Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЛТЫН ХАНШАЙЫМНЫҢ ӨЛКЕСІ АРАЙЛАНЫП КЕЛЕДІ

28.07.2015
FacebookWhatsappTelegram

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс—қимыл жүйесін талдап жасау қажет», — деп атап өткен болатын. Бұл— бірінші кезекте жергілікті атқарушы билікке, аудан әкімдеріне айтылған міндет. Осы орайда Үржар өңірінде де ілкімді істер қолға алынып, аудан өмірін жарқын ете түсуде. Мұндай ауқымды шаралар бүгінде аудан басшысы Серік Зайнулдиннің бастамасымен сәтімен жүзеге асуда.

Қуатты Қазақстан құру жолында бақуатты һәм көркейген өңірлер қалыптастыру жайлы  Елбасының алға қойған міндеттері Үржар өңірінде айқын көрініс тауып жатыр. Бұл елеулі міндет, әсіресе Серік Зинабекұлы басшылық қызметке тағайындалғаннан кейін, күрт қарқын алған болатын. Аудан әкімі алғашқы күннен бастап Үржарды гүлденген мекенге айналдыру мен өңірдегі ауылдық округтерді абаттандыру шараларын мықтап қолға алды. Соның нәтижесінде межелі жоспарлар құрылып, ілкімді істер көрініс тапты.

 

{jcomments on}Әкім бастамаларының арасындағы шоқтығы биігі — аудандағы елдімекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарына жарияланған байқау дер едік. Осы орайда ел үшін игілігі бар аталмыш шараның қорытындысы ретінде ауылдық округтер арасында тәжірибе алмасу семинарын өткізу игі дәстүрге айналды. Облысымыздың өзге еш ауданында қарқын алмаған тың бастама Үржарда биыл екінші рет ұйымдастырылды. Қай ауыл көрікті, қай округ жұпар иісті гүлзарымен, бау-бақшасымен көз тартады,  міне, сол ауыл үшін қомақты жүлде тағайындалды. Бұл бастама ауыл әкімдерін ғана емес, тұрғындарын да ынталандырды. Мәселен,  жуырда ғана елдімекендерді абаттандыру және тазалық жүргізудегі екі айлықтың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтіп, жүлдегер ауылдық округтерді арнайы сертификаттармен, қаржылай сыйақымен аудан әкімі Серік    Зинабекұлының өзі марапаттады. Атап айтсақ, шағын ауыл болса да, шымыр іспен танылған Жоғары Егінсу ауылдық округі бәрінен үздік шығып, 800 000 теңге жүлде алса, Қаратал мен Ақшоқы ауылдары бір миллион теңге сыйақыны өзара бөлісті. Үшінші орынды иеленген қалған үш ауыл 300 мың теңгеден еншіледі. Бұл қаражат тағы да ауылдықтар игілігіне жұмсалатынын ескерсек, аталған бағыттағы жұмыстардың жемісі мол болғаны анық. Бір бұл емес, тазалық айлықтары барысында белсенділік танытқан үздік мекемелер де құрметтелді. Атқарылған еңбек қашанда бағалануы тиіс.

 

Десек те бірінші кезекте аудан орталығы Үржардағы көрікті істер көңіл қуантады. Гүлзарлы саябақтар, жаңадан орнатылған әсем аркалар, күрделі жөндеуден өткен, жарықтандырылған мұнтаздай таза көшелер мен елдімекенге әдемі көрік берер мүсіндер, сәулет өнерінде ерекше саналар түрлі стеллалар мен монументтердің орнатылуын да айта кеткен жөн. Жоспарланған бір ғана «Мәңгілік Ел» аллеясының өзі неге тұрады? Ұлттық идеямызды ел жадына салып тұрар мұндай тағылымды іс те алғаш Үржарда қолға алынуда.

Түйіндей айтсақ, тұрғындар үшін жағымды көңіл –күй сыйлар көптеген креативті нысандар аудан әкімінің бастамасымен жүзеге асқан тындырымды істің айғағы саналады. Бұл тарапта абаттандыру шарасына жаңашыл ізденіс пен шығармашылық тұрғыдан қарай білудің де маңызды екендігін аңдауға болады.

Ел болып жұмыла кіріскен осынау істің басы-қасында аудан әкімінің өзі жүргенін, сенбілік шараларын да пысықтап, әр мекеме, әр ұйымның атқарыл- ған жұмыстарын тыңғылықты назарға алуын да айтпай кетпеске болмас. Себебі көгалдандыру мен тазалық жүргізуде әрбір жер алабы аудан орталығындағы мекемелерге бөлініп берілген болатын. Бұл өз кезегінде жауапкершілікті еселейтіні белгілі.

Тағы бір тың бастама — гүл көшеттерін алыстан арбаламай, Үржардың өзінде, жылыжайда өсіру абаттандыру ісінде оң септігін тигізді. Мәселен, Үржар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жылыжайында жеті түрлі 50 мың дана петунья гүлінің және 50 мың  екі түрлі сальвия  гүлі мен 3 түрлі тагетес гүл  тұқымдары өсірілді. Аудан орталығының гүл жұпарына тұнып тұрғаны, бір есептен, осы жұ-мыстардың оң нәтижесінен деп білеміз.

Сөз орайында тоқтала кетсек, ағымдағы жылы аудандық бюджет есебінен 49 млн. 761 мың теңге елдімекендерді көркейту мен көгалдандыруға бөлініпті. Ал жалпы сипаттағы трансферттер есебінен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 33 млн. 551 мың теңге абаттандыру жұмыстарына жұмсалған екен. Бұл көрсеткіштер — атқарылған істердің тек бір парасы ғана.

Сонымен қатар Серік Зинабекұлы әкім қызметіне тағайындалған алғашқы күндерден бастап мықтап қолға алған шаралар қатарында «Алакөл тазалық» мекемесінің құрылуын айта кету ләзім. Бүгінде нәтижесі елдің көз алдында. Талай мәрте сынға алынған жағажай тазалығы ретке келтірілді. Сондай-ақ алыс-жақыннан келетін мейманы мол аталмыш туристік аймақтың дамуы да басты назарға алынды. Атап айтсақ, Серік Зайнулдиннің бастамасымен демалыс аймағын дамытудың кешенді жоспары жасалды. Бұл ретте Елбасы жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 57-ші қадамында туристік кластер құруды дамыту туралы айтылғаны белгілі. Қазіргі күні аталмыш салада озық тәжірибесі бар инвесторлар тартылуда. Қазіргі күннің өзінде 120 демалыс орны бар аймақтағы туристер үшін жасалған қолайлылық күн санап артып келеді.

Аудан басшысы межеге алған тағы бір ауқымды жоба — Үржар ауылында көп атқарымды туристік кешен құрылысын қолға алу. Ол үшін елдімекеннің кіре берісінен 9 гектардан астам жер телімі бөлінген болатын. Мамандардың айтуынша, кешенде заманауи сауда орындары, мейрамхана, қонақ үй мен автосервис қызметтері орналастырылады. Жобаның жалпы құны — 1 миллиард 250 миллион теңге. Ендеше, сәулетіне әлеуеті сай аудан өмірінде ел үшін маңызды тағы бір парақ ашылмақ.

Иә, Үржар ауданы экономикалық-әлеуметтік салада ғана емес, абаттандыру, көркейту ісінде де өзге аудандарға үлгі боларлықтай екені анық.

Бауыржан ЖАҚЫП, “Семей таңы”

 

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 часа назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС