Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАРҒА ЖОЛ АШЫЛУДА

04.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Биылғы жыл Үржар ауданы үшін жаңа жобалар жылы болмақ. Елбасының «100 нақты қадам» атты Ұлт Жоспары аясында ел игілігін еселейтін ауқымды шаралар меже етілуде. Бұл ретте өңір басшысы Серік Зайнулдиннің бастамасымен тек ауданның ғана емес, тұтас аймақтың әлеуетін арттыратын жаңашыл жоспарлар қолға алынып жатыр. Қазіргі күні олардың бірқатарының экономикалық тиім- діліктері жан-жақты сарапталып, тиісті құжаттамалары реттелуде.

{jcomments on}Үржар — ауыл шаруашылығы саласы үшін мейлінше қолайлы өңір. Ауданның ішкі әлеуетінің молдығын, жаңа мүмкіндіктердің бар екендігін ескерсек, үржарлық шаруалар үшін кез келген жобаның оң нәтиже берері анық. Міне, осы мәселелерді ескере келе, аудан әкімдігі тың жұмыстарды қолға алып, алдағы күнге бірқатар меже белгіледі. Бірінші кезекте, сүт тауарлы фермалар құру және сүт өнімдерін өндіру ісі облыс әкімі Даниал Ахметов жүктеген міндеттемелер аясында біртіндеп шешімін тауып келеді. Ендігі мәселе аудан бойынша ет өнімдерін өңдеу мен өндіру ісіне қарқын алдыру болып отыр. Қазіргі күні оған қажетті алғышарттар легі толық бар. Атап айтсақ, аудан әкімі Серік Зинабекұлының бастамасымен мал тұқымын асылдандыру ісі кеңінен жолға қойылып, өңірде ірі шаруа қожалықтары етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қаралар өсіру ісінде тың табысқа жетті. Мәселен, ірі қара саны өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 109,8 пайызға артса, үй құстары 101,0 пайызға еселеніпті. Бұл — субсидиялау ісіндегі оңтайлылық пен жергілікті биліктің кәсіпкерлік салаға оң назар аударуы нәтижесінде орын алып отырған көрсеткіш.

Ал мал басын еселеу, түптеп келгенде, оның өнімдерін өңдеу мен тұтынушыға тиімді жеткізудің қажеттілігін тудыратыны белгілі. Бұл ретте таяу аралықта Үржар ауданынан кешенді құс фабрикасын салу көзделуде. Осы тараптағы мәселелер жуырда облыс әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен кеңес барысында жан-жақты талқыланып, ортақ шешім қабылданған болатын. Қазіргі күні жаңа жобаны іске асыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, бройлер өсіретін кәсіпорын құрылысы мәселелері бойынша кең көлемді іс-шаралар жүргізуде.

 

Жаңа жоба туралы айта кетсек, толық циклды, жылына 30 мың тонна құс еті өнімдерін өндіре алатын қуатты фабрика өңірге инвестор тарту арқылы жүзеге аспақ. Бұл ауқымды шара құс еті импортын азайту туралы мемлекет міндеттемесін орындаудағы маңызды қадам болып табылмақ. Ал бұл мақсатта Үржар ауданы бекерге таңдалып алынбаған. Халық саны көп, әрі аталмыш шаруашылыққа қажетті жем әзірлеуде суармалы егістік көлемі ауқымды өңір логистика саласы бойынша да тиімді болып тұр. Облысымыздың және Алматы облысының іргелес ірі қалаларына жақын орналасқандықтан да, тұтынушы талабын қанағаттандырып, ішкі нарықты реттеуге зор мүмкіндік береді. Оның үстіне Қытай мен Ресейден тасымалданатын әрі шығыны мол, сапасы сын көтермейтін өнімдерге жол бермейді.

 

Қазіргі таңда аудандық әкімдік облыстағы құзырлы орындармен бірлесіп, жобаны жүзеге асыруды жылдамдату мақсатында қажетті құжаттар рәсімдеп, инвесторлар тарту бойынша іске кірісіп кетті. Тоқтала кетерлігі, осы орайда құс фабрикасына қажетті азықтық жем базасын әзірлеу үшін аудандағы 25 мың гектар егістік жерін тиімді пайдалану мен «Қазагрофинанс» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы аталмыш жобаны қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар бүгінгі күні аудандық әкімдік бройлер құс фабрикасы салынатын 200 гектар жер телімін заңдастыру және инженерлік инфрақұрылым мәселелерін шешу бағытында ұсыныстар әзірлеуде. Облыстағы құзырлы орындар тарапынан бекітілер болса, үржарлықтар жаңа жобаны жүзеге асыруға даяр отыр. Қазіргі күні үржарлықтар өз елдімекендері жанынан жалпы құны 1 млрд. 250 млн. теңгені құрайтын көп атқарымды туристік кешен құрылысын бастап кеткенін ескерсек, бұл аудан қызу қарқынды құрылыс алаңына айналатыны анық. Мамандардың айтуынша, кешенде заманауи үлгідегі сауда орындары, мейрамхана, қонақ үй мен автосервис қызметтері орналастырылатын болады. Ал аудан басшысы Серік Зинабекұлының жаңашыл бастамаларының қатары, осылайша, өңір әлеуетін еселер тағы бір игілікті іспен толығатыны анық.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 час назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС