Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«МАХАББАТ АҒАШЫ» МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАУ ПУНКІТІНДЕ

04.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Біраз жыл бұрын қала сыртындағы қарағайлы орманға жанұя құрған жастардың барып, бос бөтелке байлайтын «дәстүрі» бар болатын. Білетіндер «бос бөтелке байлау» сол бір кеңестік кезеңде басталғанын айтып жүретін. Ал осының (дәстүр демей-ақ қоялық) кесірінен табиғат көркі — ағаштар мен қоршаған ортаға келер зиян айтпаса да түсінікті. Соңғы жылдары «бөтелке байлайтындарға» тосқауыл қойылғандай еді. Алайда жас үйленгендердің тағы да орманға қарай ағылатын түрлері бар. Өйткені соңғы алты жыл көлемінде жастар үшін, табиғатты қорғау мақсатында құрылған «Махаббат ағашы» жақында металл қабылдау пунктіне өткізіліп кетті. Мұндай қадамға жоба авторының өзі барды.

{jcomments on}Естеріңізде болса, Семейде «Махаббат ағашы» 2009 жылы тұрғызылды. Темір металдан жасалған ағаш бұтақтарына жас жұбайлардың есімдері жазылған құлыптар бекітілетін. Құлып бекіту беріктік пен тұрақтылықтың белгісі саналды. Бұл “ағашқа” өз құлыптарын тек жаңадан отау құрған жандар ғана емес, бір-біріне ғашық жандар мен жақсы достар да бекіте алған еді.

Негізгі идеяның авторы семейлік кәсіпкер Серік Уәлиханов деген азамат еді. Ол темір ағаш арқылы тірі ағаштарды жас үйленгендерден құтқару мақсатын көздеп, «Махаббат ағашын» құруды қолға алады.

 

Шаһарымызда отбасын құрған жас жұбайлар достарымен қарағайлы орманға барып, ішілген шампанның бос бөтелкесін ағаштың ең биік жеріне байлайтынын бәрі біледі. Бұл тіпті орындалуы керек ереже іспетті. Ал тереңнен ойлап қарасаңыз, отбасымен қарағайлы орманға демалуға шыққандар қарағай толған бос бөтелкелердің куәсі болады.  Оның үстіне орманды ластап, сынған бөтелкелерге толтырып жатқаны тағы бар.

 

Серік Уәлиханов дәл сол жастар баратын жерден екі жүк көлігімен бос бөтелкелер сынықтарын шығарған. Ол осы экологиялық шарадан кейін семейліктерге «Махаббат ағашын» салтанатты түрде ашып берді. Ал жаңа темір ағаш кәсіпкердің кеңсесінің алдында болды. Жас жұбайлар бастаманы бірден қолдап, «Махаббат ағашы» жас жұбайлардың мәңгі махаббаттарының символына айналды. Қаланың көрікті жерлерінің бірі болды. Дегенмен бұл “ағаш” жақында металл қабылдайтын орындардың біріне өткізілгенін айттық. Игі бастаманың неліктен осындай жағдайға барғанын жоба авторы Серік Уәлихановтың өзінен сұрап білдік.

— Осы уақыт аралығында жұмысымыздың бағытын өзгерттік. Балалар айналысатын би мектебін ашқан болатынбыз. Ал «Махаббат ағашы»  терезе түбінде орналасқандықтан, ол жерде күнде айғау-шу, ішімдік ішкендер жүреді. Сосын мен жас жұбайлардың сүйікті орнына айналған «Махаббат ағашын» қалалық әкімдікке, одан кейін неке сарайына шығып, өз қарауларына алуды өтіндім. Барлығы да бас тартты. Екіншіден, жақында болған қатты желде ағаштың бір бөлігі мен құлыптар ұшып кетіп, адамдарды жарақаттай жаздаған. Шағым айтып келгендер де болды. Міне, «Махаббат ағашын» алудағы негізгі себептер — осы, — дейді кәсіпкер.

Әрине, бұл іске сын айтып жатқандар да жетерлік. Кейбірі кәсіпкерге «ағашты металл қабылдайтын жерге өткізіп, пайда таптың» деп те кінә артқан екен. Дегенмен одан алынған қаражат құрылғыны жасаған жұмысшыларға берілген. Осылайша, Семейде қарағай басына ағаш ілу дөрекі дәстүрі қайта жанданды десек болады. Қазір тек қарағайлы орман ғана емес, семейліктердің сүйікті демалыс орындарының бірі Түйемойнақ аралы да зиян шегіп отыр.

Айта кетуіміз керек, бұл тұста Серік Уәлиханов семейліктерге «Жастар аллеясын» ашуды ұсынған. Жаңа үйленген жас жұбайлар жастар бағында бір-бір ағаш көшеттерін  отырғызса, уақыт өте келе махаббат орманына айналар еді. Дұрыс-ақ! Дегенмен, ырымшыл халықпыз ғой. Осы жерде сезімдерін құлыптаған жас жұбайлардың шаңырақтары биік болсын деп тілегеннен басқа амал жоқ.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 час назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС