Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰЛЫ АҚЫНЫН АРДАҚТАЙДЫ ҚАЛЫҢ ЕЛ

28.07.2015
FacebookWhatsappTelegram

Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай, Шығыс Қазақстанда бірнеше мерекелік шаралар өтеді деп жоспарлануда. Әрбір шара қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ақынның келбеті мен шығармашылығын жаңа қырынан аша түспек. Бұл жайлы ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлім етті.

Қазіргі заманғы қазақстандық қоғам үшін халық ағартушысының рухани мұрасын зерттеп, зерделей білудің маңызы зор. Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған мерекелік шаралар легі  «Абай және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясынан бастау алады. Конференцияға шетелдік жетекші әдебиеттанушылар, философтар, тарихшылар, тіл мамандары мен Абай шығармаларын әлем тілдеріне тәржімалаған шетелдік аудармашылар қатысады.

Биылғы мерейтойдың тағы бір жаңалығы — Елбасының қолдауымен, Мемлекеттік тілді дамыту қорының тапсырысымен «Абай әлемі» атты тұңғыш энциклопедиялық порталының ашылуы. Жоба аясында «Абайдың ұлы жұмбағы» атты деректі фильмнің тұсауы кесіледі. Игі бастама Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа бейбітшілікті сақтауда және дамытуда қос-қан елеулі үлесі үшін табысталған әлемдік «Жібек Жолы» сыйлығының қаражатына жүзеге асырылған. Деректі фильмді түсірген — «Серпер» жастар сыйлығының, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Ақберен Елгезек пен «Tengri Films» кинокомпаниясы. Жаңа туындыда көрермен қауым Абайды жаңа қырынан тани отырып, алған білімі, шығыс тәрбиесі жайлы құнды деректермен таныса алады.

Семей қаласының Абай атындағы театрында «Адамзаттың Абайы» атты салтанатты шара өтеді. Артынша дәл осы театрда көрнекті өнер майталмандарының қатысуымен концерттік бағдарлама жалғасын табады.

Мерекелік шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақындар, түркітанушылар, ғалымдар және Абай шығармасын аударған шетелдік жазушылар келеді деп жоспарлануда.

Ұлы ақынның 170 жылдығына арналған шаралар 7-ші тамызда Абай ауданында жалғасады. Сол жерде орналасқан  этноауыл, мұражай-үйі, «Абай — Шәкәрім» мемориалдық кешені, «Еңлік — Кебек» ескерткішінде болған шара қонақтары Мамай батыр ескерткішінің ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ бұл күні Қарауылда қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты, «Жорға жарыс», «Аламан бәйге», «Абай тойының бас палуаны» сынды сайыстар өтетін болады. Жоспарланған іс-шаралар «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты республикалық ақындар айтысына ұласады. Аламан айтыста еліміздің әр аумағынан келген  12 үздік айтыскер қатысады. Олардың арасында Серікзат Дүйсенғазин, Сара Тоқтамысова, Айнұр Тұрсынбаева, Айбек Қалиев сынды танымал айтыскерлер бақ сынасады.

Облыс басшысы орынбасарының айтуы бойынша, мерейтой ағымдағы жылы өзінің ауқымдылығымен ғана емес, танымдылығымен де ерекшеленеді. Яғни, әрбір қонақ Абайдың рухани және шығармашылық дүниесіне сапар шеге алады.

– Абай – біздің дәулетіміз ғана емес. Абайды танумен ондаған жылдар бойы әлем ғалымдары, әдебиеттанушылары мен тіл мамандары айналысып келеді. Еліміздің рухани және мәдени орталығы Семей қаласына әр елдің, діннің, тілдің және ғылым саласының өкілдері жиналады. Олардың әрбіреуі осы қалаға келе отырып, мәдени ескерткіштерімен, тарихымен танысу мүмкіндігіне ие болып, рухани дүниелерін байыта алады. Оның ішінде Жидебай — Бөрілі жерінде өтетін шараны айтып өтуге болады, – деді Жақсылық Мұқашұлы.

ШҚО Ақпараттық орталығы.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 часа назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС