Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Ермак Сәлімов: ҚОҒАМДЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ЫҚПАЛ ЕТУ ҚАЖЕТ

28.07.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Семей қалалық ІІБ қызметкерлерімен кездесті. Жиын беташарында сөз ал—ған қала басшысы әрбір қала тұрғыны мен қонақтары өздерін жайлы сезіну керектігін атап өтті.

Ермак Бидахметұлы ведомствода атқарылып жатқан жұмыстар мен аталмыш салада туындаған мәселелермен кездесу барысында танысуға мүмкіндік алды. Өз кезегінде басқарма басшысы Жұмабек Исаділов ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығына белгіленген жұмыстар нәтижесінде көрсеткіштер жақсарғанын, қылмыстың төмендегенін баяндады.

 

{jcomments on}- Тіркелген қылмыстар ішінде орташа ауыр жағдайдағы қылмыс 25 пайызға, тонау 8 пайызға, қарақшылық шабуыл 11 пайызға, көлік ұрлығы 17 пайызға, өзгенің мүлкін ұрлау 14 пайызға, мал ұрлығы 19 пайызға және алаяқтық 38 пайызға азайды. Аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіштері де жақсарды. Кісі өлімі де төмендеген. Алайда, жағымды динамикаға қарамастан, аса ауыр қылмыстық оқиғалар артып отыр. Бұл келеңсіздіктер көбіне тұр-мыстық жағдайда орын алады, — дейді қалалық ІІБ басшысы Жұмабек Исаділов.

 

Басқарма басшысының айтуынша, адам өміріне қасақана зиян келтіру мен зорлық, бұзақылық  фактілерінің де артқаны байқалады. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 51 432 әкімшілік хаттама толтырылса, салынған айыппұл көлемі 236 млн. теңгенің көлемінде болған. Бүгінде бұл қаражаттың 150 млн. теңгесі өндіріліп алыныпты. Ал жыл     басынан бері медициналық айықтырғыш орнына 3326 адам жеткізілсе, 1505 тұрғын әкімшілік қамауға алынған.  Қоғамдық орындарда 1101 қылмыс орын алса, көшелерде 696 қылмыс, алкогольді ішімдік ішіп жасалған 84 қылмыс, жасөспірімдердің қатысуымен 13 қылмыстық оқиға тіркелген.

Басқарма басшысы қылмыстың алдын  алуда азаматтық қоғам институттарымен бірлесе атқарған жұмыстардың маңыздылығы артқанын атап өтті. Бұл деректерге сүйенсек, бүгінгі күні Семейде құқықтық    бағыттағы 62 қоғамдық құрылымдар қалыптасқан. Оның ішінде сексенге жуық мүшесі бар студенттерден құралған 12 жасақты айтуға болады. Ауылдық жерлерде 20 адамды құрайтын «Сарбаз» жасағы, сондай-ақ полицейлердің штаттан тыс үш «Сақшы» жасағы жұмыс жасауда.

Жиында Жұмабек Исаділов аулаларға бейнебақылау орнату, он бес орынға арналған айықтырғыш аумағын кеңейту, жетпіс орындық мамандандырылған емдеу мекемесінің көлемін тағы да осынша орынға көбейту мәселелерін де сөз етті. Қылмыстық оқиғаларды төмендету мақсатында қала көшелерін жарықтандыру мен ерте тоқтап қалатын қоғамдық көліктер қатынасы жайлы да айтылды.

Сонымен қатар басқосуда көңіл көтеретін орындарда белең алып отырған қылмыстар жайы да сөз болды. Басқарма басшысы осыған байланысты ондай орындардың жұмыс уақытын қысқарту керектігін айтып, кафе, барларға бейнебақылау камераларын қойып, арнайы күзет мекемелерімен жұмыс істеу жағына да тоқталып өтті.

Семейде ІІБ-на қарасты 19 учаскелік полиция пункттері бар. Оның ішінде Шығыс кен-тіндегі тәртіп сақшыларының отыратын орындары апатты жағдайда көрінеді. Сондай-ақ теміржол бекеті ауданында орналасқан учаскелік полиция пунктін де ауыстыру қажет. Бұл ғимарат жекенің қолында, оның үстіне банк кепілінде тұр.

Жиында қала әкімі жаз маусымында тұрғындар көп демалатын Түйемойнақ аралының жағдайын сұрап білді. Басқарма басшысы өз кезегінде аралды 14 атты взвод күзететінін, жаз маусымында қосымша автокөлік күзеті мен жаяу күзет қойылғанын айтып, қоғамдық тәртіптің қалыпты екенін жеткізді. Шаһар басшысы бейберекет сауда мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Бұл ретте Ермак Бидахметұлы бау-бақшасынан алған азғантай өнімін саудалап нәпақа тауып жүрген қарияларды қудалағанмен мәселенің шешілмейтінін және алдағы уақытта мұндай қадамға барудың артық екенін айтып өтті.

— Бұл істі заңдастырып, сатушыларға мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасауға тырысуымыз керек. Болмаса сол маңдағы сауда орындарынан арнайы орындар қарастырылуы қажет. Осы жағын мұқият ойластырған жөн. Мұндай тапсырма кәсіпкерлік бөліміне де жүктелетін болады. Әрине, барлығы бір күнде шешіледі деп айта алмаймын. Бірақ қажетінше осы мәселені оң шешуіміз керек, — деді шаһар басшысы.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі атал-ған мәселелердің барлығын жекелей қарастыру керектігін, алдағы уақытта олардың әрқайсысын жеке талқыланатынын атап өтті. 

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

18.04.2026
НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

Проекты, реализуемые в рамках предвыборной программы партии «AMANAT», последовательно решают актуальные проблемы регионов и придают новый импульс развитию сельской жизни....

Читать далее ...

В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

18.04.2026
В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

ЕНТ в Казахстане претерпит ряд изменений. Об этом рассказала Заместитель Премьер-министра - Министр культуры и информации Республики Казахстан Аида Балаева....

Читать далее ...

В области Абай начались весенние полевые работы

18.04.2026
В области Абай начались весенние полевые работы

В регионе стартовали весенние полевые работы 2026 года, ведутся плановые мероприятия, направленные на развитие сельского хозяйства. Для качественного проведения посевной...

Читать далее ...

В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

18.04.2026
В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

С 18 апреля 2026 года за Комитетом законодательно закрепляется новая функция – прогнозно-аналитическая деятельность, включая выработку рекомендаций для государственных органов....

Читать далее ...

В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

18.04.2026
В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

17 апреля под председательством Генерального Прокурора Республики Казахстан Берика Асылова состоялось заседание Координационного совета по обеспечению законности, правопорядка и борьбе...

Читать далее ...

Закон и будущее: в Семее прошла встреча с молодежью

17.04.2026
Закон и будущее: в Семее прошла встреча с молодежью

В Семее на базе Shakarim University состоялась встреча на тему «NEXT STEP: закон и будущее», направленная на продвижение Народной Конституции....

Читать далее ...

Новости

НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

1 день назад

Глава государства принял участие в панельной сессии Анталийского дипломатического форума

1 день назад

В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

1 день назад

В области Абай начались весенние полевые работы

1 день назад

В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

1 день назад

В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

1 день назад

Закон и будущее: в Семее прошла встреча с молодежью

2 дня назад

«Абайға құрмет»: в Семее заложили фундамент нового спортивного комплекса

2 дня назад

Представители фонда «Самрук-Казына» приняли участие в акции по посадке деревьев в Семее

2 дня назад

В Семее началось строительство ТЭЦ-3

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС