Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

11.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Тамыз айының екінші жексенбісі – құрылысшылардың кәсіби мерекесі. Жұртшылық арасында өзіндік орны бар мереке еліміз бойынша жыл сайын  дәстүрлі түрде атап өтіледі. Биыл да аталмыш мереке ескерусіз қалмады. 7 тамыз күні Семей қаласындағы бірқатар сәулетті ғимараттарға қолтаңбаларын қалдырып, шаһардың көркеюіне үлес қосқан ардагер құрылысшылар бас қосты. Қала әкімі Ермак Сәлімов ардагер құрылысшыларға құрмет көрсетіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 

{jcomments on}Соңғы жылдары Семейде құрылыс саласы ерекше қарқын алып келеді. Шаһардағы бой көтеріп жатқан әлеуметтік маңызы бар нысандар мен салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлер қала болашағының баянды екенін көрсетіп тұрғандай.

 

Айта кету керек, 1971 жылдан бері жаңартылмаған Семей қаласының Бас жоспары, араға 40 жыл салып, 2011 жылы бекіген болатын. Қаланың алдағы 25 жылға арналған көркемдік әрі келбетті сәулеті айқындалған Бас жоспар негізінде енді ретсіз құрылыс жүргізілмек емес. Қазіргі уақытта қалада қандай да бір құрылыс жұмыстарын бастау үшін, Бас жоспарға сәйкес, арнайы рұқсат алу керек. Бұл да шаһардағы ретсіз құрылыстардың жүргізілуіне тосқауыл болатыны даусыз.

Жыл өткен сайын көркейіп, ажарланып келе жатқан Семейде бүгінде сәулетті ғимараттар мен көп қабатты тұрғын үйлер көптеп салынуда. Мысалы, тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Семейдегі Энергетик кентінде Синицын көшесінде,               Ж.Аймауытов көшесінде пайдалануға берілген жаңа үйлер баспананың тауқыметін тартып жүрген отбасыларды қуанышқа бөлесе, қаланың орталық бөлігінен орын тепкен «Халық банкі» АҚ-ның Семей филиалының жаңа ғимараты шаһарға ерекше көрік беріп тұр.

Ал өткен жылы пайдалануға берілген Докучаев көшесіндегі жатақханаға «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы негізінде балалар үйінің түлектері мен жас отбасылар қоныстанған болатын. Сол сияқты Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Шугаев көшесі, 159 мекенжайында да көп қабатты тұрғын үй жақында пайдалануға  беріліп, қалалықтардың қуанышын еселей түскен еді. Бұл орайда іскер азаматтардың жекеменшік-әріптестік негізінде салып жатқан тұрғын үйлері – өз алдына бір төбе. Сондай-ақ облыс әкімі Даниал Ахметовтің нұсқауымен жаңадан ашылған Қарағайлы ықшам ауданында да бүгінгі таңда құрылыс көрігі қызып тұрғанын айта кеткен жөн. Тұрғын үйлердің, Назарбаев Зияткерлік мектебінің заманауи үлгідегі жаңа ғимаратының құрылысы да осы Қарағайлыда. Семей мемлекеттік медицина университетінің жатақханалары да осы жерде бой көтереді.

Дастарқан басында бас қосып, тағылымды әңгіме өрбіткен ардагер құрылысшылар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қаланы көркейту жайындағы ойларын ортаға салды. Бүгінгі күнгі аталмыш сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да көңілдері толатындықтарын жеткізді.

Қала әкімі Ермак Сәлімов ардагер құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ел игілігі жолында еңбегі сіңген, қаланың көркеюіне зор үлес қосып, бүгінде жастарға келелі кеңес беріп жүрген қазыналы қарттардың дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі.

Өз кезегінде ардагерлер атынан сөз алған Құрылыс саласының ардагерлері кеңесінің төрағасы, ҚР-ның еңбек сіңірген құрылысшысы Тлеубек Матаев әріптестерін, замандастарын, барлық құрылыс саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, қала әкімі Ермак    Бидахметұлына және кездесуді ұйымдастырған Семей қаласы құрылыс бөлімінің ұжымына алғысын білдірді.

Өз тілшіміз.

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС