқып шықты. Осыдан соң сөз алған Бас мүфти барша семейліктерді мерекелі сәтпен құттықтап өтті.

— Қадірлі менің жерлестерім! Құрметті семейліктер! Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн. Сәулеті жарас-қан зәулім мешіттің бой көтеруі — баршамыздың ортақ қуанышымыз. Имандылық үйі саналар мешіттеріміз, ең бірінші кезекте, тәрбие ордасы. Бүгінде байтақ Қазақстанымыздың барлық қалаларында осындай мешіттер көптеп салынып жатыр. Бұл хал-қымыздың ынтымағы мен береке-бірлігінің де айғағы болып табылады. Жасыратыны жоқ, кейбір көрші елдерде мешіт салуға тиым салынғанын да білеміз. Ал Алла үйлерінің бой көтеруін Елбасының дінімізге жасап отырған қамқорлығы деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі еліміздегі ұйыған татулық пен береке-бірлік үшін сансыз шүкірлер айтамыз. Осынау мешітті жерлестеріне тарту етіп отырған қос азаматқа да Қазақстан мұсылмандары атынан зор алғыс айтамын, — деп атап өтті Ержан қажы Малғажыұлы.

 

Осыдан соң Бас мүфти жаңа мешіттің жаңадан тағайындалған бас имамы Серікқали Бейсенұлын жи- налған көпшілікке таныстырып, ғибадат үйіне сый-сияпат тарту етті.

 

Салтанатқа жиналған көпшілікті Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов те құттықтап өтті.

—  Құрметті Ержан қажы Малғажы-ұлы, қадірменді жерлестер! Ораза айт құтты болсын! Бүгін қаламыз үшін үлкен мереке. Біз жаңа мешітті ашып отырмыз. Әр мұсылманның парызы- дінімізді құрметтеу. Мешіт салу – дінге деген құрметтің ең жоғары көрінісі. Мен осынау сәтті пайдаланып, Шәкәрім қажы мешітін салған Асланбек пен Алтай сынды азаматтарға алғыс айтқым келеді. Жұмыстарыңыз сауаптан жазылсын, еңбекте табысты болыңыздар. Қадірменді ағайын! Мереке құтты болсын, қаламыз көркейе берсін. Ораза айтындағы тілеген тілектеріңіз қабыл болсын, — деді Ермак Бидахметұлы.

Абайтанушы ғалымдар арасынан Абай қорық-мұражайының директоры Жандос Әубәкіров сөз алып, пікір білдірді, көпшілікті құттықтап, мешіт жұмысына сәттілік тіледі.

Жаратушыдан сұрар тілек-дұғаның қазақы форматы – бата. Осыдан соң қала ақсақалдары атынан Сейітжан Тәбәріковке сөз беріліп, қадірменді ақсақал бата берді.

Ал кәсіпкер Қайрат Әділғұмарұлы мешіт игілігі үшін жеңіл көлік сыйға тартты.

Аталмыш ғибадат үйі семейлік жамағат үшін мейлінше қолайлы. Ме-шітпен бірге хатымхана да салынған. Сондай-ақ жеке дәрет алатын орын, арнайы мал соятын жер мен қосалқы ғимараттар да бар екен.

-Мешіт жобасының дизайнері- белгілі сәулетші Әбжан Құсайынов. Бүгінде мешіт салу ісінде қазақы дәстүрге лайықталған архитектуралық үлгі қалыптасқан. Аталмыш нысанға да осындай сипат берілді. Құрылыс жұмыстары өте сапалы жүргізілді. Ең маңыздысы, пайдаланылған материалдардың барлығы дерлік Семейде өндірілген, — дейді құрылыс жұмыстарын жүргізген «Семей- ОтделСтрой» ЖШС директоры Нұрлан Жүнісов.

Салтанатты ашылу рәсімінен соң көпшілік мешітке кіріп, әсем ғимараттың ішкі безендірілуін тамашалап шықты, сүннетке сай сәлем намазын оқыды. Ал соңынан келушілерге арналып мол дастарқан жайылды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

5 часов назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС