Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАБАЙЫ САУДАҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУЫ ҚАЖЕТ

11.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Тазалық, тәртіп, реттілік қашанда маңыздылығын жойған емес. Әсіресе күн санап көркейіп, құрылыс пен сауда ісі қарқын алған Семей қаласы үшін тіптен ерекше. Бұл ретте атқарушы билік пен жергілікті тұрғындарға артылар жауапкершілік ортақ. Туған қаламыздың көрікті һәм көшелерінің келісті болмағы ең бірінші кезекте өзімізге байланысты. Осы ретте Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов күннің жексенбісіне қарамастан, әкімдіктің бірқатар бөлімдері басшыларымен және тәртіп сақшыларымен бірлесіп шаһардағы ірі базарларды аралады. Мақсат  соңғы кездері етек алып бара жатқан жабайы сауда мен базарлардағы тәртіп және санитарлық тазалық мәселелерін қадағалау болатын.

 

{jcomments on}Шаһар басшысы бастаған әкімдік өкілдері ең алдымен халық нөпірі қалың орталық базарға келді. Мұнда бұдан бұрындары да бірқатар проблемалар анықталған болатын. Атап айтсақ, базар ішін көктей өтетін Чехов көшесінің бойы жайма базарға айналып, тым тарылып кеткен. Жаяулы, арбалы жүргіншілер мен ауыр жүк машиналары мұндағы ахуалды тіптен күрделендіруде. Оның үстіне көкөніс пен жеміс-жидек саудасы да рұқсат етілмеген жерлерге дейін шығып кетіпті.

 

Бұл жерде жол полициясы қызметкерлері жиі тексеру жүргізіп, аумақтағы қозғалысты қиындатқан көлік иелеріне айыппұл да салуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 7 айының ішінде 108 хаттама толтырылыпты. Барлығы да рұқсат етілмеген жерге тоқтаған көлік иелері. Алайда одан жағдай өзгерер емес. КамАЗ көліктері мұнда түн мезгілінде кіріп, күндіз жүк түсіріп, сауданы қыздыруда. Таяу маңда тұрған ескертпе белгіні де елейтіндер аз. Ал автокөлік тұрағындағы орындар көкөніс тиеген ауыр жүк көліктеріне толы.

Осы жайттың барлығын көңілге түйген Ермак Бидахметұлы тіпті кейбір саудагерлермен тілдесіп, сөзге де тартты. Әрине, күнкөріс қамымен сауда жасаудың сөкеттігі болмағанмен, белгіленген тәртіп пен заң аясынан ешкімнің де аспауы тиіс. Ал базар маңындағы Чехов, Аймауытов көшелеріндегі жабайы сауда, жиі рейд жүргізіліп, қадағалау   шарасы жүргізілгенімен, толас-тар түрі жоқ.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай заңсыздықтарды бірнеше мәрте қайталағандарды қамауға алуға да болады. Әйтсе де  мұнда сауда жасайтындардың наразылығына қалмас үшін көп жағдайда ескерту жасаумен ғана шектеледі екен.

Қала әкімі сонымен қатар базар маңындағы қоқыс мәселесін де назарға алды. Әсіресе  іргелес орын тепкен қоймалар маңындағы тазалық сын көтермейді екен. Бұл жайында Ермак Бидахметұлы қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Бағлан Шегедековке және қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Юсуповқа бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұл ретте базар мен сауда орындары басшыларымен жұмысты күшейту қажет.

Ермак Бидахметұлы жабайы сауданың алдын алудың тағы бір тиімді жолы саудамен айналысушыларға қолайлы жағдай жасау екендігін айта келіп, бұл тарапта қалалық кәсіпкерлік бөліміне осы бағыттағы жұмысты ширату қажеттігін жеткізді.

Осы ретте Семейдің сол жағалауындағы Жаңа құрылыс (Новостройка) ықшам ауданындағы «Жаңа базар» әкімшілігі қала әкімі Ермак Сәлімовтің ескертуіне құлақ асып, жабайы сауда жасаушыларға жағдай жасауға уәде берген көрінеді. Әрине, мұндай жақсы жаңалықтың жол жағалаған саудагерлер үшін көмегі көп. Болашағы бар бастаманың жолда қалмасына үміттіміз.

Р.S Мақала баспаға дайындалып жатқан кезде «Жаңа базар» басшысы Нұржан Күлшігішевпен хабарласқан едік:

— Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаланың бас сәулетшісімен бірлесе отырып, жабайы сауда жасаушыларға жағдай жасау мақсатында базар маңындағы бос орынға сауда нүктелерін ашу жобасы дайындап, әкімнің қарауына ұсындық. Бұл орындардың тек жазда ғана емес, қыс мезгілінде де сауда жасауға қолайлы болуын ойластырып отырмыз, — деген жауап алдық. 

«СТ — ақпарат»

Связанные новости

НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

18.04.2026
НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

Проекты, реализуемые в рамках предвыборной программы партии «AMANAT», последовательно решают актуальные проблемы регионов и придают новый импульс развитию сельской жизни....

Читать далее ...

В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

18.04.2026
В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

ЕНТ в Казахстане претерпит ряд изменений. Об этом рассказала Заместитель Премьер-министра - Министр культуры и информации Республики Казахстан Аида Балаева....

Читать далее ...

В области Абай начались весенние полевые работы

18.04.2026
В области Абай начались весенние полевые работы

В регионе стартовали весенние полевые работы 2026 года, ведутся плановые мероприятия, направленные на развитие сельского хозяйства. Для качественного проведения посевной...

Читать далее ...

В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

18.04.2026
В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

С 18 апреля 2026 года за Комитетом законодательно закрепляется новая функция – прогнозно-аналитическая деятельность, включая выработку рекомендаций для государственных органов....

Читать далее ...

В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

18.04.2026
В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

17 апреля под председательством Генерального Прокурора Республики Казахстан Берика Асылова состоялось заседание Координационного совета по обеспечению законности, правопорядка и борьбе...

Читать далее ...

Закон и будущее: в Семее прошла встреча с молодежью

17.04.2026
Закон и будущее: в Семее прошла встреча с молодежью

В Семее на базе Shakarim University состоялась встреча на тему «NEXT STEP: закон и будущее», направленная на продвижение Народной Конституции....

Читать далее ...

Новости

НОВЫЙ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ СПОРТА В БОРОДУЛИХЕ БЛАГОДАРЯ ПРОЕКТУ «AMANAT»

2 дня назад

Глава государства принял участие в панельной сессии Анталийского дипломатического форума

2 дня назад

В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования 

2 дня назад

В области Абай начались весенние полевые работы

2 дня назад

В структуре Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК создан Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности.

2 дня назад

В Генеральной прокуратуре состоялось заседание Координационного совета Республики Казахстан

2 дня назад

Закон и будущее: в Семее прошла встреча с молодежью

3 дня назад

«Абайға құрмет»: в Семее заложили фундамент нового спортивного комплекса

3 дня назад

Представители фонда «Самрук-Казына» приняли участие в акции по посадке деревьев в Семее

3 дня назад

В Семее началось строительство ТЭЦ-3

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС