Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Ермак Сәлімов: ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЖЫЛУ ҚАБЫЛДАУ ДЕҢГЕЙІН ҚАДАҒАЛАУ ҚАЖЕТ

04.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қала әкімі Ермак Сәлімовтің басшылығымен 31 шілде күні кезекті әкімдік отырысы өтті. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары (ТҮКШ) бөлімінің басшысы А.Генрихтің баяндамасында көтерілген мәселелердің түпкі мәнісіне ден қойылды.

ТҮКШ басшысының мәліметіне қарағанда, қаладағы қазандықтар мен жылу орталығы кезекті дайындық жөндеулерінің негізгі бөліктерін орындаған. Жабдықтау жұмыстарына қажет деп танылған 185 млн. 400 мың теңге жергілікті бюджеттен бөлінген. Жылу кәсіпорындары өз қаражаттарына 160 млн. теңгенің жөндеу жұмыстарын қолға алған. Алайда электр қуатына жиналып қалған берешек салдарынан кейбір нысандар жарықтан ажыратылып, бірқатар қиындықтар туындап отырған көрінеді.

{jcomments on}Қала әкімі Ермак Бидахметұлы ТҮКШ басшысына жылу маусымына дайындық кезінде берілген жылуды қабылдауға дайындықсыз отырған ғимараттарды назарда ұстау керектігін тапсырды. Ағымдағы жұмыстар кестеге сәйкес аяқталатыны анық. Ал жеткізілген жылуды дұрыс пайдалануға тырыспайтын үйлермен осы бастан нақты жұмыс жүргізілмесе, ертең қайтадан ескі әңгімеге ұрынамыз. Бұл — жылда қайталанатын жағдай, сондықтан ондай үйлердің жалпы санын анықтап, тиісті шаралар қолданылуы керек.

Қала басшысы нақтылай сұрастырған кезде, А. Генрихтің айтуына қарағанда, 14 үйдің төртеуінің мәселесі жылу беруші тарапқа қа-тысты. Ал қалған 10 үйге жылу беруге қатысты ешқандай сұрақ жоқ, мәселе сол ғимараттардың ішкі жылу айналымында. Яғни тұрғын үй иелері ғимарат ішіндегі жылу желілерін тазартуға тырыспай отырғандықтан, берілген жылуды лайықты пайдалана алмайды. Оның салдары бар жылуды жоққа шығаруға әкеліп соғады. Сондықтан қала әкімі  Ермак Сәлімов жоғарыда аталған тұрғын үйлердің жылу қабылдау деңгейін қадағалауды ұйымдастыру қажет екендігін нақтылай тапсырды.

 

Ермак Бидахметұлы ерекше назар аудар-ған жағдайдың бірі осы «мәселесі бар» үйлермен мұқият жұмыс жүргізу болды.  Бірінші кезекте мәселесі бар үйлердің әрқайсысына мемлекеттік мекемелер мен құзырлы орын өкілдерін бекітіп, жалпы жағдайды тұрақты бақылауға алу. Сол арқылы тұрғындардың өз үйлерін жылу маусымына уақтылы дайындауы мен коммуналдық қызмет төлемдерін назарда ұстау мүмкіндігі артады. Ортақ іс-шараларды орындаудан бас тартқан тұрғындарды жауапкершілікке тарту мүмкіндігі туады. Сонымен бірге түсіндіру жұмыстары да нақ-тылана түседі. Түйткілдің түйінін тарқату үшін жылуды беруші мен алушының жауапкершіліктерін ажыратып, көпшілікке ашық айтқан абзал. Қазіргі таңда жылу өндіру мен жеткізу жұмыстарында ешқандай кедергі жоқ. Жылу өндіретін орталық қондырғылары мен қазандықтар терможаңғыртудың үшінші кезеңін аяқтап, 12 мегаваттық электр қуатын өндіретін бу турбиналарын орнатуға дейін қол жеткізіп отыр.  Яғни жылуды өндіру мен жеткізу қалыпты арнаға түсті. Мәселе жеткізілген жылуды қабылдап алудың деңгейі біркелкі болмай тұрғанында. Тұтынушылар түсінігі әрқилы болғандықтан, өздеріне қатысты жауапкершілікті бәрі бірдей сезіне бермейді.  Сол себептен де кейде бір ғимараттың ішіндегі пәтерлердің өзінде температура көрсеткіші әртүрлі болып жатады. Бірі тұрғын-жайларын қыс маусымының талабына сай даярласа, енді бірі оған салғырт қарайды. Солай екенін біле тұра: «Пәтеріміз салқын, жылу жоқ, тоңып отырмыз, тиісті орындар қайда қарап отыр?» — деп, кінәні өзгеден іздеуге тырысатындары белгілі. Сол себепті коммуналдық қызметті дұрыс пайдалану бағытындағы тұтынушылардың белсенділігі мен жауапкершілігін арттыру бағытында жергілікті атқарушы билікке әлі де бірқатар іс-шаралар атқаруға тура келетіндігі айтылды. Көп қабатты үйлердің жылу маусымына барлық талапқа сай дайындық жүргізуін үнемі бақылау тапсырылды.

 

Жиын барысында қала басшысы арнайы назар аударған тағы бір жағдай – әлеуметтік мекемелердің ахуалы болды. Бұл бағытта білім, денсаулық, әлеуметтік қамту бөлімдерінің басшыларына жеке-жеке сөз беріліп, мәліметтері тыңдалды. Мектептер мен аурухана, балабақша, мәдениет нысандарының жылу маусымына дайындықтары өз деңгейінде екендігі айтылды. Сұрақтар жаңадан салынған көп салалы аурухананың су құбыры мен электр желілеріне қатысты көтеріліп, оны шешу жолдары баяу жүріп жатқаны жеткізілді. Аталған шаруалар облыстық әкімдіктің де бақылауында тұрғандықтан, өз уақытында жүзеге асырылатыны анық. Мәдениет мекемелеріне қатысты қала басшысы Қайнар мәдениет үйін жылумен қамту және басқа да мәселелерін сөз етті. Осы орайда Ермак Бидахмет-ұлы бюджеттік мекемелер мен қызметкерлерді коммуналдық қызмет алдында ешқандай қарыз болмауға шақырды.

Жиында ТҮКШ бөлімімен бірге ауыл шаруа-шылығы бөлімінің де жұмысы тыңдалды. Қала аумағында ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен және өңдеумен шұғылданатын 60 — тан астам нысанның жұмыс істеп тұруы бұл бағытта көптеген шаруаның жолға қойылғандығын білдірмек.

Қала әкімінің баспасөз қызметі.

Связанные новости

В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

16.01.2026
В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

В войсковой части 54835, расположенной в Абайском гарнизоне, организованы плановые учебно-тренировочные полёты. Пилоты авиабазы в соответствии с планом боевой подготовки...

Читать далее ...

Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

16.01.2026
Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

📌 В рамках реализации поручений Главы государства по усилению бюджетной дисциплины Правительством проводится системная работа. 🔹 18 декабря 2025 года Премьер-министр Олжас...

Читать далее ...

Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

16.01.2026
Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

Приближается праздник Крещения, во время которого, по традиции, будут открыты проруби для всех желающих окунуться в ледяную воду. На брифинге...

Читать далее ...

Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

16.01.2026
Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

Тогызкумалак - игра древняя, но не теряющая актуальности по сей день. Игрок в тогызкумалак должен владеть навыком быстрого счета, игра...

Читать далее ...

В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

16.01.2026
В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

В Алматы состоялось открытие Национального научного центра инфекционных болезней (ННЦИБ) – ключевого объекта, созданного по поручению Главы государства для укрепления...

Читать далее ...

В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

16.01.2026
В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

В средней общеобразовательной школе №50 города Семей состоялась торжественная церемония награждения победителей и призёров областного финала интерактивной образовательной игры «Қаржы...

Читать далее ...

Новости

В Абайском гарнизоне прошли плановые учебно-тренировочные полёты

12 часов назад

Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин

12 часов назад

Праздник Крещения Господня в области Абай: спасатели напоминают о безопасности

13 часов назад

Тогызкумалак для всех: в Семее открылся клуб по обучению национальной игре

13 часов назад

В Казахстане открыт Национальный научный центр инфекционных болезней

13 часов назад

В области Абай были награждены победители интерактивной игры «Қаржы сақшылары»

19 часов назад

СПИКЕР СЕНАТА: ПАРЛАМЕНТСКАЯ РЕФОРМА ПРЕЗИДЕНТА СТАНЕТ ОБРАЗЦОМ ЦИФРОВОЙ ДЕМОКРАТИИ

1 день назад

СПИКЕР СЕНАТА: ОБЪЕДИНЕННЫЙ ПАРЛАМЕНТ — ОПОРА СПРАВЕДЛИВОГО КАЗАХСТАНА

1 день назад

СПИКЕР СЕНАТА: НОВОЕ КАЧЕСТВО ПАРЛАМЕНТА – КЛЮЧЕВОЙ ЭТАП РЕФОРМ ПРЕЗИДЕНТА

1 день назад

Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институтов

1 день назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС