Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«СПАРТАК» ЕЛ БІРІНШІЛІГІНІҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

28.07.2015
FacebookWhatsappTelegram

Соңғы уақытта «Спартак» футбол клубын қаржыландыру жағынан қиындық туындағаны көпшілікке белгілі. Сонымен қатар футболдан ҚР бірінші лига командалары арасындағы чемпионатта семейлік футболшылардың сәтсіз ойындары тағы бар. Десе де талай қиындықтарға төзе білген команда биылғы маусымды да аяқтауды көздеп отыр.

Семей қаласының ақпараттық орталығында «Спартак» футбол клубының мәселесі тұрғысында және жергілікті аяқдопшылардың аяқ алысы туралы арнайы баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатына қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев, «Спартак» ФК-ның баспасөз хатшысы Сергей Калинин қатысты.

 

{jcomments on}Ермак Бидахметұлының ықпал етуімен аталмыш футбол клубының қаржы мәселесі шешілген. Қазіргі таңда ойыншылар 1-ші лигадағы кезекті матчтарын лайықты деңгейде өткізу үшін қызу дайындық үстінде екен. Өз кезегінде Сергей Калинин «Спартак» аяқдоп шеберлері қалған кездесулердің барлығында да басым түсіп, Премьер-лигаға шығуды мақсат етіп отырғанын айтады.

 

— Футболшылар барлық жағдайды түсініп отыр. Қала әкімімен өткен кездесуден кейін команда мүшелері жеке жиналып, барлық ойындарда бүкіл күш-қайраттарын жинап, қала намысын қолдан бермеуге барын салатынын жеткізді. Бапкеріміз Алексей Петрушин де ойыншыларды жігерлендіруде. Барлық қиындықтарға қарамастан, спартактықтардың береке-бірлігі әлсіреген емес, керісінше, нығая түсті деуге болады. Қайткен күнде де «Спартак» бірінші лига командалары арасында турнир кестесінің жоғары сатысынан орын алу үшін аянып қалмайды, — дейді С.Калинин.

Қала басшысының орынбасары Надежда Шарова келер жылдан бастап семейлік команданың негізінде Шығыс Қазақстанның атынан сынға түсетін ортақ футбол клубының құрылуы ықтимал екенін жеткізді. Қала әкімінің орынбасары бұл орайда жерлес футболшыларға облыс тарапынан қолдау көрсетілетінін айтады.

— Семейде өзіндік футбол дәстүрі қалыптасқан. Қазақ футболының қазығы да біздің қаламызда қаланғаны баршаға аян. Ермак Бидахметұлы команда ұжымымен кездесіп, жағдаймен танысты. Қала басшысының келіссөздер жүргізуінің нәтижесінде спартактықтар биылғы чемпионатты соңына дейін жеткізуге мүмкіндік алды. Ал келер маусымнан бастап шаһарымызда өңіріміздің намысын қорғайтын ортақ футбол клубы құрылады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде көптеген түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға септігін тигізетіні даусыз. Мәселен, «Спартак» ойыншыларының өзге қалалардағы кездесулеріне қала бюджеті есебінен қаржыландыру жүргізіліп отыратын. Оның қала қазынасына әжептәуір салмақ түсіретіні де жасырын емес. Ал аймақ атынан бақ сынайтын ортақ команда жасақталған уақытта, жағдайдың мүлдем басқаша болатыны анық. Бұл орайда аяқдоп шеберлеріміз облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қарамағына өтіп, ұжымның әлеуметтік мәселелері бір жақты болып шешілер еді,- дейді өз сөзінде Н.Шарова.

Айта кету керек, биылғы футбол науқанында спартактықтарға 12 кездесу өткізу ғана қалған. 6 ойында жерлес саңлақтар қарсыластарын өз алаңында қабылдаса, қалған 6 матчты сырт алаңда өткізетін болады.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,                                                                                                                                                                      «Семей таңы»

 

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 часа назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС