Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ШОЙЫН ЖОЛДЫҢ ШОҚТЫҒЫ БИІК

04.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Күнтізбе бойынша тамыздың алғашқы жексенбісі – еліміздегі те—міржолшылардың кәсіби мерекесі. Ал Семей қаласы — аталмыш сала ежелден қалыптасып, заманында шойынжолшылар шаһары атанған мекен. Сондықтан да болар, биылғы жылғы мейрам ерекше аталып өтті. Оның бір себебі – ағымдағы жылы Семей темір жолының салынғанына тура жүз жыл толып отыр.

{jcomments on}Иә, осыдан аттай бір ғасыр бұрын Барнауыл бағытынан жеткен паровоз өңіріміз бойынша тұңғыш рет жүк тиелген вагондарды сүйреп әкелген еді. Яғни жүз жыл бұрын алғашқы темір жол вокзалы салынып, теміржолшылардың жол жөндеушілер цехы ашылды. Бұл тарихи сәт қаламыздың кейінгі өміріне айтарлықтай зор ықпал еткен-ді.

Атаулы күнді семейлік сала қызметкерлері зор қуанышпен қарсы алды. Мереке құрметіне арналған шымылдық түрер шара ең алдымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей жол бөлімшесі филиалы алдында өтті. Мұнда теміржолшылармен қатар, сала ардагерлері, алыс-жақыннан келген қонақтар, БАҚ өкілдері жиналған болатын.

Көпшілік алдында ең алдымен Семей жол бөлімшесі жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрметті теміржолшы Қырықбай Әлсейітов сөз алып, барша қауымды мерейлі күнмен құттықтады. Сондай-ақ бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев сөз сөйлеп, жиналған жұртшылық алдында жылы лебіз білдірді.

Осыдан соң бөлімшенің бас ғимараты алдында салынған естелік постаменттің салтанатты түрдегі ашылу рәсімі өтті. Лента қию құрметіне теміржолшы ардагерлер шақырылды. Ғасыр тойы құрметіне орай Семей жеріне ең алғаш табан тіреген паровоз макетінен көрнекті ескерткіш әзірленіпті.

— Бұл — күні кешегі ерлікке толы еңбек жолы бар теміржолшы ата-апаларымызға деген құрметтің айқын белгісі болмақ. Әрі бүгінгі күннен келешекке де жарқын естелік, — деді пікір білдірген бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы.

 

Осыдан соң жиналған қауым арнайы әзірленген көліктерге отырып, Абай театрына келді. Мұнда жүз жылдыққа арналған салтанатты мерекелік жиын ұйымдастырылған болатын.

 

Жүргізушілердің аз-кем мағлұматынан соң сахна төріне «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей жол бөлімшесі филиалы директоры Марлен Көкірекбаев пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей магистралдық желі бөлімшесінің басшысы Талғат Еспанов шақырылды. Әуелгі болып сөз алған Марлен Кәрімұлы Семей темір жолының бүгінгі жетістікке толы еңбек жолы жайлы мағлұмат беріп өтті. Атап айтсақ, өткен жылы семейлік мамандар республика бойынша үздік нәтижеге қол жеткізіп, өзге жол бөлімшелері арасынан салалық көрсеткіш бойынша екінші орын алған болатын. Осы жайлы және де өңіріміз бойынша жүк тасымалы көлемінің артуы мен жолдағы қауіпсіздік шараларының күшейтілгені жайлы айта келе, Марлен Кәрімұлы:

-Биылғы жылды да табысты аяқтауды көздеудеміз. Шілденің 31-і күнгі нәтиже бойынша, барлық көрсеткішті жүз пайызға орындадық. Бұл, сөз жоқ, семейлік теміржолшылардың табанды еңбегінің нәтижесінде келген жетістік екені ақиқат, — деп атап өтті.

Осыдан кейін сахна төріне Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов көтеріліп, барша теміржолшылар мен ардагерлерді атаулы күнмен жергілікті атқарушы билік атынан, барша семейліктер атынан құттықтады.

— Құрметті жерлестер, қала қонақтары! Семей темір жолының ғасыр тойы құтты болсын! Бұл темір жол халқымыздың игілі-гіне, күнделікті өміріміздің айнымас бөлшегіне айналды. Осы сала арқылы ел экономикасы нығайды. Қаншама жерлестеріміз жұмыс орнын тауып, өмірін темір жолмен байланыстырды. Бүгінгі күні темір жол Қазақстанды жарқын болашаққа апаратын Нұрлы Жолға айналды.

Қадірлі ағайын! Теміржолшылардың мерейтойы құтты болсын! Бірлігіміз жарасып, қаламыз көркейе берсін. Баршаңызға мықты денсаулық, амандық тілеймін, — деді Ермак Бидахметұлы.  Қала әкімі сонымен қатар аймағымыздың әлеуеттілігін арттыруда темір жол саласының да маңыздылығына тоқтала келе, сала ардагерлеріне сіңірген зор еңбектері үшін алғыс айтты. Алдағы күні де Елбасы тапсырмасы аясындағы “Нұрлы Жол” Жаңа Экономикалық  Саясат негізіндегі басымдықты міндеттерді іске асыруда табысқа жете беретіндікте-ріне, дәл осылай ел экономикасын өркендетуге қомақты үлес қоса беретініне сенім білдірді.

Осыдан соң марапаттау сәтіне кезек берілді. Еңбекте табысқа жеткен теміржолшылар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Мұндай мерейге бөленгендер қатарында Семей станциясының жүк қабылдаушылары мен Семей жол дистанциясының жол шеберлері және Семей локомотив пайдалану депосының машинистері болды. Мұнымен қатар олар  Семей жол бөлімшесі басшылығының ал-ғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мерекеге орай, алыс-жақыннан құрметті қонақтар да тарту — таралғымен келіпті. Мәселен, Курчатов қаласының әкімі Нұрбол Жолдаспекұлының құттықтауын жеткізген орынбасары Сәулет Кенжебеков теміржолшыларға құны 9 млн. теңгенің грантын сыйға тартты. Яғни осынша қаражатқа Курчатов қаласының әкімдігі дегелеңдік теміржолшылардың балаларына арнап көп функциялы корд салып бермек.

Сондай-ақ Павлодар жол бөлімшесі мен Защита жол бөлімшесі және Досжан темір жолынан да арнайы қонақтар кәдесыйларымен келіпті. Әріптестерін құттықтаған сала қызметкерлері зор табыс тіледі.

Салтанатты шараның соңы Абай театрының өнерпаздары әзірлеген мерекелік концертке ұласып, Қайрат Түнтеков сынды эстрада жұлдыздарының ән шашуына кезек берілді.

Театр ғимаратындағы әсерлі өткен шарадан кейін, қонақтар «Түрксіб-Семей» мұражайын тамашалап, ондағы қойылған  Семей темір жолының өткен күндерінен мол мағлұмат беретін жәдігерлермен танысып, тарихи деректерге қанықты. Мұражай директоры, ардагер теміржолшы, қоғам белсендісі Мақсұт Кошжанов 100 жылдық мерекеге орай экспонаттар қатары толықтырылып, тың мәліметтер қамтылғанын айтады.

Әйтсе де мерекенің көрігі түс әлетінде Локомотив стадионында жалғасты. Мұндағы ат шаптырым алаңда темір жол мекемелері әкеліп тіккен ақ шаңқан киіз үйлер қалашығы бой көтерген болатын. Думанды шараны дала сахнасынан өнер көрсеткен өнерпаз теміржолшы жастар мен теміржолшылардың балалары жанды дауыста ән шырқап әрлей түсті. Концерттік бағдарлама көпшіліктің биімен де көрініс тапты.

Ал бұл мезеттерде киіз үйлер келуші жұртшылыққа дастарқан жайып, дәм тат-қызып жатты. Мәре-сәре қала жұртшылығы теміржолшылармен бірге спорттық ойындар ойнап, мереке сәнін кіргізе түсті.

Ал осыдан соң Семей жол бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаев пен темір жол салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Семей өңірі бойынша өкілі Алик Досанов құттықтау сөз алып, еңбекте озат атанып, ұзақ күттірген осынау мерекелік шараны ұйымдастыруда ерекше белсенділік танытқан теміржолшыларды марапаттап өтті. Атап айтсақ, олардың қатарында Семей жол бөлімшесі ардагерлер кеңесінің мүшесі Нағима Мойынбаева бастаған өзге де мекемелер басшылары болды.

Думанды жиын кешке дейін жалғасып, тек теміржолшылар ғана емес, қалалықтар үшін де ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 час назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС