Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

14.08.2015
FacebookWhatsappTelegram

Өткен сейсенбі күні қалалық әкімдікте Семей қаласы әкімінің жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Қала әкімі Ермак Сәлімов қатысқан жиынға қала басшысының орынбасарлары, Семей қалалық мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов, кеңес төрайымы Жанна Жибраева және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Сонымен қатар кеңестің кезекті отырысына қоғамдық бірлестік жетекшілері, ардагерлер мен БАҚ өкілдері де жиналды.

 

{jcomments on}Ең алдымен «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тосқауылсыз орта туралы» тақырыптағы Семей қаласындағы кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Юсуповтың баяндамасы тыңдалды. Бауыржан Нұрлыбекұлының айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлініп келеді. Ең бастысы, Елбасы тапсырмасымен мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз аймақ қалыптасып, кәсіпкерлер оларды жұмысқа орналастыруға көмектесуде. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірімізде де жіті назарға алынып, әсіресе олардың әлеуметтік нысандарға кедергісіз жүріп — тұруына барынша жағдай жасалуда. Бұл туралы түсіндіру жұмыстары да қолға алынған. Осы мақсатта қалада пандустар мен арнайы сары белгілер орнатылуда. Дегенмен қоғамдық кеңес мүшелері бұл тараптағы жұмыстарды алдағы уақытта ширата түсу қажет екенін айтады. Шыны керек, қалада мүмкіндігі шектеулі жандар жиі баратын мекемелер мен өзге де нысандарда жүріп — тұруы қиын азаматтарға арналған пандустар  тым аз. Барларының өзі талапқа сай емес. Кейбірі биік болса, қайсыбірі тар әрі тайғақ. «Жанұя орталығының» директоры Людмила Асташкина атап өткендей, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде. Дегенмен қаладағы кейбір мекемелерге қатынау қиынға соғып отыр.

 

— Кез келген нысанға кедергісіз қатынауға жағдай жасауымыз керек. Бүгінгі күні ата-аналар, бұрынғыдай, мүгедек балаларын сыртқа алып шығудан қысылмайды. Бұл — өте жақсы құбылыс. Енді біздің міндетіміз — олардың кез келген мекемеге қатынауына жағдай жасау. Өкінішке орай, қалада ондай жағдай жасалған мекемелер аз, — дейді Л.Асташкина.

Орынды пікірге Бауыржан Нұрлыбекұлы келісетінін, бұл бағытта алдағы уақыттарда жұмыстар жалғасын табатын жеткізді.

— Қалада бір жарым мыңдай дүкен бар. Дұрыс айтасыздар, оның көбінде арнайы шығатын пандустар орнатылмаған. Шағын бизнес өкілдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал жаңадан салынып жатқан нысандарға пандустар салу міндеттеледі. Бұл құрылыс басталмай тұрып, жобада қарастырылатын болады, — деді Б.Юсупов.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпаратынша, бүгінгі таңда Семей өңірі бойынша жүру қозғалысында кедергісі бар арбамен қоз-ғалатын алты жүзден астам адам бар екен. Оларға жергілікті бюджет есебінен тегін инвотакси қызмет көрсетіп, қажетті жерлеріне тасымалдайды. Дегенмен мүгедек жандар, кейбір нысандардағы пандустардың жоқтығынан, кіре алмай жатады екен. Жиналғандар алдында сөз алған кеңес төрайымы Ж. Жибраева аталмыш мәселенің қала тұрғындары үшін өте маңызды екенін, сондықтан да алдағы уақытта кәсіпкерлермен кездесулерде осының барлығы айтылуы керек екенін баса айтты. Ал қала әкімі Ермак Сәлімов бұрыннан қалыптасқан талапты орындау баршаға міндет екенін жеткізді.

— Менің ойымша, кәсіпкерлерді арнайы жинап, оларға түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Арнайы әзірленген талап бар, соны орындауымыз керек. Сондықтан да жауапты мекемелер пандустар қойылмаған кәсіпкерлермен нақты сөйлесіп, кезең-кезеңімен шешетін болсақ, дұрыс болады. Талап қоя алатын болсақ, беделін ойлаған кез келген кәсіпкер жұмыстар жүргізетініне сенімдімін. Сол себепті кәсіпкерлік бөлімі тізім жасап, сол бойынша нақтылы жұмыс жүргізуіміз керек, — деді Ермак Бидахметұлы.

Отырыста ортаға салынған тағы бір мәселе азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қабылданған шаралар туралы болды. Бұл жайында ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев қысқаша ақпарат беріп өтті. Оның сөзіне сүйенсек, жергілікті атқарушы билік тарапынан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді және қалада қосымша сауда орындары ашылуда. Апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, өнімдердің сапасына да жүйелі түрде қадағалау жүргізілуде.

Қоғамдық кеңестің отырысында Найманбаев, 152, Засядко, 58 мекенжайдағы тұрғындарды қыс мезгіліндегі ыстық сумен қамтамасыз етілуі мәселесі де сөз болды.  Бұл туралы Семей қалалық тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Александр Генрих түсінік берді.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

10.09.2026
Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

Налог на имущество уплачивают физические лица, имеющие объекты налогообложения, предусмотренные Налоговым кодексом. К ним относятся квартиры, жилые дома, дачные строения,...

Читать далее ...

Новости

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

5 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

5 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

5 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

6 дней назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

6 дней назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

7 дней назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС