Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ГҮЛДЕНГЕН АУЫЛ – МЕМЛЕКЕТ МЕРЕЙІ

04.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Тарбағатай ауданы соңғы жылдары жақсы қарқынмен дамып келеді. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің бірі ауылдық жерлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру болса, айтулы тапсырмалардың орындалуы ауданда біршама жолға қойылған. Ауан әкімі Ділдабек Оразбаев өзі қызметке кіріскен екі жылдан астам уақыттан бері ауданды, алыстағы ауылдарды дамыту мәселесін күн тәртібіне қойып, нақты шараларды жүзеге асырып келеді. Ақсуат, Ақжар, Тұғыл ауылдарының көркейтіліп, көгалдандырылуы, жалпы, ауылдықтардың ахуалы біршама жақсарды.

{jcomments on}Ауылдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мемлекеттік мәні бар іс деп білетін аудан басшысы Ділдабек Тәжібайұлы орталықтан алыстағы сол ауылдардың қайсысында қандай проблема бар екенін әбден зерттеп, қарапайым ауыл азаматтарын толғандырып жүрген мәселелердің біртіндеп шешім табуына күш-жігер жұмсап отыр.

Ауылдардағы қарапайым жұртшылыққа ең алдымен не керек? Әрине, әлеуметтік жағдай керек. Сондықтан ең алдымен ауылдарға апаратын жолдардың дұрыс болуы, ондағы мектептің, дәрігерлік қызмет мекемесінің, мәдениет ошағының, балабақшаның, таза су мәселесінің жағдайлары жан-жақты ойластырылуда.

— Ауылдардың келешегіне деген алаңдаушылық көзқарас белең алғаны жасырын емес. Азаматтардың біртіндеп қалаға көшуі де сондықтан. Міне, осы құбылыстың алдын алу үшін ауылдарға көңіл бөлуіміз керек. Ауылды жерде де ірі қалалардағы сияқты өркениетті тұрмыс, мәдениетті тірлік қалыптастыруға болатынына жұртты сендіруіміз қажет. Ауылдарды дамытудағы басты мақсатымыз – азаматтардың туған жерін тастап көшіп кетуін тоқтату, туған жерін түлетіп, табысты еңбек етуге болатынына жұрттың көзін жеткізу, сенімін нығайту,- дейді Ділдабек Тәжібайұлы.

 

Тарбағатай ауданында үлкенді-кішілі 60 ауыл бар екен. Солардың бірде-бірі назардан тыс қал-ған емес. Бұрын қарапайым халық ондаған жылдар бойы аудан басшыларына, депутаттарға аманат етіп тапсырып, айта-айта жалығып, көңілдері қалып, жол салдыра алмаған ауылдар жеткілікті. Қайнаған өмірдің күре тамыры болып табылатын жол мәселесі шешілмей, арқасына аяздай батқан азаматтардың бүгінде сол өзі тұратын ауылдың келешегіне деген көзқарасы өзгерді. Жолдары жөнделіп, тас төселіп, жаңадан салынған ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.

 

Ауылдарға жол салу биыл да жалғастырылып келеді. Ағымдағы жылы Қожакелді, Қызыл жұлдыз ауылдарына тас жол төселді. Ахметбұлақ, Көктүбек, Үштөбе, Қазақстан ауылдарына жол салу ісі қолға алынып отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасына орай, аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау шығындарына аудандық бюджеттен 23 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Ақсуат, Ақжар ауылдарындағы көше жолдарына асфальт төселуде.

Былтыр оншақты ауылдағы клуб үйлері күрделі жөндеуден өткізіліп, музыкалық аспаптармен жабдықталып, қосымша штаттар бе-рілсе, биыл Жаңаталап ауылындағы клуб үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,0 млн. теңге бөлінді, ал Үштөбе ауылындағы кітапхана ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2 млн. 756 мың теңге және Қамысты ауылындағы фельдшерлік амбулатория ғимаратын жөндеуге 3 млн. 941 мың теңге қаржы қаралып отырған көрінеді.

Былтырғы жылы басталған Ақжар ауылының су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыруға республикалық бюджеттен 327 млн. 365 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар 7 ауылдың (Ақсуат, Қызылкесік, Жетіарал, Үштөбе, Тұғыл, Жаңалық, Қарғыба) су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

Бір ғана Ойшілік ауылының 250 үйіне қаладағыдай  таза су кіргізілген. Аудандағы ірі елдімекендерде  ғана емес, алыстағы ауылдарда да балабақшалар  жұмыс істейді. Соңғы жылдары ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы негізінде оннан астам балабақша ашылды. Демек, ауылдағы жас баласы бар отбасылары да балаларына алаңдамай,  тиісті кәсіптерімен еркін шұғылдана алады. Ауылдарды дамытуға бағытталған осындай мақсатты жаңа бастамалар сол ауылдарды мекендеген азаматтардың көңілін көтеріп қана қоймай, жұртшылықтың еңбекке деген құлшынысын да арттыра түсуде. Олай дейтініміз — «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық»  сияқты мемлекеттік бағдарламалардың мәнін түсініп, оны жүзеге асыруға білек сыбана араласқан азаматтардың көбі — қыр қазақтары. Міне, Тарбағатай ауданындағы осындай тың тірліктер жақсылықтың нышаны екені анық.

Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 час назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС